Қыстың қамын жаз ойла - деген аталы сөзге құлақ асатын апа - әпкелеріміз қытымыр қыстың дайындығына кірісіп кеткен де болар
Қыстық салатқа дайындық
«Қыстың қамын жаз ойла» деген аталы сөзге құлақ асатын апа-әпкелеріміз қытымыр қыстың қамына ерте кірісіп кеткен болар. Үйде жиі табылатын көкөністерден жасалатын, оңай әрі дәмді қыстық салат рецептін ұсынамын.
Баклажан қосылған қыстық салат
«Пятерочка» салаты
Өлшемі
2 литрлік банкаға арналған мөлшер.
Құрамы
- Баялды (баклажан) — 500 г
- Тәтті болгар бұрышы — 350 г
- Қызанақ — 500 г
- Сәбіз — 200 г
- Пияз — 300 г
- Сұйық май — 50 мл
- Қант — 1 ас қасық
- Тұз — дәміне қарай
- Сірке қышқылы (70% уксус) — 1 ас қасық
- Сарымсақ — 6 түйір
- Қара бұрыш (бұршақ түрінде) — 9 дана
- Лавр жапырағы — 3 дана
Жасалу жолы
-
1
Баклажанды дайындау
Баклажанды жуып, қалыңдығы шамамен 1 см етіп тураңыз. Ащылығын кетіру үшін үстіне 1 шай қасық тұз сеуіп, мұздай су құйыңыз. Үстінен табақпен бастырып, 1 сағатқа қалдырыңыз.
-
2
Көкөністерді қуыру
Табаны қыздырып, сұйық май құйыңыз. Жұқалап дөңгелектеп туралған сәбізді салып 3 минут қуырыңыз. Пиязды қосып тағы 3 минут қуырыңыз. Болгар бұрышын салып 2 минут қуырыңыз.
-
3
Баклажанды қосу
Баклажанның суын жақсылап сығып, табаға салыңыз да 5 минут қуырыңыз.
-
4
Бұқтыру
Ең соңында қызанақты қосыңыз. Үстінен тұз, қант және сірке қышқылын құйыңыз. Қақпағын жауып, 20 минут баяу отта бұқтырыңыз.
-
5
Банка дайындау
Банкаңызды содамен ысқылап, жақсылап жуып, кептіріңіз.
-
6
Дәмдеуіштерді салу және толтыру
Таза банкаға 2 түйір сарымсақ, 3 түйір қара бұрыш және лавр жапырағын салыңыз. Үстінен салатты құйып, қақпағын жабыңыз.
-
7
Қайта пастерлеу
Салат толық дайын болуы үшін банканы сыртынан тағы 20 минут қайнату қажет. Үлкен кастрөлдің түбіне жұқалап шүберек төсеңіз. Банка(лар)ды құламайтындай етіп орналастырып, ыстық су құйыңыз да 20 минут қайнатыңыз. Кастрөлдің қақпағын жауып қойған дұрыс.
-
8
Жабу және суыту
20 минуттан соң банкіңіздің қақпағын мықтап бұрап жабыңыз. Толық суығанға дейін төңкеріп қойыңыз.
Дайындаған
Жайна