Гидросфера тарауын қайталау Сабақтың мақсаты

География пәнінің мұғалімі: Самешова Күляш

Сабақ тақырыбы

«Гидросфера» тарауын қайталау

Сабақтың мақсаты

Білімділік

Оқушылардың тарау бойынша алған білімдерін кеңейту және олардың қабілеттерін ашуға ынталандыру.

Тәрбиелік

Экологиялық тәрбие беру: су нысандарын қорғауға, ластамауға баулу.

Дамытушылық

Шапшаң жұмыс істеуге дағдыландыру, ұйымшылдыққа және өз бетімен ізденуге тәрбиелеу.

1-кезең: Бой сергіту

1) Гидросфера дегеніміз не?

Гидросфера — Жердің су қабығы.

Құрамдас бөліктері:

  • Мұхиттар
  • Теңіздер
  • Көлдер
  • Шығанақтар
  • Бұғаздар
  • Өзендер

2) Ең биік сарқырама

Әлемдегі ең биік сарқырама — Анхель (1054 м).

Орналасқан өзені: Ориноко (Оңтүстік Америка)

3) Ең қуатты жылы ағыс

Дүниежүзіндегі ең қуатты жылы ағыс — Гольфстрим ағысы.

Оқушыларды топқа бөлу

Сынып үш топқа бөлінеді:

1-топ «Мұхит» тобы
2-топ «Теңіз» тобы
3-топ «Көлдер» тобы

2-кезең: Өткен материалды қайталау

Су қай күйде кездеседі?

Су тек қана сұйық күйде кездесетін планета — Жер.

Судың химиялық формуласы

Судың химиялық формуласы: H2O.

Өзен дегеніміз не?

Өзен — табиғи жолмен қалыптасқан арна арқылы ағатын су.