Фариза Оңғарсынова өлеңіМынау қолым, басым мынауМынау қолым, басым мынау, жүрегімде - тосын әнім

Фариза Оңғарсынова өлеңі

Мынау қолым, басым мынау
Мынау қолым, басым мынау, жүрегімде - тосын әнім;
Жүзім күңгірт, шашым қырау, неде болса, осы барым.
Көзбен көрем, үйренемін, ол да менің бір ардағым.
Бар ма, жоқ па ми дегенің, соны бірақ біле алмадым.
Дидарымда - кемел көрік, табиғаттың сыйы бұл да.
Тіршіліктің келем көріп қызығын да, қиынын да.
Өмір биік, терең әрі - тыным таппай сар желемін.
Бірақ ұқпай келем әлі - қай жерімде жан дегенің?
Башпайда ма, білекте ме - қайдан тапты сәтті жайды?
Алқынады жүрек неге, тамыр неге шапқылайды?
Елтімеуші ем әрнеге онша, жанды іздеймін, сабырлы едім.
Сүйіктім - ау, дәу де болса, сенде шығар жаным менің?!

Фариза Оңғарсынованың басқа өлеңдерін қарау



Ұқсас жұмыстар

Ф.ОҢҒАРСЫНОВА ЖӘНЕ ҚАЗАҚ ПОЭЗИЯСЫ
ФАРИЗА ОҢҒАРСЫНОВА ЖӘНЕ ЛИРИКАЛЫҚ МОНОЛОГ
ФАРИЗА ОҢҒАРСЫНОВА ПОЭЗИЯСЫНДАҒЫ ЖАЛҒЫЗДЫҚ САРЫНЫ
Фариза оңғарсынова поэмаларындағы идеялық - көркемдік ізденістер
Туған дала
Тәуелсіздік дәуіріндегі қазақ поэзиясындағы отаншылдық рухтың жырлануы
Төлеген Айбергеновтың өлеңдеріндегі жаңашылдық
К.Ахметованың шығармашылық өмірбаяны
КҮЛӘШ АХМЕТОВА ӘЛЕМІ ЖӘНЕ ПОЭЗИЯ
Мұқағали Мақатаев жайында
Ахмет Байтұрсынұлының өз қолымен жазған еңбектер
Басым мамандықтар тізбесі
Сөз жоқ, мынау сол қыздың бет пішіні
Менің өмірімнің мәні - отбасым
Менің елбасым Н. Ә. Назарбаев Қазақ халқы алдында атқарған қызметі зор, еңбегі ерен - деген президентіміз
Темір таяқты қолыма ұстап, дүниені шарлап кетейін
 Менің отбасымда сегіз адам бар
Менің отбасым
Бәрі мынау сыбызғының қасиеті
Менің отбасым және достарым