Ата ауылының тапсырмасы

Сабақтың тақырыбы

Ана тілі пәні. Ілияс Жансүгіровтің «Жазғытұрым» өлеңі.

Сабақтың мақсаты

Білімділік

Оқушыларға І. Жансүгіровтің өмірі мен еңбектері туралы түсіндіру; өлеңді түсініп, мәнерлеп оқуға және мазмұнын ашуға үйрету.

Дамытушылық

Өлең мазмұны арқылы ой-өрісті кеңейту; сөздік қорды байыту; мәнерлеп оқу дағдыларын жетілдіру.

Тәрбиелік

Табиғатты сүйе білуге, әсемдікті сезінуге, еңбекқорлыққа баулу.

Үй тапсырмасын сұрау: «Жеті ата» ауылы

Бүгінгі сабақта «Жеті ата» ауылына саяхат жасаймыз. «Жеті атасын білген ер, жеті жұрттың қамын жер» деген сөз бекер айтылмаған. Оқушылар жеті атасын айтып береді (1 оқушы).

«Ата» ауылының тапсырмасы

  • Үйге берілген тапсырманы айту: Абайдың «Жазғытұры» өлеңі.
  • Абайдың өмірі туралы 1 оқушыдан сұрау.
  • 3–4 оқушыдан «Жазғытұры» өлеңін жатқа сұрау.

Қорытындылау

Үй тапсырмасы бойынша негізгі ойлар жинақталып, келесі бөлімге өтеді.

Жаңа сабақ: «Әке» ауылы

Кіріспе әңгіме

  • Слайд арқылы көктем мезгілі бейнеленген суреттер көрсетіледі.
  • Сұрақтар: «Суреттерде қай жыл мезгілі бейнеленген? Оны неден байқадыңдар?»
  • Осыдан кейін сабақтың негізгі тақырыбы ашылады: Ілияс Жансүгіровтің «Жазғытұрым» өлеңі.

Ілияс Жансүгіров туралы қысқаша мәлімет

Ілияс Жансүгіров — қазақтың көрнекті ақыны әрі жазушысы. Алматы облысы, Ақсу ауданында дүниеге келген. Алғаш рет Қарағаш ауылындағы мектепте оқып, сауат ашқан. Ташкенттегі екі жылдық мұғалімдік курсты бітіріп, 1921 жылы өз ауылында мұғалім болып қызмет етеді. Кейін «Тілші» газетінде жұмыс істеп, Верныйдағы Қазақ ағарту институтының меңгерушілігіне тағайындалады (1921).

1925 жылы Мәскеудегі Коммунистік журналистика институтына түсіп, 1928 жылы бітірген соң «Еңбекші қазақ» газетіне қызметке алынады. 1932–1934 жылдары Қазақстан Жазушылар одағы ұйымдастыру комиссиясының төрағасы болады. 1938 жылы саяси қуғын-сүргіннің құрбаны болды. Негізгі шығармалары: «Күй», «Дала», «Күйші», «Құлагер», «Малта», «Жазғытұрым» және басқа өлеңдері.

Көктем белгілері (өлеңге кіріспе)

Көктемде күн жылынады, жылы самал соғады. Қар еріп, жылғалардан су ағады. Құстар жылы жақтан оралады, қаздар қаңқылдап келеді. Көк майса желкілдейді. Мал өріске шығып, тойынады. Ауыл қыстаудан жайлауға көшеді. Құстар ұясын түзеп, балапан басады. Тіршілік жаңарып, еңбек қызады: жылқының жалын күзейді, қой-ешкінің жүнін қырқады, егіндік жер жыртылады.

Өлең мәтіні: «Жазғытұрым»

Ой, балалар, балалар! Жылы-жылы жел соқты, Жылғалардан су ақты, Қаңқыл-қаңқыл қаз кепті, Жер қарайды — жаз кепті. Желкілдейді көк майса, Желіндейді мал жайса. Ауыл көшті қыстаудан, Әпке, апамдар қой сауған, Құс ұясын түзеді, Тайымды ағам күзеді. Ел ешкісін қырқыпты, Егіндерін жыртыпты. Ой, балалар, балалар! Ойнайық та күлелік, Қос басына мінелік.

