Еріншек өлеңімен танысу
Сабақ туралы қысқаша мәлімет
Бұл жоспар 4-сыныптың «Ана тілі» пәніне арналған. Сабақта Шәкәрім Құдайбердіұлының «Еріншек» өлеңі оқылып, оқушы бойындағы жағымды және жағымсыз қасиеттер талданады.
Сабақ тақырыбы
Ш. Құдайбердіұлы — «Еріншек»
Сабақ түрі
Топтық жұмыс
Әдіс-тәсілдер
СТО, түсіндіру, сұрақ-жауап, талдау
Көрнекіліктер
Слайдтар, сызбалар
Сабақтың мақсаты
- Шәкәрім Құдайбердіұлының өмірі мен шығармашылығына қысқаша тоқталып, «Еріншек» өлеңімен таныстыру.
- Адам бойындағы жағымды және жағымсыз қасиеттерді ажыратуға үйретіп, оқушылардың өзіндік көзқарасын дамыту.
- Адамгершілік құндылықтарды бойға сіңіруге бағыттау.
Күтілетін нәтиже
Адамгершілігі мол, биік тұлға қалыптастыруға ықпал ету.
Сабақ барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі
Сабақ басында оқушыларға жағымды көңіл күй қалыптастыру ұсынылады:
Жылы лебіз
Күнге қолдарыңды созыңдар. Күннің жомарт сәулелері ананың нәзік алақанындай аялап, сипап, жылытады. Жүрегімізді жылу мен махаббатқа толтырады.
Күн жарығын алақанға саламын,
Жүрегіме басып ұстай қаламын.
Нұрын шашып, жарығы мен мейірімін,
Көркін ашар мына әсем даланың.
Осы жылумен сабағымызды бастаймыз.
Оқушылар 4 топқа бөлінеді:
- I топ: Ақыл тобы
- II топ: Білім тобы
- III топ: Денсаулық тобы
- IV топ: Бақыт тобы
II. Үй тапсырмасын тексеру
Үйге: Сәбит Мұқановтың «Жылқы» әңгімесін оқып, мазмұндау; тақырыпқа байланысты ізденіс және шығармашылық тапсырмалар берілген.
1-тапсырма: Мазмұндау және талдау сұрақтары
- I топ: Әңгімеде табиғат көрінісі қалай бейнеленген?
- II топ: Жылқы баққан адамның үйі қалай аталады? «Қос» туралы не айтылған?
- III топ: Жылқы етінің қасиеті қандай? Жылқы терісі жөнінде не айтылған?
- IV топ: Мақан жылқышының сөзін түсіндір. Қазақ халқы жылқыны неліктен қастерлеген?
2–3-тапсырмалар: Шығармашылық және ізденіс
2-тапсырма (шығармашылық):
- I топ: Жылқыға байланысты өлеңдер
- II топ: Жылқы туралы эссе
- III топ: Мәтін бойынша суреттеу
- IV топ: Жылқыға байланысты мақал-мәтелдер (мағынасын түсіндіру)
3-тапсырма (ізденіс):
- I топ: Жылқының жасына қарай атаулары
- II топ: Жылқы етінен дайындалатын тағамдар
- III топ: Жылқы терісінен жасалатын бұйымдар, жылқыға байланысты ойындар
- IV топ: Жылқы жүрісі
Қазақта «Мал баққанға бітеді» деген мақал бар.
Ол үшін не істеу керек?
Еңбектену керек.
Еңбектенбеген адамды қалай атаймыз?
Жалқау, еріншек.
III. Жаңа сабақ
Бүгін Шәкәрім Құдайбердіұлының «Еріншек» өлеңімен танысамыз.
1) Ой қозғау
Шәкәрім Құдайбердіұлы туралы не білеміз?
- 1858 жылы 24 шілдеде қазіргі ШҚО, Абай ауданы, Қарауыл ауылында дүниеге келген.
- 1931 жылы 2 қазанда қайтыс болған.
- Қазақ ақыны, ойшыл, сазгер, аудармашы.
- Әкесінен ерте айырылып, немере ағасы Абай Құнанбайұлының тәрбиесінде болған.
- Орыс, араб, парсы, түрік тілдерін меңгерген; ағартушылық бағытты ұстанған.
- «Жастарға», «Жастық туралы», «Кәрілік туралы» өлеңдері Абай дәстүрімен үндес.
