Оюларды бояу үшін заливка - палитрадан түс таңдау бояу

Ақтөбе облысы, Алға ауданы, Нұрбұлақ ауылы

Автор: Бирманов Нұржан Аманкелдіұлы

Қазақ халқының ұлттық ою-өрнектері — «Өнер — таусылмас қазына, жұтамас байлық». Бұл жұмыстың мақсаты — ұлттық құндылықтардың бірі саналатын ою-өрнек арқылы оқушының ақыл-ойын, шығармашылығын және өнерге деген эстетикалық талғамын қалыптастыру, сондай-ақ компьютер көмегімен ою салуды үйрету.

Ою-өрнектің даму тарихы

Қазақ ою-өрнегінің шығу тарихы өте тереңде жатыр. Ертеде адамдар қоршаған ортаны бейнелеу үшін көрген-білгенін сурет арқылы жеткізген.

Мысалы, «Алтын адам» киіміндегі ою-өрнектер — типизациялау арқылы берілген зооморфты бейнелер. Бұл дерек сақтар мен ғұндар дәуірінен-ақ жануарлар мен өсімдіктерді ою арқылы суреттеу кең тарағанын көрсетеді.

Бүгінде қазақ ою-өрнектерінің 200-ге жуық түрі бар. Ұлттық өнердегі орны ерекше бұл мұраны сарқылмас қазына деуге толық негіз бар.

Ою-өрнектің түрлері

Жіктелуі

Қазіргі бізге жеткен ою-өрнектер негізгі 4 топқа бөлінеді:

  • Геометриялық оюлар
  • Зооморфты оюлар
  • Өсімдік тектес оюлар
  • Аспан денелеріне байланысты оюлар

Кілтті ой

Ою-өрнек — тек сәндік элемент емес. Ол халықтың дүниетанымы мен табиғатқа көзқарасын жинақтайтын, қиял мен сезімді оятатын көркем тіл.

Қарапайым «қошқар мүйіз» оюының өзі әр аймақта түрленіп, сан алуан бұйымдарда әртүрлі мәнерде қолданылып келеді.

Қолдану аясы

  • Қазақтың ежелден келе жатқан үй жиһаздарынан, ер-тұрманынан, ұлттық киімдерінен, ыдыс-аяғынан ою-өрнек нақышын көруге болады.
  • Бұл — ою-өрнектің адам қиялын және сезімін қозғайтын көркемдік қуаты бар екенінің дәлелі.

Ою-өрнекті мектепте бейнелеу өнері сабағында қолдану

Тәжірибе көрсеткендей, ою-өрнек оқушылардың бейнелеу өнеріне деген құштарлығын және қызығушылығын арттыруда маңызды рөл атқарады.

Қазіргі заман — ақпараттық технология заманы. Сондықтан компьютер арқылы ою салуды үйрету — жаңашыл әдіс. Бұл тәсіл ұлттық нақышты қазіргі дизайн тілімен ұштастырып, ескіні жаңартуға мүмкіндік береді.

Топтық жұмыс үлгісі

1-топ: «Шеберлер»

Оюды түрлі-түсті қағаздан ойып, картонға жапсырып, дайын нұсқа жасайды.

2-топ: «Дизайнерлер»

Дайын үлгіні компьютерге енгізіп, графикалық редакторда өңдейді.

Нәтиже

Сабақ соңында оқушылар дайын ою элементтерін біріктіріп, біртұтас композиция құрастырады. Бұл жұмыс кеңістіктік ойлауды, дәлдікті және сәндік шешім табуды дамытуға көмектеседі.

Paint графикалық редакторында ою салу әдісі

  1. 1 Бағдарламаны ашып, Вид → Масштаб → Крупный (ірі масштаб) күйіне ауыстырыңыз.
  2. 2 Карандаш құралымен оюдың бір элементін сызып шығыңыз.
  3. 3 Екінші үлгі үшін: Выделение → Правка → Копировать → Правка → Вставить.
  4. 4 Үлгіні бұрып орналастыру: Рисунок → Отразить/Повернуть арқылы (қажетті бұрылыс бұрышын таңдаңыз) композицияға сай қойыңыз.
  5. 5 Келесі үлгілер үшін Правка → Вставить командасын қайталап, элементтерді солдан оңға қарай реттеп орналастырыңыз.
  6. 6 Төртінші элементті жоғарыдан төмен бағытында айнаша аударып орналастырыңыз.
  7. 7 Бояу үшін Заливка құралын таңдап, палитрадан түс алып бояңыз.

Осы қадамдар нәтижесінде ою элементтері симметрияланып, жинақы көркем өрнек шығады.

Қорытынды

Сан ғасырлар бойы халықтың жұтамас өнеріне айналған қолөнер туындылары бүгінгі күні де өз орнын тауып, шеберлердің ізденісі мен қиялы арқылы дамып, жаңа түр мен жаңа мазмұнға ие болып келеді.

Сондықтан мектепте ою-өрнек арқылы ұлттық қазынамен таныстыра оқыту — тәрбиелік мәні жоғары, тиімді әрі қажетті құрал деп есептеймін.