Мұғалім өлеңді мәнерлеп оқып, оқушылардың түсінуіне бағыт береді.

Оқулықпен жұмыс: «Бала» ауылы

Тізбектей оқу

Оқушылар өлеңді кезекпен оқиды. Дыбыстау, екпін, пауза және интонацияға назар аударылады.

Тапсырмалар: «Немере» ауылы

Мазмұндық жұмыс

  1. Өлеңді екі бөлімге бөл: «Көктем шықты», «Ауыл жайлауға көшті».
  2. А. Құнанбаевтың «Жазғытұры» өлеңімен ұқсастығы мен айырмашылығын анықта.
  3. Өлеңде аталған көктем белгілерін санамалап айт.

Сергіту сәті

Көтеріліп шаңырақ, Уықтары шаншылар, Керегелер керіліп, Өрімдей боп өрілер. Бәріміз жүрсек айналып, Киіз үй боп көрінер.

Бекіту: «Шөбере» ауылы — «Кубизм» стратегиясы

Кубикті лақтыру арқылы сұрақтар таңдалып, оқушылар жауап береді.

Сұрақтар

  1. Абайдың азан шақырып қойған аты қандай? (Ибраһим)
  2. Абайдың әкесі, әжесі, анасы кім? (Құнанбай, Зере, Ұлжан)
  3. Абайдың қандай өлеңдерін білесің?
  4. І. Жансүгіров кім?
  5. Мақалдың жалғасын тап: «Сәуір болса, күн күркірер…» (Күн күркіресе, көк дүркірейді)
  6. «Жазғытұрым» өлеңінің авторы кім? (І. Жансүгіров)

Назар аудару

Жауаптар қысқа әрі нақты беріледі; дәлел келтіру және мәтіннен мысал айту ынталандырылады.

Қосымша жұмыс: «Шөпшек» ауылы — мақал-мәтел және сәйкестендіру

Мақалдың жалғасын тап (сәйкестендіру)

  • 1 Қыс қарлата, дауылдата келсе… Көктем көлдете, жауындата келеді.
  • 2 Көктемде бір тойдым… Көбік қарда бір тойдым.
  • 3 Күн күркіресе… көк дүркірейді.
  • 4 Көктем — мұрап, күз — диқан.
  • 5 Сәуір болса, күн күркірер… күн күркіресе, көк дүркірейді.

«Немене» ауылының тапсырмасы

Топтастыру сызбасы: өлеңде айтылған көктем белгілеріне сүйеніп, «Көктем» сызбасын толтыру.

Сызбаға кіретін негізгі белгілер

  • Жылы желдің соғуы
  • Қардың еруі, жылғалардан судың ағуы
  • Қаздардың келуі, құстардың ұя түзеуі
  • Көк майсаның шығуы
  • Малдың жайылуы, төл-тіршілік қамы
  • Қыстаудан жайлауға көшу
  • Тай күзеу, ешкі қырқу
  • Егіндік жер жырту

Қорытынды және бағалау

Қорытынды сұрақтар

  • Бүгінгі сабақта не туралы оқып-білдік?
  • Өлеңде қандай құбылыстар мен әрекеттер суреттелген?

Негізгі ой

Өлеңде көктемнің келуімен бірге табиғаттың жаңаруы және ауыл тіршілігінің жандану көріністері айтылады: жылы жел, аққан жылғалар, жердің кебуі, малдың жайылуы, қоныс көші, құстың балапан басуы, тай күзеу, ешкі қырқу, егінге дайындық. Ақын балаларды еңбекке, үлкендерге көмектесуге үндейді.

Үйге тапсырма

  • Өлеңді мәнерлеп оқу.
  • Өлеңді жатқа айту.