Оқушыны бағалау
Сабақтың тақырыбы
Күйді жаттау әдісі.
Сабақтың мақсаты
Оқушыны күймен жүйелі жұмыс жасауға үйрету, күйді қысқа уақытта жаттаудың тиімді тәсілдерін меңгерту, шығарманы сезініп орындауға және мазмұнын түсінуге баулу.
Білімділік
Домбыраны меңгерту арқылы музыкалық білімін арттыру, есте сақтау қабілетін дамыту.
Дамытушылық
Нотаны сауатты оқуға, дәл орындауға, дыбыс әсерлігін және музыкалық сезінуді жетілдіруге бағыттау.
Тәрбиелік
Күйге деген сүйіспеншілікті арттыру, әсемдікке, өнерге құштарлыққа тәрбиелеу.
Пәнаралық байланыс
Қазақ музыка әдебиеті, сольфеджио.
Көрнекілік
- Сабақты слайд арқылы көрсету
- Бейнетаспа/үнтаспа арқылы күйлерден үзінділер тыңдату
Оқыту формасы
Оқушымен жеке жұмыс.
Сабақтың жоспары
I бөлім — Ұйымдастыру кезеңі
- 1 Оқушының сабаққа әзірлігін тексеру, дұрыс отыруын және домбыраны дұрыс ұстауын қадағалау.
- 2 Үй тапсырмасы: Этюд №1 (Л. Хамиди) — қол жүргізуді қалыптастыруға арналған жаттығу ретінде қайталату (5 минут).
II бөлім — Негізгі бөлім
- 1 Күй туралы түсінік беру (5 минут).
- 2 Дәулеткерей Шығайұлының өмірі мен күйлеріне шолу жасау (10 минут).
- 3 Тақырыпқа сай күй: Дәулеткерей Шығайұлы — «Қыз Ақжелең» (10 минут).
III бөлім — Қорытынды
- 1 Оқушыға тест орындату (5 минут).
- 2 Сабақты пысықтау (5 минут).
- 3 Үй тапсырмасын бекіту (3 минут).
- 4 Оқушыны бағалау (2 минут).
Сабақтың барысы
Кіріспе және дайындық
Ашық сабақ 2-сынып оқушысымен өткізіледі. Сабақ басталмас бұрын оқу құралдары тексеріледі. Оқушының дұрыс отыруы, домбыраны дұрыс ұстауы және қол қойылымы қадағаланады.
Үй тапсырмасы: Этюд №1 (Л. Хамиди) — жаттығу ретінде қайталанады.
Күй туралы қысқаша түсінік
Күй — қазақ халқының рухани мәдениетінің аса маңызды саласы. Күйшілік өнер көне заманнан бері халқымызбен бірге жасасып, ұрпақтан ұрпаққа аманат болып жеткен құнды мұра.
Күйде ұлы оқиғалар, өмір шындығы, айтыс-тартыс, той-думан, тұрмыс-тіршілік, сондай-ақ табиғат көріністері бейнеленеді.
Бүгінгі практикалық жұмысқа алынатын шығарма: Дәулеткерей Шығайұлы — «Қыз Ақжелең».
Дәулеткерей Шығайұлы: өмірі мен шығармашылығы
Дәулеткерей Шығайұлы шамамен 1820 жылдары қазіргі Батыс Қазақстан өңіріндегі (бұрынғы Орал облысы) Орда ауданында ауқатты отбасында дүниеге келген. Әкесі Шығай мен Бөкей ордасының ханы Жәңгір оны жастайынан ел басқару ісіне баулыған.
Алғашында ол бірнеше руды басқарған. Алайда билік жолындағы қаталдықтың салмағын нәзік жүрегімен ерте сезінгені айтылады. Жәңгір ханның қарапайым қазақтардың жерін тартып алып, шұрайлы жайылымдарды отаршыл билікке беруі Дәулеткерейдің де наразылығын тудырған.
Тікелей қатыспаса да, XIX ғасырдың орта тұсындағы Исатай–Махамбет көтерілісіне тілектес болғаны жөнінде деректер кездеседі. Мұндай көңіл күйдің көрінісін оның «Жігер» сияқты күйлерінен аңғаруға болады.
