Сөздерді оқып, аудару

Сабақтың тақырыбы

Ұлттық спорт түрлері

Сабақтың мақсаты

  • Оқушылардың ұлттық ойындарға қатысты ұғымдарын тереңдету және сөздік қорын жаңа сөздермен толықтыру.
  • Сөз тіркестерін, сөйлемдер мен шағын мәтіндер құрастыруға машықтандыру, ойлау қабілетін дамыту.
  • Қазақтың ұлттық ойындарына қызығушылық оятып, салт-дәстүрді қадірлеуге тәрбиелеу.

Сабақ түрі

Жаңа сабақ

Әдісі

Әңгімелеу, сұрақ-жауап

Көрнекілігі

Ұлттық ойындар туралы слайдтар

Сабақтың барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі

Сәлемдесу, сабаққа дайындық.

  1. 1 Бүгін нешесі?
  2. 2 Аптаның қай күні?
  3. 3 Бүгін ауа райы қандай?
  4. 4 Айналада қандай өзгерістер бар?

II. Үй тапсырмасын тексеру

Оқушылар слайдта жасырылған шағын мәтіндердің тақырыптарын ашып, әңгімелейді.

1. Менің сүйікті спортшым

2. Салауатты өмір салты

3. Футбол

4. Менің спортшы досым

III. Жаңа тақырыпқа қызығушылықты арттыру

Интерактивті тақтамен жұмыс: сөздерді мағыналарымен жұптастыру.

Керекті сөздер

футбол баскетбол волейбол хоккей бокс шахмат суда жүзу марафон шаңғы спорты

Мұзда сырғанау, қақпаға шайба салу ______________________________

Мимен ойлану, қарсыласына мат қою ______________________________

Суда жүзу, мәреге жүзіп жету ______________________________

Доп тебу, қақпаға гол соғу ______________________________

Допты қолмен ойнау, торға доп салу ______________________________

Жүгіру, мәреге жүгіріп жету ______________________________

Былғары қолғаппен ұру, қарсыласын нокаутқа түсіру ______________________________

Допты қолмен секіріп ұру, допты тордан асыру ______________________________

Шаңғы тебу, мәреге сырғанап жету ______________________________

IV. Жаңа тақырыпты меңгерту

Ұлттық спорт түрлері.

А) Сұрақтарға жауап беру

  1. 1 Адамдар спортпен неліктен шұғылданады?
  2. 2 Спорттың қандай түрлеріне арнайы дайындық қажет?
  3. 3 Қазіргі жастарға спорттың қандай түрі ұнайды?
  4. 4 Біздің елдегі ерекше танымал спорт түрлері қандай?
  5. 5 Халықаралық спорт жарыстарында жүлделі орын алған отандық спортшыларды білесің бе?
  6. 6 Қазақ халқының ұлттық спорт түрлері туралы не білесің?

Б) Ұлттық ойындар бойынша әңгімелесу

Аударыспақ Қыз қуу Тоғызқұмалақ Көкпар Теңге алу

В) Мәтінмен жұмыс

1) Сөздік жұмысы

Сөздерді оқып, аударыңдар. Жаңа сөздерден сөз тіркесі мен сөйлем құрастырыңдар.

Қайрат
сила, мощь
Иемдену
присвоить
Мәре
финиш
Жиналған қауым
собравшиеся люди

2) Мәтінді мәнерлеп оқу және аудару

Тақырып: Көкпар

Көкпар жаппай тарту және дода тарту деген екі түрге бөлінеді.

Жаппай тартуда жеке адамдардың қол қайратын, күшін көрсетуіне мүмкіндік бар. Ойынды кез келген жастағы адамдар ойнай алады, сондықтан көкпардың бұл түрі жаппай тарту деп аталады. Мұнда әркім лақты өзі иемденуге тырысады. Сайысты жиналған қауым тамашалайды.

Дода тартуда тәртіп қатаң сақтала бермейді. Үлкен топтарға бөлінген ойыншылар тұтас сайысады. Бұрын мұндай тартуға көбіне аталас ауылдар мен рулар түсетін. Осындай жағдайда көкпар кімнің қолына түссе, сонда қалады.

Айналма көкпар — серкені бір ғана белгіленген жерге апарып тастау.

Мәре көкпар — екі жақтан мәре белгіленіп, серкені әр тарап өз мәресіне апаруға таласады.

3) Септеу тапсырмасы

Мына сөздерді септеңдер:

көкпар мәре сайыс

V. Бекіту

Жаңа тақырыпты меңгергенін тексеру.

1) Жұптық жұмыс

Мәтін бойынша диалог құрастырыңдар.

2) Сипаттама беру

Берілген тірек сызба бойынша көкпардың түрлеріне сипаттама беріңдер.