Кітап - араб сөзі
Кітап – рухани қазына
Кітап — адамзаттың рухани мұрасы, ақыл-ой мен тәжірибенің алтын қоры. Ол балалық шақтан бастап өмірдің соңына дейін жан серік болып, ойды тәрбиелеп, дүниетанымды кеңейтеді.
Білімділік
«Кітап — білім бұлағы» деген ұстаным арқылы білімнің кітап арқылы берілетінін ұғындыру.
Дамытушылық
Кітаптың адам өміріндегі маңызын, ғылым мен білімнің пайдасын түсіндіру.
Тәрбиелік
Оқушылардың кітапқа қызығушылығын арттыру, оқулықты құрметтеуге және ұқыпты ұстауға баулу.
Көрнекілік
- Слайдтар
- Кітаптар
Тәрбие сағатының барысы
1) Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылармен сәлемдесу, мемлекеттік Гимнді орындату.
2) Негізгі бөлім
Халқымыз өнер мен білімді қадірлеген. Бүгінгі таңда адамзат алдында тұрған басты мақсат — білімді ұрпақ тәрбиелеу. Ата-бабаларымыз кітапты ерекше ақылшы ұстаз санаған, «Кітап — білім бұлағы, білім — өмір шырағы» деген қанатты сөз қалдырған.
Топтар
1-топ
Кітапсүйгіштер
2-топ
Кітапқұмарлар
1-кезең: Кітап – рухани қазына
Берекет
Ой-толғауКітап — адам өмірінің таусылмас қазынасы, дүниенің айнасы, ғылым-білімнің көзі, өнер мен тәрбие құралы. Ол — өмір күресіндегі ең мықты қару болатын ақылшы дос. Кітап адам баласының ақыл-ойынан туған рухани байлықты сақтап, оны ұрпақтан ұрпаққа жеткізетін құндылық.
Айгерім
Түсіндірме«Кітап» сөзі араб тілінен енген, қазақша мағынасы — «жазу», «жазба». Кітап — көп ақыл құйылған көл, ортақ мүлік, халық қазынасы, сарқылмас білім бұлағы. «Күш — білімде, білім — кітапта», «Кітап — ғажап дос» деген сөздер тегін айтылмаған: кітап — шебер ұстаз, тілсіз мұғалім.
Ақжол
ТарихАлғашқы кітаптар бүгінгі біз қолданып жүрген кітаптарға мүлде ұқсамаған. Ең алғаш кітап жұмсақ балшықтан жасалып, оған үшкір құралмен жазу жазылып, кептіріліп, кейін күйдірілген — кірпіш тас тәрізді болған. Бамбуктан жасалған таяқшаларға да жазған. Ежелгі Мысырда кітапты тасқа қашап түсірген. Кейін жануар терісінен пергамент дайындалып, мәтін соған жазылған. Еуропада кітап шығарудағы негізгі материал — қағаз — XIII ғасырда кең тарала бастады. Кітап тарихы мыңдаған жылдар мен ғасырларды артқа тастайды.
Дархан
Тәрбиелік ойКітап — адал пейіл, асыл дос. Барлық білімді кітаптан аламыз. Кітап бізді қайырымдылыққа, адалдыққа, әділдікке үйретеді. Білім қазынасы — адамзаттың ұлы игілігі; ол ұрпақтан ұрпаққа ауызша да, жазбаша да, көркем әдебиет арқылы да жетеді. Кітап — сан ғасырлық ақыл-ойдың жемісі, тарих пен тағылымның алтын сандығы.
Жансая
ДәйексөзКітап — алдыңғы ұрпақтың кейінгі ұрпаққа қалдырған рухани өсиеті. Ғабит Мүсірепов: «Кітап оқудан тыйылсақ, ой ойлаудан да тыйылар едік» деген. Кітапты таңдап оқи білу, түсіну, түйсіну және алған әсерді өмір қажетіне жарата білу — әрбір адамның білімін, пайымын, парасатын айқындайтын маңызды шарт.
Еркебұлан
Қорытынды ойАбай: «Артық ғылым кітапта, ерінбе оқып көруге» деген. Білімнің қайнар бұлағы — кітап. Кітап қана мәнді білім беріп, адамды терең ойлауға жетелейді. Кітап арқылы баланың дүниетанымы кеңейеді, еңбекке саналы көзқарасы қалыптасады, сабаққа ынтасы артады. Сондықтан кітапты жас кезден сүйіп, күтіп, ұқыпты ұстау қажет.
Кітапхана — оқырман мен авторды жалғайтын алтын көпір
Мұғалімнің пікірі
Кітап — күш, кітап — құдірет. Рухани дүниені байытып, дүниетанымды кеңейтетін — кітап. Кітапта шекара жоқ. Кітап туралы сөз болғанда автор мен оқырман арасындағы алтын көпір — кітапхананың орны ерекше.
Қуандық
Білім көзі — кітапта, ал кітаптың мекені — кітапхана. Бұл сөз грек тілінен аударғанда «кітап сақтайтын орын» деген мағынаны білдіреді. Кітапханадан қызықты деректер мен ертегілерді табуға болады; сондай-ақ «Балдырған», «Асыл сөз» сияқты газет-журналдар да бар. Әр кітаптың өз орны болады.
Альбина
Кітапхана — жас оқырмандардың сүйікті мәдени ортасына айналуы тиіс. Ол сапалы білім мен саналы тәрбие беруде ұстаздардың сенімді серігі бола алады. Ата-бабамыздың терең тарихы, сыр шертетін әдеби мұралар, ғылым кереметтері — бәрі де киелі шаңырақ кітапханадан табылады.
Қорытынды
Кітап — білімнің ғана емес, мінез бен мәдениеттің де бастауы. Оны құрметтеу, таза ұстау, уақыт бөліп оқу — өз болашағымызға салынған ең берік инвестиция.
Мекенжайы
Маңғыстау облысы, Қарақия ауданы, Жетібай ауылы
Дайындаған
Танатарова Разия Нурымовна