Ана туралы өлең айтып беру
Сабақ тақырыбы мен мақсат-міндеттері
Тақырып
Баубек Бұлқышев: «Ана»
Негізгі мақсат
- Баубек Бұлқышев туралы жалпы мағлұмат беру.
- «Ана» мәтінінің мазмұнын ашу.
- Мәтінді мәнерлеп, ырғақпен оқуға жаттықтыру.
Тәрбиелік және дамытушылық бағыт
- Ой-өрісті, дүниетанымды кеңейту; шығармашылық жұмысқа ынталандыру.
- Сөздік қорды молайту, тіл дамыту.
- Ананы құрметтеуге, анаға деген махаббаттың тілмен толық жеткізілмейтінін ұғындыруға тәрбиелеу.
Сабақ түрі
Кіріктірілген сабақ
Әдіс-тәсілдер
Баяндау, сұрақ-жауап, тіл дамыту, қайталау
Көрнекіліктер
Б. Бұлқышев суреті, «Ғажайып алаң» кестесі
Пәнаралық байланыс
Ән, қазақ тілі
Сабақ барысы
I. Ұйымдастыру
Оқушыларды 3 топқа бөліп отырғызу. Сабаққа назар аударту, жұмыс ережесін еске түсіру.
II. Үй тапсырмасын сұрау
- Әңгіме кімнің атынан баяндалған?
- Оралхан Бөкей деген кім?
- Жазушы ілтипатпен, ыстық ықыласпен еске алып отырған адам кім?
- Жазушы қонаққа барған кезде отынға барған сәтіне байланысты апасы туралы не айтады?
- Астау және келі дегеніміз не?
- Әңгімедегі әженің өнерлі екенін неден аңғардың?
Үй тапсырмасын бекіту
Қазақ халқында: «Өз балаң өскенше, немерең өле-өлгенше» деген нақыл бар. Бүгінгі әңгімеде немеренің әжесіне деген сезімі, бала жүрегінен шыққан сағынышы суреттеледі. Бұл — мейірім мен жақындықты терең сезіндіретін көрініс.
III. Жаңа сабақ
Жұмбақ
Бала, бала, бала! — деп,
Түнде шошып оянған.
Түн ұйқысын төрт бөліп,
Түнде бесік таянған —
Бұл кім?
Жауабы: Ана
Ребус
Ребусты шешу арқылы бүгінгі тақырып анықталады.
Шешуі: Баубек Бұлқышев — «Ана»
«Ана» ұғымын ашу
«Ана» — қасиетті сөз. Бәрімізге жарық дүниені сыйлаған да — ана. «Бала — ананың бауыр еті» деп бекер айтылмайды: ана баласы үшін отқа да күйеді, суға да түседі; өмірдің суығына тоңып, ыстығына төзеді.
«Қарға баласын “аппағым”, кірпі баласын “жұмсағым” дер» дегендей, анаға өз баласынан артық жан жоқ. Тіпті жан-жануардың өзі төлін мейіріммен қорғайды.
Адамдар анаға деген құрметін әртүрлі жолмен білдіреді: бірі сый-құрмет көрсетеді, ақын өлең арнайды, жазушы шығарма жазады, сазгер ән-күй шығарады. Демек, адамзат баласы ана алдындағы борышын өтеуге әрдайым ұмтылады.
Автор өміріне шолу: Баубек Бұлқышев (1916–1944)
Баубек Бұлқышев — Ұлы Отан соғысы жылдарында ерлікпен қаза тапқан қазақ қаламгері. Ол небәрі 28 жасында майданда қаза болды. Туған жері — қазіргі Қарағанды облысы аумағындағы Жезді өңірі. «Балалық шақ», «Елімізде қанды жорықтар» және басқа да туындылары бар.
1916
Қарағанды облысы, Жезді ауданында дүниеге келді.
1932
Қарсақпай зауытындағы фабрика-зауыт училищесіне оқуға түсті.
1933–1934
«Ұлытау» совхозында түрлі шағын қызмет атқарды.
1935
Оқу іздеп Алматыға келді.
1938
Техникумның 2-курсын тәмамдады.
1940–1944
Армия қатарына алынып, Мәскеудегі училищеде оқыды; 1944 жылы соғыста қаза тапты.
Талқылау: автор туралы тағы кім не біледі? Қандай дерек қосуға болады?
IV. Жаңа сабақты бекіту
Дәптермен жұмыс: жасырылған сөздерді табу
Төмендегі әріптер жиынтығынан тақырыпқа қатысты сөздерді табыңдар.
М Ж Ы Г Ж Ұ М С А Қ А А Н Е Е Д Е К Л А С Қ Р Н Б А Л Е О Р Р Ы А К І У О Н Р Л Д Н Ж А Н С Н Г П А Ы Ж Р Ш Д Ы К У Ж Ш С Э Т А Й Н А Л Ы П Т Т О Л Ғ А Н Ғ А Н Ы У И Б К З У Е Э С Қ А Л А Қ А Н Ы Б М
«Ғажайып сәт» ойыны: сұрақтар
- Бұл шығарма бұрын өткен шығармалардың қайсысына ұқсайды?
- Әр баланың анаға деген махаббаты қай кезден басталады деп ойлайсың?
- Сені анаң қалай еркелетеді?
- Ана туралы бір шумақ өлең оқып бер.
- Аналар мерекесі қашан? Анаңа не сыйлар едің?
- Анаңның туған күні қашан?
- … атқа шапса, … үйде отырып тақымын қысады. (Мақалды толықтыр.)
- Анаңның құшағынан нені сезінесің?
- «Анаңды Меккеге үш рет арқалап апарсаң да, ақ сүтін ақтай алмайсың» дейді. Неге?
Сергіту сәті: жаңылтпаш
1) Шеше, шеше,
Неше кесе
Сынды кеше?
2) «Шөжем» деп шешесі бәйек,
«Шешем» деп шөжесі бәйек.
Шешесі «шөжем жесін» дейді,
Шөжесі «шешем жесін» дейді.
Жаңылтпашты кезекпен айтып, бір-біріне қайталату.
Топтық шығармашылық тапсырмалар
1-топ
Бос орындарды толтыр:
___________________ данасың,
___________________ панасың.
___________________ баласын,
___________________ анашым.
2-топ
«Бес жолды өлең» құрастыр:
Кім? __________________
Қандай? __________________
Не істеді? __________________
Не үшін? __________________
Ой түйін: Ана — асыл адам.
3-топ
Ана туралы өлең айтып бер.
Топтар бір-бірімен жарысады, орындау мәнері мен мазмұны бағаланады.
V. Қорытынды
Шығармаларды салыстыру
- «Апамның астауы» — немеренің әжесіне деген сағынышын, іңкәр сезімін суреттейді.
- «Ана» — ананың балаға деген сүйіспеншілігін, мейірімін, махаббатын терең танытады.
Тақырып пен негізгі ой
Тақырыбы: Ана
Негізгі ойы: Анаға деген махаббат пен құрмет — адамгершіліктің өзегі.
VI. Бағалау
Бес жұлдыз — 5
Өте жақсы
Төртбұрыш — 4
Жақсы
Үшбұрыш — 3
Қанағаттанарлық
Белгілер таратылады, оқушы өз бағасын анықтайды.
VII. Үй тапсырмасы
- Мәтінді түсініп оқу және жаттау.
- I топ: «Ана» тақырыбына сурет салу.
- II топ: «Ана» тақырыбына байланысты мақал-мәтел жазып, жаттау.
- III топ: «Ана» сөзіне ребус құрастыру.