Есептердің шығарылуын тексеру

Алгебра (8-сынып)

Сабақтың тақырыбы

Квадрат теңдеуге келтірілетін теңдеулер.

Сабақтың түрі

Жаңа сабақ.

Сабақтың мақсаты

Білімділік

Тақырыпты меңгеру арқылы биквадрат теңдеу ұғымымен және квадрат теңдеуге келтірілетін өзге теңдеулердің түрлерімен таныстыру.

Дамытушылық

Биквадрат теңдеулерді шешу алгоритмін меңгерту және қолдана білу дағдысын дамыту.

Тәрбиелік

Оқуға ынтаны арттыруға, саналы көзқарасқа, жауапкершілікке және өз бетінше еңбектенуге тәрбиелеу.

Әдіс-тәсілдер және құралдар

Сұрақ-жауап Тест тапсырмалары Білімді жүйелеу Интерактивті тақта

Сабақтың барысы

I. Ұйымдастыру бөлімі

  • Сәлемдесу.
  • Оқушыларды түгендеу.

II. Үй жұмысын тексеру

  • Есептердің шығарылуын тексеру.
  • Ой қозғау: «Қайталау — білім айнасы» сұрақ-жауап.
  • Квадрат теңдеудің түрлерін қайталау.

III. Жаңа сабақ

Тақырып: квадрат теңдеуге келтірілетін теңдеулер.

Негізгі назар — теңдеуді түрлендіру арқылы оны квадрат теңдеу түріне келтіру және шешу жолдарын түсіну.