Академик Ахмет Жұбановтың дерегіне сүйенсек, күйшінің туған жиені Науша Бөкейханов Дәулеткерейдің елу шақты күйін орындаған. Құнды мәліметтердің бір бөлігі осы кісінің жеткізуімен белгілі болған.
Дәулеткерей бала күнінде молдадан оқып, мұсылманша хат таныған. Ордада орысша білім алуға да мүмкіндік жасалып, ол орыс тілін меңгеріп, оқып-жаза алған. Домбыра шеберлігін Мүсірәлі атты күйші-орындаушыдан үйренгені айтылады.
Халық тағдырын, елдің еркіндікке ұмтылысын бейнелейтін «Топан», «Жігер» күйлері тегеурінділігімен қатар, ержүрек адамның салмақты толғанысын да жеткізеді. Дәулеткерей өткен ғасырдың 70-жылдары өмірден озғанымен, өлмес мұра қалдырған ұлы күйшілердің бірі.
Күйлерінен мысалдар
«Желдірме», «Тартыс», «Ысқырма», «Қос алқа», «Көркем ханым», «Құдаша», «Жеңгем сүйер» және т.б.
Тыңдалым және қайталау
- Үнтаспадан «Қос алқа», «Құдаша», «Түрікмен» күйлерінен үзінді тыңдату.
- Бұрын өткен «Қос алқа» күйін оқушыға орындату.
Күйді құрылымға бөлу (буындарға жіктеу)
Жаттауды жеңілдетудің тиімді жолы — шығарманы ірі бөлімдерге (буындарға) бөліп, әр бөлікті жеке меңгерту.
1) Бас буын
2) Орта буын
3) Орта буынның дамуы
4) Саға
5) Сағаның дамуы
6) Орта буын (қайту)
7) Қорытынды
Практика: «Қыз Ақжелең» күйін жаттау әдісі
Бұл бөлімде мұғалім күйді өзі орындап көрсетеді және шығарманы буындарға бөліп, кезең-кезеңімен меңгертеді.
- 1) Алдын ала талдау: өлшем бірлігін, екпінін, қағыс түрлерін нотаға қарап ауызша анықтап шығу.
- 2) «Құйма құлақ» әдісі: домбыраны қолға алып, ерекше қиын жерлерін мұғалім жеке көрсетеді; оқушы қайталап орындайды.
- 3) Нотаны тікелей оқу: I сағаны баяу екпінде, дәлдікке мән беріп орындау.
- 4) Бірігіп орындау: нотаны тікелей оқи отырып, мұғаліммен бірге тоқтамай қосылып орындау.
Қайталау, бекіту және бағалау
Сабақ соңында сұрақ-жауап арқылы негізгі ұғымдар қайта қаралады, оқушының түсіну деңгейі тест арқылы тексеріледі. Белсенді қатысқаны үшін бағаланып, үй тапсырмасы күнделікке жазылады.
Тест: «Қыз Ақжелең»
1. Қайталау белгісі:
а) кварта б) нота қ) реприза
2. Әртүрлі дыбыс ұзақтықтарының белгілі мерзімде алма-кезек ауысуы:
в) нота ы) ырғақ и) сызық
3. Музыкалық дыбыс:
з) нота а) белгі д) сызық
4. 1-ге саналатын нота:
а) төрттік в) сегіздік ғ) бүтін
5. Қатты ойнау белгісі:
б) p в) mf қ) f
6. Мажор қалай ойналады?
м) көңілсіз ж) көңілді и) әуенді
7. Қозғау белгісін ата:
т) тоника е) диез в) кварта
8. Музыкада неше нота бар?
в) үш г) бір л) жеті
9. Бірінші сызықтың бойындағы нота:
ф) си е) ми г) до
10. До мен ре нотасының арасы қандай интервалға тең?
с) кварта ң) үлкен секунда д) квинта
Сұрақ-жауап арқылы бекіту
- Бүгінгі сабақтың тақырыбы қандай?
- Оған байланысты қандай күй алып, талдадық?
- Күйдің авторы кім?
- Тестте қай күйдің атауы берілді?