Өртеніп кеткін кеудеде
Мұқағали Мақатаев
Сал - сал жырым, сал жырым,
Ағытыл, алтын сандығым.
Сен бар жерде баймын да,
Сен жоқ жерде жарлымын.
Сал - сал жырым, сал жырым.
Тыпыршушы едің кермеде,
Тындың да қалдың сен неге?
Тымырсып барын біткенше,
Өртеніп кеткін, өр неме!
Өртеніп кеткін кеудеде!
Қаршығам едің қағынды,
Қағынбай қалдың нағылды?
Тояттап тұрсаң ұша алмай,
Жабулы ңазан жабулы,
Бықсытпа менің жанымды.
He болды саған, жолдасым?
Қарайсың әзер, болмашы.
Қарусыз сенсіз қалдым мен,
Тұтқынға түскен қолбасы,
He болды бізге, жолдасым?!
Мұқағали Мақатевтың өлеңдері 1
Мұқағали Мақатевтың өлеңдері 2
М. Мақатаевтың азаматтық тұлғасын өзінің өлеңдері мен поэмалары арқылы сомдау
Нұрлан Оразалин поэзиясының тілі, стилі, поэтикасы
Адам табиғаты - саяси болмыс
Қазақ халқының өткені мен бүгінгі күннің шындығы?
Студенттердің өзіндің жұмысын ұйымдастыру
Педагогикалық озат тәжірибені зерттеу, жинақтау және тарату
Сәтсіз жағдайларда көрсетілетін алғашқы көмек
Эндогенді эмболия
Бөкеев Оралхан (1943-1993 жж.)
Қарым қатынастағы манипуляциялар
Кеудедегі жалт еткен үміт оты, көктегі жарқ еткен жасын сынды
Өртеніп сүй