Грамматикалық тапсырмалар
Сабақ жоспары
Астана – көрікті қала
Бұл сабақ оқушылардың сурет бойынша мәтін құрастыру, сұрақ-жауап жасау және берілген мәтіннің мазмұнын түсініп, өз ойын жүйелі жеткізу дағдыларын дамытуға бағытталған.
Оқу мақсаттары
- Сурет бойынша мәтін құрастырып, сұрақ-жауап жасай алады.
- Берілген мәтіннің мазмұнын түсініп, ойын жеткізе алады.
Сабақ мақсаты (деңгейлер бойынша)
Барлық оқушылар
Сурет бойынша мәтін құрастырады.
Оқушылардың көпшілігі
Берілген мәтіннің мазмұнын түсініп, ойын жеткізеді.
Кейбір оқушылар
Мәтін мен суреттерге сүйеніп өз ойын дәлелдейді және күрделі сұрақтарға жауап береді.
Осыған дейінгі оқу
Қайталау сабағы.
Сабақтың барысы
Ұйымдастыру кезеңі
- Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.
- Топқа бөлу: «Бәйтерек» және «Ханшатыр» суреттері арқылы екі топқа бөлу.
- Орындыққа жапсырылған смайликтер арқылы үй тапсырмасын сұрау.
Тақырыпты ашу және мақсат қою
Тақырыпты ашу үшін Астананың көрікті жерлері туралы слайд көрсетіледі. Оқушылар суреттердегі нысандардың атауын тауып айтады.
Сұрақ: «Ендеше, бүгінгі сабағымыздың тақырыбы қандай?»
Оқушыларға Астананың көрікті жерлері туралы қысқаша түсінік беріледі, сабақ мақсатымен таныстырылады.
Сабақтың ортасы
1-тапсырма
Әдіс: «Ойлан, жұптас, бөліс»
I топ
Интерактивті тақтадағы суреттер бойынша мәтін құрастырып жазу.
II топ
Интерактивті тақтадағы суреттер бойынша диалог құрастыру.
Ойлан: тапсырманы алдымен әр оқушы өз бетінше орындайды.
Жұптас: жұпта бір-біріне оқып, толықтырады.
Бөліс: топ ішінде оқиды, ең үздік жұмысты сыныпқа ұсынады.
Бағалау: топтар бір-бірін «Үш шапалақ» әдісі арқылы бағалайды.
2-тапсырма
«Астана» өлеңін мақтанышпен, мәнерлеп оқу.
Грамматикалық жұмыс — I топ
Бірінші шумақтағы «Ақмола» сөзіне дыбыстық талдау жасау.
Грамматикалық жұмыс — II топ
Екінші шумақтағы «Астана» сөзін септеп жазу.
Бағалау: жұмыстарды алмастырып тексеру және «Бағдаршам» әдісімен бағалау.
3-тапсырма
Астананың басты нысандарының бірі — Бәйтерек. Оқулықтағы Бәйтерек туралы мәтін бойынша әр топ үш сұрақтан дайындайды.
Топтар бір-біріне сұрақ қойып, жауап береді.
Бағалау: смайлик арқылы.
Сергіту сәті
«Астана» тақырыбындағы қысқа сергіту жаттығулары орындалады.
4-тапсырма
Әдіс: «Синквейн»
5 жолды өлең құрастыру:
- 1 Зат есім (1 сөз)
- 2 Сын есім (2 сөз)
- 3 Етістік (3 сөз)
- 4 Сөйлем (4 сөз)
- 5 Синоним
Бағалау: «Бас бармақ» әдісі.