Көшпелілердің баспанасы
ҰМЖ бөлімі: IV тарау. Ерте темір дәуіріндегі Қазақстан • 6-сынып
Сабақ тақырыбы: Киіз үй
Бұл сабақта оқушылар көшпелілердің баспанасы — киіз үйдің тарихын, сондай-ақ отырықшы және көшпелі өмір салтының айырмашылықтарын меңгереді. Сабақ мазмұны Елбасымыз Н. Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласындағы «Тәрбие және Білім» кіші бағдарламасының құндылықтарымен сабақтастырылады.
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары
- Көшпелілердің баспанасы — киіз үйдің шығу тарихы туралы білу.
- Отырықшы және көшпелі өмір салтының айырмашылықтарын түсіну.
- Киіз үйдің құрылымы мен бөліктері туралы негізгі ұғымдарды меңгеру.
Сабақ мақсаттары
Барлық оқушылар
Киіз үй және оның негізгі бөліктері туралы біледі.
Көптеген оқушылар
Отырықшы және көшпелі өмір арасындағы айырмашылықты түсіндіреді.
Кейбір оқушылар
Көшпелілердің баспанасы мен өмір салтын зерттеп, шығармашылық жұмыс орындайды.
Тілдік мақсат және негізгі ұғымдар
- Киіз үй
- Өте қарапайым әрі тұруға қолайлы дәстүрлі баспана.
- Тебіндік жайылым
- Жылқының қарды теуіп аршып, шөпті тебіндеп жеуіне байланысты жайылым түрі.
- Төрт түлік
- Жылқы, түйе, қой және сиыр.
Бағалау критерийлері
- Көшпелілердің баспанасы туралы түсінік қалыптастырады.
- Киіз үйдің бөліктеріне сипаттама бере алады.
- Отырықшы және көшпелі өмірдің айырмашылығын ажыратады.
Құндылықтарды дарыту
«Мәңгілік ел» құндылықтары аясында көшпелілер баспанасының қалыптасуын және отырықшы–көшпелі өмір салтының айырмашылықтарын талқылау көзделеді. Сонымен бірге оқушылардың ынтымақтастығын және еңбекқорлығын дамытуға мән беріледі.
Пәнаралық байланыстар және АКТ
География
Карта арқылы табиғи-географиялық аймақтардың шаруашылыққа ықпалын көрсету: Үстірт пен Маңғыстау, Бетпақдала, Орталық Қазақстанның ұсақ шоқылары, Алтай мен Алатаудың таулы өңірлері егіншіліктен гөрі мал шаруашылығына қолайлы болғаны түсіндіріледі.
АКТ қолдану
Қосымша материалдарды пайдалану, киіз үй туралы бейнеролик көрсету және көрнекіліктермен жұмыс жасау жоспарланады.
Бастапқы білім
Оқушылар темір дәуірі және көшпелі мал шаруашылығының қалыптасуы туралы бастапқы түсінікке ие.
Сабақ құрылымы
Сабақтың басы
7 минут
I. Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылар шапалақ арқылы жағымды ахуал қалыптастырады: көңіл күй көтеру — 1 рет, жақсы нәтиже — 2 рет, ынтымақ пен белсенділік — 3 рет.
II. Топқа бөлу
Киіз үй бөліктері арқылы топтастыру: кереге, уық, шаңырақ.
Үй тапсырмасын сұрау: «Мен не білемін?» әдісі
- Кереге тобы: Темір дәуіріне сипаттама береді.
- Уық тобы: Көшпелі мал шаруашылығының пайда болуын түсіндіреді.
- Шаңырақ тобы: Тебіндік жайылым бойынша түйінді ой айтады.
Үй тапсырмасын бекіту: «Әріптер сөйлейді» әдісі
Санмен берілген әріптердегі сұрақтарға жауап беру арқылы тақырыпты жүйелеу.
Сабақтың ортасы
8–30 минут
Жаңа сабақ: «Киіз үй»
Мәтінмен жұмыс: әр топқа мәтін бөліктері таратылады және оқушылар өздерінің түйінді ойларын ұсынады.
- Көшпелілердің баспанасы.
- Отырықшы және көшпелі өмір арасындағы айырмашылық.
АКТ: бейнематериал
Киіз үй туралы қысқа видеоролик көрсету арқылы құрылымын көзбен шолып, терминдерді нақтылау.
Тест тапсырмалары
-
1) Қазақстан аумағын мекендеген тайпалардың темірді ашу және кеңінен пайдалана бастаған кезеңі:
- a) б. з. б. 4 мыңжылдық
- ә) б. з. б. 5–3 мыңжылдық
- б) б. з. б. 1 мыңжылдықтың соңы
- в) б. з. б. VIII ғасыр
-
2) Кереге мен шаңырақ ортасын қосатын негізгі бөлік:
- a) уық
- ә) кереге
- б) шаңырақ
- в) ағаш қаңқасы
-
3) Көшпелілік мәдениет қай дәуірде қалыптасты?
- a) неолитте
- ә) мезолитте
- б) энеолитте
- в) ерте темір дәуірінде
Сабақтың соңы
31–40 минут
Бекіту: «Егер мен…» әдісі
- 1) Егер мен Астана қаласының бас сәулетшісі болсам…
- 2) Егер мен Шаруашылық министрі болсам…
- 3) Егер мен қолөнерші болсам…
Бағалау
Ұлттық аспаптар атаулары арқылы ынталандырушы бағалау жүргізіледі.
Үй тапсырмасы
§26. «Киіз үй» тақырыбын оқу.
Рефлексия
Түсінбедім
Қай тұс қиын болды?
Сұрағым бар
Нені нақтылап алғым келеді?
Түсіндім
Қандай нәтиже шығардым?
Сонымен қатар оқушылар бүгінгі сабақтағы көңіл күйін бет-әлпет суреттерін таңдау арқылы білдіреді.