Жүректен жүрекке жылу сыйлау

Сабақ барысы

Сабақ құрылымы оқушыларды біртіндеп тақырыпқа жетелеп, мәтінмен жұмыс, талқылау, шығармашылық тапсырмалар және қорытынды бағалаумен аяқталады.

1) Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылардың назарын сабаққа аудару, «Жүректен жүрекке жылу» арқылы жағымды орта қалыптастыру.

Күн жарығын алақанға саламын,
Жүрегіме басып ұстай қаламын.
Ізгі әрі нәзік, жарық, мейірімді,
Болып кетер сонда дереу жан-жағым.

2) Үй тапсырмасын пысықтау

«Торғай» әңгімесін бөлімдерге бөліп, түсінгендерін айту.

  • Бозторғайдың шырылдауы
  • Сұр жыланның арбауы
  • Ақбілектің көмегі

РАФТ стратегиясы

Суреттердің бірін таңдап, сол бойынша өз атынан алғыс хат/алғыс сөз жазып, ауызша оқып беру.

Тексеру сұрағы:

Әңгіменің авторы кім?

Жаңа сабақ: «Қайырымдылық»

Автор туралы қысқаша

Мағзұм Сүндетов 1936 жылы 29 қаңтарда Атырау облысы, Доссор ауданында дүниеге келген. 1999 жылы өмірден озған.

Шығармаларының біріқатары:

  • «Еліктің лағы»
  • «Ескексіз қайық»
  • «Бесқонақ» және т.б.

Тірек ұғым: Қайырымдылық

Қайырымдылық — адамның айналасындағы жандарға ықылас танытып, қолдау көрсетуі; адамгершілік қарым-қатынастың көрінісі.

Оқу мақсаты:

Мәтінді түсініп оқу, кейіпкер әрекетін талдау, өз ойыңды дәлелдеп айту.

Мәтінмен жұмыс

  • «Болжау» стратегиясы

    Мәтін мазмұнын алдын ала болжап, оқуға қызығушылықты ояту.

  • Тізбектей оқу

    Әр оқушы кезекпен оқып, негізгі ойды белгілеу.

  • Сөздік жұмысы

    Түсініксіз сөздерді дәптерге жазып, мағынасын ашу.

  • Сұрақ-жауап

    Оқиға желісін және кейіпкер мінезін талдау.

Сөздік

Бәкене

аласа

Қақ

іркіліп қалған жауын суы

Талқылау сұрақтары

  1. Мұхтар қандай бала?
  2. Оның бойынан қандай қасиеттер байқалады?
  3. Мұхтардың орнында сен болсаң, не істер едің?
  4. Қайырымдылық деген не?
  5. Қайырымдылыққа тағы қандай әрекеттер жатады?

Тәжірибеге жақындату: сурет, бейне және өмірмен байланыс

Суреттермен жұмыс

Суреттерге сүйене отырып, қайырымдылық көріністерін сипаттау: кім көмектесіп жатыр, не үшін, қандай нәтиже болды?

Бейнебаян көру

Көрген бейне бойынша қысқаша пікір айту: қай тұсы әсер етті, қандай ой түйдің?

Өмірмен байланыс

Мектепте «Қайырымдылық айлығы» ұйымдастырылып тұрады. Мысалы, Юсуп Шамилдің отбасына оқу құралдары беріліп, қолдау көрсетілді.

Біздің үлесіміз: қажет емес оқулықтарды кезекпен беріп, бір-бірімізге көмектесу.

Шығармашылық тапсырма

Жазылым

Қабырғаға қарап, талқылаған ойлар негізінде қысқа әңгіме жазу.

«Автор орындығы»

Жазған мәтінді автор орындығына отырып, сынып алдында оқып беру.

Жұптық жұмыс

Жұппен өзара кері байланыс беру: мәтіндегі негізгі ой, дәлел, тілдік сауаттылық, әсерлі тұстар.

Қорытындылау: толықтыру тесті

Сабақты бекіту үшін сөйлемдерді тиісті сөздермен толықтырыңыз.

Сөйлемдер

  1. Әлгінде оны мұғалім ___ деп мақтаған.
  2. Мені мыналардан ___ өлтіретін болды ғой.
  3. Күшікті ___ Мұхтар қуанышты.
  4. Анасының жүзі жылып, ___ қарайды.
  5. Әрине, әр кез солай ___ бол!
  6. Өйтпесіңе сенем, жаным… деп, ___ бетінен сүйді.

Сөздер жиынтығы

тәртіпті, таза құтқарсайшы құтқарғанына мейірлене қайырымды баласының

Сабақтың аяқталуы

  • Қорытынды жасау
  • Бағалау
  • Үй тапсырмасы: мәтін мазмұнын айту