Тиін жаңғақ жейді, қане бәріміз жаңғақ деп қайталайықшы

Сабақтың мақсаты

Тәрбиелік және танымдық бағыт

  • Қоршаған ортамен таныстыру, баланың туған жерге деген сүйіспеншілігі мен жанашырлығын арттыру.
  • Құстар мен аңдар туралы түсініктерін кеңейту.
  • Жан-жануарлар мен құстарды аялауға, қамқорлық жасауға тәрбиелеу.

Дамытушылық бағыт

  • Есте сақтау, ойлау және аңғарымпаздық қабілеттерін дамыту.
  • Қоршаған орта ерекшеліктерін танып-білу дағдыларын жетілдіру.
  • Ұшатын, секіретін, жүгіретін қимылдарды ажыратып, сәйкес жануарларды анықтай білуге үйрету.
  • Сөздерді анық, дұрыс айтуға үйрету.

Әдіс-тәсілдер

  • көрсету
  • түсіндіру
  • әңгімелеу
  • сұрақ-жауап
  • ойын

Пәнаралық байланыс

Тіл дамыту.

Оқу іс-әрекетінің форматы

  • Түрі: дәстүрлі емес
  • Типі: жаңа білімді тиянақтау

Көрнекіліктер мен материалдар

  • Қыс мезгілі бейнеленген плакат
  • Суреттер
  • Ойынға арналған бетперделер: қарға, тиін, күшік

Сөздік жұмыс

қарға қарқ тиін жаңғақ күшік

Сабақтың барысы

Шаттық шеңбері

Балалар жарты шеңбер болып тұрады. Тәрбиеші жылы лебіз білдіріп, амандасуға шақырады.

Қуанамын мен де,

Қуанасың сен де.

Қуанайық, достарым,

Жарқыраған күнге!

Одан кейін балалар орындықтарға жайғасады.

Әңгіме: Қыс мезгілі

Сұрақ: Қазір жылдың қай мезгілі?

Жауап: Қыс мезгілі.

Сұрақ: Қыста не жауады?

Жауап: Қар жауады.

Сұрақ: Қазір ауа райы қандай?

Жауап: Суық. Сондықтан тоңып қалмас үшін жылы, қалың киім киеміз.

Бақылау: Қыстың көрінісі

  • Қар басқан үй
  • Үйшік
  • Қар басқан тал

Қосымша сұрақ: Далаға шыққанда қандай құстарды көреміз?

Жауап: Қарға, торғай.

Таныстыру: Қарға, тиін, күшік

Қарға

  • Тұмсығы бар: су ішеді, жем шоқып жейді.
  • Қанаты бар: қанатын жайып ұшады.
  • Шығаратын дыбысы: «қарқ-қарқ».

Қимыл: қарғаның ұшуын қимылмен көрсетеміз.

Тиін

  • Жүні үлпілдек, өзі әдемі аң.
  • Сүйікті асы: жаңғақ.
  • Талдан талға жеңіл секіреді.

Қимыл: тиіннің секіруін қимылмен көрсетеміз.

Күшік (Ақтөс)

  • Жүні жұмсақ, сүйкімді.
  • Ет пен сүйекті жақсы көреді.
  • Адамның досы: бөтен адам келсе үреді.
  • Үргендегі дыбысы: «аф-аф».

Қимыл: күшіктің жүгірісін қимылмен көрсетеміз.

Ойын: «Не ұшады, секіреді, жүгірейді?»

Тәрбиешіде қарға, тиін, күшік бетперделері болады. Балалар бетпердені киіп, өз кейіпкеріне сәйкес қимылды орындайды және сол жануардың/құстың сүйікті тағамын тауып әкеледі.

Қарға

ұшады

Тиін

секіреді

Күшік

жүгірейді

Қорытындыда тәрбиеші балалардың белсенді қатысуын атап өтеді.

Күтілетін нәтиже

Білуі

Қыс мезгілінің негізгі ерекшеліктерін біледі.

Меңгеруі

«Ұшады», «секіреді», «жүгірейді» сөздерінің мәнін түсініп, сәйкес қимыл жасайтын жануарлар мен құстарды ажыратады.

Жасай алуы

Тапсырманы орындап, қажетті қимыл-әрекетті көрсете алады.