Сөз мәйегі аялдамасы

Тақырыбы: Тіл тағдыры – ел тағдыры

Мақсаты

Ана тілінің қадір-қасиетін ардақтауға, оның болашағына қамқор болуға және әркімнің өз үлесін қосуына тәрбиелеу. Ұлы ақын-жазушылардың сөзін терең түсініп, алған білімді дамыту. Өлеңдерді мәнерлеп оқуға, мақал-мәтелдерді орынды қолдануға, Отанды қорғауға баулу.

Түрі

Тренинг-сайыс

Көрнекілігі

Нақыл сөздер

Кіріспе және ұйымдастыру кезеңі

Топқа бөлу

Оқушыларды жебе тастау әдісі арқылы төрт топқа бөліп, орындарына отырғызамыз.

Мұғалімнің кіріспе сөзі

Құрметті ұстаздар, оқушылар! «Тіл тағдыры – ел тағдыры» атты тренинг-сайысымызға қош келдіңіздер! Тіл – қоғамдағы қарым-қатынастың негізгі құралы. Қазақ тілі – дүние жүзіндегі ең бай, беделді әрі бейнелі тілдердің бірі.

«Ана тілін жақсы меңгеріп алмай тұрып, өзге пәндерді түсіну мүмкін емес. Ана тілі – жүректің сырларын, халықтың басынан кешкен дәуірлерін ұрпақтан-ұрпаққа жеткізіп, сақтап отырған қазына».
Ж. Аймауытов

Осы ойды темірқазық ете отырып, дана сөзге сүйеніп, сайысымызды бастаймыз.

Сайыс шарттары

  • Әр «аялдамаға» (кезеңге) мүмкіндігінше тез жетіп, тапсырманы орындау қажет.
  • Әр тапсырма ең жоғарғысы 5 балл бойынша бағаланады.
  • Ұпайы жоғары топ жеңімпаз атанып, марапатталады.
  • Тапсырмалар тіл білімін, әдеби талғамды және ой ұшқырлығын тексереді.

Өтілу барысы: Аялдамалар

I. «Сырлары көп білімнің аялдамасы»

«Көп ойлан, жақсы сөйле – нұсқа болсын,
Сұраса жауабың да қысқа болсын».
Ж. Баласағұни

I топ тапсырмалары

  1. Абай білім алған медресе қалай аталады?
  2. Қазақ тілінде неше септік бар? Атап шығыңдар.
  3. «Қазақ хрестоматиясын» жазған кім?
  4. Белгілі бір құбылыс не оқиға жөнінде хабарлайтын мәтін түрі қалай аталады?

II топ тапсырмалары

  1. Желтоқсан оқиғасының құрбандарын атаңдар.
  2. «Ойлан» сөзінің түбірі қандай?
  3. Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі қай тіл?
  4. «Ата» сөзін септеңдер.

III топ тапсырмалары

  1. Абайдың қанша қара сөзі бар?
  2. Қазақстан Республикасының рәміздерін атаңдар.
  3. Айтыстың түрлерін атаңдар.
  4. «Жеті» санына қатысты ұғымдарды атаңдар.

IV топ тапсырмалары

  1. Сөз таптарын атаңдар.
  2. «Әдемі» сөзіне синонимдік қатар құраңдар.
  3. Тіл туралы 5 мақал-мәтел айтыңдар.
  4. Тіл туралы өлең жолдарын оқыңдар.

II. «Сүйемін туған тілді...» аялдамасы

Тапсырма: Барлық 4 топқа — тіл туралы өлеңді мәнерлеп оқу.

III. «Атаның сөзі – ақылдың көзі» аялдамасы

«Сөз – өмірдің салмақты түйіні,
Әрбір сөзде жатыр маржан бұйығып».
Ә. Жәми

Тапсырма: Тіл туралы мақал-мәтелдерді жатқа айту. (Уақыт беріледі.)

IV. «Сөз мәйегі» аялдамасы

«Тіл қаруы – сөз, сөз қаруы – ой. Ақылды ой, алғыр сөз – адамның ең жоғарғы қасиеті».
Ғ. Мұстафин

Тапсырма: Адасқан әріптерді дұрыс орналастырып, сөз шығару. Әр топқа 3 сөзден беріледі.

I топ

  • Әріптер
    П. Қ. И. Ұ. Я
    Жауабы: құпия
  • Әріптер
    Ш. Қ. О. Ы. Т. Қ. Л.
    Жауабы: тоқшылық
  • Әріптер
    М. Н. А. Ы. Д. И. Қ. Л.
    Жауабы: имандылық

II топ

  • Әріптер
    А. І. А. Т. Н. І. Л. Н.
    Жауабы: ана тілін
  • Әріптер
    І. Б. У. Л
    Жауабы: білу
  • Әріптер
    М. З. П. Ы. Р. Ы. А.
    Жауабы: парызым

III топ

  • Әріптер
    Ө. К. Н. Р. Й. Е. К. Е. Т. І. М.
    Жауабы: көркейтемін
  • Әріптер
    Л. Т. І.
    Жауабы: тіл
  • Әріптер
    А. Б. Й. Ы. Л. Ы. Н. Ғ.
    Жауабы: байлығын

IV топ

  • Әріптер
    І. Т. Л.
    Жауабы: тіл
  • Әріптер
    А. Т. С. У. Л. Ы. А. М. Й. Ы. Н. Т.
    Жауабы: таусылмайтын
  • Әріптер
    Ф. Б. Л. Й. Қ. Ы.
    Жауабы: байлық

V. «Тілді қорғау – парызым» аялдамасы

«Білімділіктің ең басты факторы — туған тілінде сөйлеуден және оны сыйлаудан басталады».
П. Гегель

Тапсырма: Болашақта Қазақстан халқы қазақ тілін қалай меңгеретінін көз алдыңызға елестетіп, сурет салыңыз немесе 5 минуттық эссе жазыңыз. (Уақыт беріледі.)

Қорытындылау кезеңі

Қазылар алқасы

Қорытынды сөз қазылар алқасына беріледі. Жеңімпаз топ марапатталады.

Ескерту

Қажет болған жағдайда I аялдамадағы білім сұрақтары қайта қойылып, топтардың нәтижесі нақтыланады.