Мұқағали МақатаевКүн аяз

Мұқағали Мақатаев

Күн аяз.
Қаңтарда ма, ақпанда ма,
Із кесіп, қан сонарға аттанғанда,
Қарайсың қырқаларға, қапталдарға,
Қарайсың ақ қағаздай жатқан қарға.
Аймақтың қоймай тінтіп түз - даласын,
Ұрымтал жерін іздеп, із бағасың.
Аулақта бара жатқан бір жолаушы,
Жолыңды кесіп өтсе қызғанасың.
Іздер жатар қар бетін шиырлаған,
(Шұбыртады із шықса қиындаған.)
Қызыл түлкі қырқадан қылаң етсе,
Құмай - тазы соңынан құйындаған.
Қанды басьп бері тарт, бұйыр маған!
Сайқалды соға алмаса құмай - тазы,
Құм қылып жігеріңді, мұңайтады.
Көзді арбап, қызықтырған бұл фәниді,
Түлкі деп бұрынғылар шын айтады.
Жұтынған құмарынды жояр алдап,
Жалт беріп сайқал түлкі қояр арбап,
Сонардан қасқыр да емес, түлкі де емес,
Қайтасың бірді - екілі қоян аулап...

Мұқағали Мақатевтың өлеңдері 1
Мұқағали Мақатевтың өлеңдері 2



Ұқсас жұмыстар

Мұқағали Мақатаев поэзиясындағы отаншылдық рух
Поэзия шеңберінің тәңір табынарлықтай құдіреті өлеңді
МҰҚАҒАЛИ МАҚАТАЕВ ШЫҒАРМАЛАРЫНЫҢ КӨРКЕМДІК ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Мұқағали Мақатаев – ғасыр ақыны
Кітап оқушылар конференциясы
Мұқағали Мақатаев туралы
М.Мақатаев поэзиясындағы анафора мен эпифора
«М.Мақатаевтың» портреті
М. Мақатаев өлеңдеріндегі лексикалық анафора мен эпифора
Табиғат лирикасының қазақ әдебиетіндегі көріністері
МҰҚАҒАЛИ МАҚАТАЕВ
Мақатаев Мұқағали
Аяз ата аямай
Аяз ата мен сізге
Аяз ата
Мұқағалидай ақыны бар халық - бақытты халық
Мұқағали - поэзия құдіретін адамдық асыл сезіммен байланыстырған дарынды ақын
Ассалаумагалейкум Аяз ата
Жаңа жылдың иесі Аяз ата
Құрметті Аяз ата