Сәкен Сейфуллин Аққудың айырылуы Сабақтың мақсаты
Сабақтың тақырыбы
Сәкен Сейфуллин — «Аққудың айырылуы»
Сабақтың түрі
Білім мен іс-әрекет тәсілдерін жүйелеу және қорытындылау.
Сабақтың әдістері
Репродуктивті және эвристикалық әдістер.
Көрнекіліктер
Интерактивті тақта, суреттер, маркерлер, тапсырмалар.
Негізгі құндылық
Адал достыққа үндеу және қоршаған ортаны қорғауға шақыру.
Сабақтың мақсаты
- Сәкен Сейфуллиннің өмірі мен шығармашылығы туралы білімді тереңдету.
- Поэмадағы негізгі идеяны түсіндіру.
- Оқушылардың мәнерлеп оқу дағдысын дамыту.
- Тірек кестелерге сүйене отырып, ауызекі сөйлеу дағдысын жетілдіру.
- Өз ойын еркін жеткізуге дағдыландыру.
Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі
Топқа бөлу
Оқушылар көк, жасыл және сары түсті аққу суреттері арқылы үш топқа бөлінеді.
Психологиялық дайындық
Сабаққа сәттілік тілеу және «Алтын ережені» еске түсіру.
Жылы лебіз:
Мейірімді жүрекпен,
Ақпейілді тілекпен,
Амандасып алайық,
Бір жадырап қалайық!
Алтын ереже
- 1. Басқаның пікірін сыйлау.
- 2. Уақытты тиімді пайдалану, регламент сақтау.
- 3. Тапсырмаларды тиянақты орындау.
- 4. Шынайы түрде формативті бағалау.
- 5. Сыныпта және топта тәртіп сақтау.
1) Қызығушылықты ояту
Тапсырма
Әр топқа берілген суретте мақалдың бөлігі жазылған. Топ мүшелері мақалдарды құрастырады.
Құрастырылатын мақалдар
- Аққу — құстың сұлтаны.
- Аққуды атпа, досыңды сатпа.
- Аққуды атуға болмайды, махаббатты қорлауға болмайды.
Сұрақ: Бүгінгі сабақ не туралы болады деп ойлайсыңдар?
С. Сейфуллин шығармашылығына шолу
«Өрмекші» оқыта-үйрету ойыны
Әр дұрыс жауап: 10 ұпай
Оқушылар кезекпен әр үстелдің тапсырмасын орындайды. Белгіленген уақыт ішінде үлгерген жауаптарын жазып қалдырады. Әр топ барлық үстелдің тапсырмаларын орындауы тиіс. Мұғалім жауаптарды тексеріп, бағалайды.
№1 үстел
-
1) С. Сейфуллин қашан, қай жерде дүниеге келген?
1894 жыл, қазіргі Қарағанды облысы, Жаңаарқа ауданы.
-
2) Тұңғыш өлеңдер жинағы қалай аталады?
«Өткен күндер».
-
3) Ақынның қандай драмалық шығармалары бар?
«Қызыл сұңқарлар», «Бақыт жолында».
№2 үстел
-
1) С. Сейфуллин қайда білім алды?
Омбыдағы мұғалімдер семинариясында.
-
2) Тұңғыш өлеңдер жинағы қашан және қай қалада басылып шықты?
1914 жылы, Қазан қаласында.
-
3) Проза саласындағы еңбектері
«Тар жол, тайғақ кешу» романы; «Бандыны қуған Хамит», «Мүслім» әңгімелері; «Айша», «Жер қазғандар», «Жемістер», «Сол жылдарда», «Біздің тұрмыс» повестері.
№3 үстел
-
1) Сәкен поэзиясының тақырыптары
Туған жердің сұлу табиғаты, ел тағдыры, достық, жастық.
-
2) Сәкеннің әндері
«Ақсақ киік», «Тау ішінде», «Көкшетау».
-
3) Ақынның поэмалары
«Көкшетау», «Альбатрос», «Қызыл ат», «Аққудың айырылуы».
2) Мағынаны ажырату
«Аққудың айырылуы» поэмасы бойынша бөлімдермен жұмыс.
1-топ
Көлді мекендеген құстар
- Мәнерлеп оқу.
- Тақырып бойынша сурет салып, әңгімелеу.
- Көлді сипаттаудағы теңеулерді тауып, көл құстары туралы айту (үзіндінің түйіні).
2-топ
Екі аққудың кездесуі
- Мәнерлеп оқу.
- Тақырып бойынша сурет салып, әңгімелеу.
- Бұл бөлімде ақын нені жырлайды? (үзіндінің түйіні).
3-топ
Мергеннің аққуды атуы
- Мәнерлеп оқу.
- Тақырып бойынша сурет салып, әңгімелеу.
- Аққу өз өлімі арқылы нені дәлелдеді? (үзіндінің түйіні).
Бағалау: Топтар бір-бірінің жұмыстарын өзара бағалайды.
3) Сабақты бекіту
«Екі жақты түсіндірмелі күнделік» әдісі арқылы қорытынды жасау.
Поэмадан маған әсер еткен шумақ
Неліктен ол маған әсер етті?
Сабақты Сәкеннің «Көкшетау» әнімен аяқтау ұсынылады.
4) Рефлексия
Сабақ бойынша ойыңды білдір:
1) Қандай жаңа білім алдың?
2) Алған біліміңді қолдана аласың ба?
3) Қандай түсініктер қиындық тудырды?