Құрмалас сөйлемге мысал айт
Сабақ туралы мәлімет
- Сынып
- 4-сынып
- Мұғалім
- Төлегенова Ж. Т.
- Сабақтың тақырыбы
- Қыстырма сөз
- Сабақтың типі
- Жаңа сабақ
- Сабақтың әдістері
- Сұрақ-жауап, тірек-сызба, топпен жұмыс, логикалық тапсырмалар, үлестірмелі парақ, тұжырымдамалық карта, семантикалық карта
- Құрал-жабдықтар және көрнекілік
- Интерактивті тақта, ребус, тірек-сызбалар
Сабақтың мақсаты
Білімділік
Оқушыларға қыстырма сөз туралы түсінік беру, сөйлем ішінен қыстырма сөздерді таба білуге үйрету.
Дамытушылық
Жаттығулар арқылы оқушылардың логикалық ойлауын дамыту, шығармашылық қабілетін, байқампаздығын және сөздік қорын кеңейту.
Тәрбиелік
Ұқыптылыққа, тиянақтылыққа және ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Жаңа ұғым: қыстырма сөз
Қыстырма сөз — сөйлемдегі ойға сөйлеушінің көзқарасын, бағасын немесе көңіл күйін білдіретін, бірақ сөйлем мүшесі болмайтын сөздер.
Мысалы: «Мүмкін, ол келіп қалар.»
Сабақтағы бастапқы тапсырма
Сөздер мен сөйлемдерге сұрақ қою арқылы қыстырма сөздерді ажырату.
- Кітап
- Амал
- Қанша
- Жасыл
- Бәсе
- Барды
- Меніңше
- Төртінші
- Сірә
Ребус және қорытынды
Ребус шешілгеннен кейін оқушылар өз ойларын айтып, анықтаманы бірлесіп құрастырады.
Мағынасы мен көңіл күйіне қарай қыстырма сөздер бірнеше түрге бөлінеді. Топтарға берілген сөздер арқылы оқушылар қыстырма сөздің түрін анықтайды.
Сабақтың барысы
-
I. Кіріспе бөлім
- Ұйымдастыру кезеңі (сәлемдесу).
- Топқа бөлу (түрлі-түсті мозайка арқылы) — 1 минут.
- Психологиялық ахуал — 2 минут.
-
II. Үй тапсырмасын тексеру («Қарлы доп» әдісі)
Әр топқа 2 сұрақтан беріледі — 5 минут.
1-топ
- Жай сөйлем дегеніміз не?
- Құрмалас сөйлем дегеніміз не?
2-топ
- Күрделі ойды білдіру үшін көбіне қандай сөйлем қолданылады?
- Құрмалас сөйлемде қандай тыныс белгісі қойылады?
3-топ
- «Қыс түсті. Өзен суы қатты.» Осы екі жай сөйлемді құрмалас сөйлемге айналдыр.
- «Қарлығаш төмен ұшса, күн жауады.» Бұл қандай сөйлем? Дәлелде.
4-топ
- Екі немесе одан да көп жай сөйлемнен құралған сөйлем қалай аталады?
- Жалғасын тап: «Ол бүгін ерте келіп, ...»
5-топ
- Құрмалас сөйлемге мысал келтір.
- Жай сөйлемге мысал келтір.
-
III. Жаңа сабақ
Қыстырма сөзді танып-білу және анықтамасын шығару — 10 минут.
Үлестірмелі парақ арқылы қыстырма сөздердің мағынасына қарай топтарға бөлінетінін анықтау: әр топқа қыстырма сөздер беріледі, оқушылар сол сөздер арқылы қыстырма сөздің түрін табады.
-
IV. Оқулықпен жұмыс
Топтық тапсырмалар — 5 минут.
-
1-топ
57-жаттығу
-
2-топ
58-жаттығу
-
3-топ
59-жаттығу
-
4-топ
62-жаттығу
-
5-топ
63-жаттығу
-
-
V. Сергіту сәті
Қысқа сергіту жаттығулары — 1 минут.
-
VI. Тұжырымдамалық карта
Әр топ А3 қағазына тұжырымдамалық карта жасап, қорғайды — 10 минут.
-
VII. Семантикалық карта
Бекітуге арналған тапсырма — 5 минут.
-
VIII. Қорытынды бөлім
Жаңа сабақты бекіту және пысықтау сұрақтары — 3 минут.
- Қыстырма сөз дегеніміз не?
- Қыстырма сөз сөйлемнің қай жерінде келеді?
- Қыстырма сөзді алып тастаса, сөйлемнің мағынасы өзгере ме?
-
IX. Оқушылар білімін бағалау
Жеке оқушыларды бағалау, топтық сайыс нәтижесін бағалап, марапаттау — 3 минут.
-
X. Үй тапсырмасы
77-беттегі 5-кестеде берілген сөздерді қолданып, қыстырма сөздері бар сөйлемдер құрау.