2) Негізгі ұғым
«Еріншек» сөзінің мағынасы:
3) Ой өрбіту
Еріншектік неден пайда болады?
- Салақтықтан
- Надандықтан
- Талапсыздықтан
4) «Түртіп алу» (сөздік жұмысы)
Харекет
әрекет
Ғибадат
өнеге
Кесел
сор, дерт
5) Сұрақ-жауап және талдау
Өлеңде қандай жағымсыз қылықтар суреттеледі?
- Өзін таза ұстай алмау
- Кір-қоңын жуа алмау
- Төсектен тұруға құлықсыздық
- Өз бойындағы міннен ұялмау
Талқылау
«Ер еңбегімен озады, еріншек езілумен тозады» деген мақалдың мағынасын түсіндіріңдер.
Негізгі ой: еңбек адамды өсіреді, ал еріншектік адамның мүмкіндігін жойып, болмысын әлсіретеді.
Автордың ойы қандай? Қай шумақтан байқауға болады? Оқушылар өлеңнен дәлел келтіреді.
1-тапсырма: Буын түрлеріне талдау
I топ — «Еріншек»
Үш буынды сөз: 1-буын — ашық, 2-буын — бітеу, 3-буын — бітеу; жіңішке буынды сөз.
II топ — «Салақ»
Екі буынды сөз: 1-буын — ашық, 2-буын — бітеу; жуан буынды сөз.
III топ — «Надан»
Екі буынды сөз: 1-буын — ашық, 2-буын — бітеу; жуан буынды сөз.
IV топ — «Адамдық»
Үш буынды сөз: 1-буын — ашық, 2-буын — бітеу, 3-буын — бітеу; жуан буынды сөз.
2-тапсырма: Ойын және тіл дамыту
I топ — «Жұбын тап»
II топ — «Жалғасын тап»
- Еріншектің …
- Талаптыға …
- … өрге жүзер
- Еңбек түбі — …
III топ — Топтастыру
IV топ — Жағымды және жағымсыз әрекеттер
Жағымды (ішкі)
Оқушы толтырады
Жағымсыз (сыртқы)
Оқушы толтырады
IV. Жаңа сабақты бекіту
3-тапсырма: Екі жақты жазба күнделігі (үзінді + пікір).
I топ
Үзінді
Еріншектен — салақтық,
Салақтықтан — надандық.
Бірінен бірі туады,
Жоғалар сөйтіп адамдық.
Пікір
Оқушы жазады
II топ
Үзінді
Іс қалдырмас еселі —
Еңбектің (білімнің) кеселі.
Кірсе бойдан, шығу жоқ,
Күн сайын өсер бес елі.
Пікір
Оқушы жазады
III топ
Үзінді
Даулассаң желдей еседі,
Өзі айтып, өзі шешеді.
Үйір болған кісілер
Жан тыныштық деседі.
Пікір
Оқушы жазады
IV топ
Үзінді
Еріншек, ашу, құмарлық —
Бұларды істен шығардық.
Жамандықтың басы — осы,
Кісі болса ұғарлық.
Пікір
Оқушы жазады
Осы тақырыпқа үндес Абайдың қай өлеңін білесіңдер?
«Ғылым таппай мақтанба»
Асық болатын бес нәрсе
- Талап
- Еңбек
- Терең ой
- Қанағат
- Рақым
Қашық болатын бес нәрсе
- Өсек
- Өтірік
- Мақтаншақ
- Еріншек
- Мал шашпақ
V. Қорытынды
Абайдың қара сөзінде: «Күллі адам баласын қор қылатын үш нәрсе бар: надандық, еріншектік, зұлымдық» делінеді.
Еріншектік — дүниедегі өнердің дұшпаны. Талапсыздық, жігерсіздік, ұятсыздық, кедейлік сияқты кеселдердің түп-төркіні көбіне еріншектікке барып тіреледі.
VI. Үй тапсырмасы
- Өлеңді мәнерлеп оқу.
- Еріншектік туралы өлең шығару.
- Тақырып бойынша қысқа әңгіме құрастыру.
VII. Бағалау
Оқушылардың топтық жұмысқа қатысуы, жауаптарының нақтылығы, мәтінді түсінуі, пікір айту дағдысы және шығармашылық тапсырмаларды орындауы бойынша бағаланады.