Әскери бөлімдер мен бөлімшелерді елді мекендерде орналастыру

Сабақтың тақырыбы

Әскери бөлімдер мен бөлімшелерді елді мекендерде орналастыру.

Сабақтың мақсаты

Білімділік

Оқушыларға әскери бөлімдер мен бөлімшелерді елді мекендерде орналастыру тәртібі туралы түсінік беру.

Тәрбиелік

Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери жарғыларын сақтауға тәрбиелеу.

Дамытушылық

Тапсырмалар мен сұрақтар арқылы оқушылардың есте сақтау қабілетін және сөйлеу шеберлігін дамыту.

Сабақтың ұйымдастыру кезеңі

  1. 1

    Оқушыларды екі бөлімшеге бөлу.

  2. 2

    Взвод командирінің баянаты.

  3. 3

    Сәлемдесу.

  4. 4

    Қазақстан Республикасының мемлекеттік гимнін орындау.

  5. 5

    Оқушыларды түгендеу.

  6. 6

    Сабаққа дайындықтарын тексеру.

  7. 7

    Үй тапсырмасын сұрау.

Жаңа сабақ

Тақырып: әскери бөлімдер мен бөлімшелерді елді мекендерде орналастыру.

Әскери қалашық дегеніміз не?

Әскери қалашық — бір жер учаскесінде орналасқан әскери бөлімдер, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери қызметшілері мен жұмыскерлері белгілі бір мақсатта қоныстандырылған үйлер мен ғимараттар кешені.

Ротаны орналастыруға қажетті үй-жайлар

  • Ақпараттық-тәрбие жұмысы бөлмесі
  • Жататын орын (тұрғын үй-жай)
  • Қару сақтауға арналған бөлме
  • Спорт сабақтарына арналған бөлме
  • Тұрмыстық қызмет көрсету бөлмесі
  • Рота мүлкін және әскери қызметшілердің жеке заттарын сақтауға арналған қойма
  • Киім-кешек пен аяқкиімді кептіруге арналған орын
  • Жуыну бөлмесі және басқа да қажетті үй-жайлар

Үй-жайлардың күтімі

Барлық ғимараттар мен үй-жайлар, сондай-ақ әскери бөлім аумағы әрқашан таза болуы және бекітілген тәртіпке сай күтілуі тиіс.

Оқу (дәріс) уақытында үй-жайлардағы тазалықты сақтау тәуліктік кезекшілердің міндетіне жүктеледі.

Қалашық аумағы және оған іргелес көшелер көгалдандырылып, таза әрі ұқыпты ұсталады; қараңғы уақытта міндетті түрде жарықтандырылады.

Әскери аумақтың айналасы қоршалуы тиіс.

Үй-жайларды жылыту тәртібі

Жылыту маусымының басталуы мен аяқталуы әскери бөлім командирінің немесе гарнизон бастығының бұйрығымен белгіленеді.

Тұрғын үй-жайлардағы ең төменгі температура

+18°C

Медициналық мекемелердегі ең төменгі температура

+20°C