Жаңа материалмен таныстыру
Сабақ туралы мәлімет
Пән мұғалімі
Сагинбаева Жанар
Пән / Сынып
Математика, 1-сынып
Сабақ түрі
Жаңа сабақ
Сабақтың тақырыбы
Артық, кем, тең түсініктері.
Мақсаты
- Оқушыларды артық, кем, тең ұғымдарымен таныстыру.
- Заттардың екі тобын саны бойынша салыстыруға үйрету.
- <, >, = таңбаларын дұрыс қолдана білу дағдыларын қалыптастыру.
- Зейінін, салыстыру және қорытынды шығару дағдыларын дамыту.
- Бұрын алған білімдерін жетілдіру.
Көрнекілігі
Сабақтың барысы
Кіріспе бөлім
Бұрынғы алған білімдерін жетілдіру үшін ауызша есептеу барысында заттардың екі тобын салыстыру тапсырмалары енгізіледі. Тақтаға заттарды өзара сәйкестендіру (жұптау) арқылы салыстыруға болатындай етіп орналастырамын.
Мысал (тақтадағы жұмыс)
Тақтаға 4 үлкен дөңгелек, ал оның астына орын үнемдеу үшін 5 кішкентай дөңгелек бейнеленеді. Оқушылар жұптау арқылы қай топта зат артық немесе кем екенін анықтайды.
Жаңа материалмен таныстыру
Жаңа тақырып ауызша жаттығулардан басталады. Мысалы, тақтаға 4 шар және 2 доп суреті ілінеді. Оқушылар тапсырманы орындап, сұрақтарға жауап береді.
Сұрақтар
- Шар көп пе, әлде доп көп пе?
- Неге олай ойлайсыңдар?
- Доптың санын цифрмен көрсет.
Қадамдар
- 1 Оқушылар 2 цифрын таңдап, үстелдің бетіне қояды.
- 2 4 цифрының оң жағына орналастырады (суреттердің астына цифрлар бекітіледі).
- 3 Қай цифр заттардың саны артық екенін көрсететінін айтады.
Негізгі қорытынды
Таңба
>
Оқылуы
4 саны 2-ден артық, яғни: 4 > 2