Даттаушы Таза заттар тобының кейсі

11-сынып химия

Сабақ тақырыбы: Химияның тұрмыстағы және адам өміріндегі маңызы.

Сабақтың мақсаты

  • Білімділік: XXI ғасыр — химия ғасыры. Күнделікті тұрмыста қолданылатын химиялық заттар, олардың пайдасы мен зияны, сондай-ақ химиялық элементтердің адам ағзасындағы рөлі туралы нақты түсінік қалыптастыру.
  • Тәрбиелік: Оқушыны жеке тұлға ретінде танып, өз ойын және пікірін еркін айтуға тәрбиелеу.
  • Дамытушылық: Химия ғылымына қатысты дүниетанымдық және диалектикалық көзқарастарды қалыптастыру, ғылыми түсініктерді кеңейту.

Сабақ форматы

Сабақтың типі
Дәстүрлі емес сабақ
Сабақтың түрі
Дебат сабақ
Сабақтың әдістері
Баяндау, сұрақ-жауап, сынақ алу, лабораториялық тәжірибе

Пәнаралық байланыс және ресурстар

Пәнаралық байланыс: биология, медицина.

Көрнекіліктер: слайдтар, бейнероликтер, интернет материалдары.

Сабақтың жүрісі

  1. I Ұйымдастыру
  2. II Жақтаушы жақ: «Қоспалар» тобының кейсі
  3. III Даттаушы жақ: «Таза заттар» тобының кейсі
  4. IV Лабораториялық тәжірибе
  5. V Қорытынды сауалнама (Activote)
  6. VI Үй тапсырмасы
  7. VII Бағалау

Жақтаушы жақ: «Қоспалар» тобы

Резолюция

Қайда қарасақ та, қайда көз жүгіртсек те, көретініміз — химияның ғажайыптары.

Даттаушы жақ: «Таза заттар» тобы

Резолюция

Химиялық заттар адам денсаулығына кері әсерін тигізеді.

Қатысушылар

«Қоспалар» тобы

  • Жетекші: Үсенова Айнамкөз
  • Спикерлер: Бисенбай Назгүл, Сағын Махамбет

«Таза заттар» тобы

  • Жетекші: Бектұрсынова Гүлдана
  • Спикерлер: Есенәлі Айдана, Хасанов Райымбек

Дебаттан үзінді: алғашқы сөз

Бастаушы: Бірінші сөз «Қоспалар» тобының спикері Бисенбай Назгүлге беріледі.

Назгүлдің аргументтері

Сәлеметсіздер ме, тыңдарман қауым және құрметті оппоненттер! «XXI ғасыр — химия ғасыры» деген тұжырымға сүйене отырып, ойымды ортаға салғым келеді. Біз күнделікті тіршілігімізді суды пайдаланудан бастаймыз.

1) Су — химиялық элементтерден тұратын зат

Судың өзі химиялық элементтерден тұрады, яғни химия біздің өміріміздің ең қарапайым әрі күнделікті бөлшектерінен басталады.

2) Тағам өндірісіндегі химия және биотехнология

ХХ ғасырдың 60-жылдарынан бастап дәмі мен хош иісі үйлескен, қоректік құндылығы жоғары жасанды тағам түрлерін жасау кеңінен қолға алынды. Бүгінде биотехнологиялық әдістер арқылы қара уылдырық, албырт (ласось) еті, әртүрлі сорпалар (тауық, сиыр еті, балық), мармеладтың сан алуан түрлері және шырындар өндіріледі.

Ескерту: слайд №5–6

3) Синтездік дәрілердің пайдасы

Синтездік жолмен алынған көптеген дәрі-дәрмектер адамның денсаулығын қорғайды, қалпына келтіреді және жақсартады. Мысалы, аспирин мен анальгин ауырсынуды басып, жүйкені тыныштандыруға көмектеседі және есірткі қатарына жатпайды.

Ескерту: слайд №7

4) Тұрмыс химиясының дамуы

Ғылым мен техника жетістіктерінің нәтижесінде тұрмыс химиясы қарқынды дамып келеді: жуғыш және тазартқыш құралдар, зарарсыздандырғыш заттар, жиһаз бен еденге арналған күтім өнімдері, зиянды жәндіктер мен арамшөптерді жоюға арналған препараттар, ағартқыш және бояғыш заттар, желімдер, түрлі лактар мен бояулар кеңінен қолданылады.

Пән мұғалімі

Мустафина Аққағаз Битанқызы

Материал: «Химияның тұрмыстағы және адам өміріндегі маңызы».