Қанатты сөздер, сандар

Математикадан сыныптан тыс жұмыс • 2-сынып

Математикалық сайыс

Сабақтың мақсаты

  1. Оқушылардың ауызша қосу, азайту және логикалық есептер шығарудағы білімдерін кеңейту.
  2. Танымдық қызығушылықты арттыру, ізденімпаздыққа баулу, ойлау қабілеті мен тіл байлығын дамыту.
  3. Тапқырлыққа, жылдамдыққа және өзін көрсете білуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі

Топтық сайыс

Көрнекіліктер

  • Қанатты сөздер
  • Сандар

Топтар

1-топ

Сұңқар

Команда

2-топ

Тұлпар

Команда

Ең алдымен әділқазылар алқасы сайланады.

Сайыстың барысы

Сценарий

Кіріспе сәлемдесу

I жүргізуші:

Армысыздар, ағайын, ағайын тілін табайын.

II жүргізуші:

Бармысыздар, бауырлар, өкпе жоқ — бізде бауыр бар.

I жүргізуші:

Есенбісіз ұстаздар, шаршамайтын қыс-жаздар.

II жүргізуші:

Құрметке ие үлкендер, алда жүзген желкендер.

II жүргізуші:

Кешке келген сайланып, отырам деп жайланып.

I жүргізуші:

Көрермендер аман ба? Отырған анау ойланып.

Бірге:

Бәріңізге бір сәлем!

I жүргізуші:

Ендеше, кешті бастайық.

II жүргізуші:

Екеуміз асықпай-саспайық.

II жүргізуші:

Топтарды ду қол шапалақпен қарсы алайық!

1-бөлім: «Кім көп біледі?»

Әр сұраққа — 1 ұпай.

  1. 1 сағатта неше минут бар?
  2. Ауыстырымдылық қасиет дегеніміз не?
  3. Тік төртбұрыштың қарама-қарсы қабырғалары қандай болады?
  4. Екі кесіндіден қандай фигура құрастыруға болады?
  5. Ұзындық өлшем бірліктерін ата.

2-бөлім: Сандар қатысқан мақал-мәтелдер

2 жақсы қас болмас.

2 жаман дос болмас.

5 бармақ жиналса, жұдырық болады.

30 тістен шыққан сөз, 30 рулы елге тарайды.

1 кісі қазған құдықтан 1000 кісі су ішеді.

7 жұрттың тілін біл, 7 түрлі білім біл.

Ат баспаймын деген жерін 3 рет басады.

5 саусақ бірдей емес.

1 тал кессең, 10 тал ек.

3-бөлім: Жұмбақ

I жүргізуші:

12 бұтағы бар алып екен,
52 шыбық тарап өсіп-өнген.
Шыбық сайын 7-ден жапырағы —
Бар ма еді сондай ағаш, көзің көрген?

II жүргізуші:

Жауабы: бұл — бір жыл. 12 бұтақ — 12 ай, 52 шыбық — 52 апта, ал әр аптада 7 күн бар.

4-бөлім: Жұмбақ есептер

  1. Үйректер туралы есеп

    Аулада 5 үйрек, қорада 3 үйрек. 1 үйрек тығылды, 1 үйрек жығылды. Қалғаны неше үйрек?

    Жауабы: 6

  2. Бұзаулар туралы есеп

    Жаңа ғана шалғында 6 бұзау жүр еді. Әлде шаршап қалды ма, жатып қалды біреуі. Енді нешеуі жайылып жүр?

    Жауабы: 5

5-бөлім: Жаңылтпаш

Жоғалды бес шыбыш, жоқ әлі еш сыбыс.
Жоқ әлі еш сыбыс, жоғалды бес шыбыш.

Төрт ақ шымшық, бір ақ шымшық.
Екі ақ шымшық, үш ақ шымшық.

Пеш үстінде бес мысық,
Бес күзетші — бес пысық.

6-бөлім: Есте сақтау тапсырмасы

Екі топқа бірнеше сөз айтылады. Оқушылар тыңдап, сөздерді дәптеріне жазады.

дециметр сызғыш төртбұрыш теңдік санды өрнек дәптер шаршы теңдеу қосу азайту

Қорытынды бөлім

  • Әділқазылар шешім қабылдағанша, көрініс қойылады: «Әке мен бала», «Сандар сөйлейді».
  • Сөз әділқазылар алқасына беріледі.