Ауытқуды құрып, әндетіп және естіп білу

Музыка теориясы (ПБ)

Пәні: Сольфеджио

Бөлімі / курсы / тобы: Халық аспаптар бөлімі, 4 курс, «Б» тобы

Сабақ тақырыбы: Мажордан D-ға ауытқу. DD каденциясы. Хроматикалық секвенциялар.

Сабақтың жоспары

Сабақтың мақсаты

  • Білімділігі

    Ауытқуды құра білу, әндету және есту арқылы ажырата білу.

  • Дамытушылығы

    Музыкалық есту қабілетін дамыту.

  • Тәрбиелігі

    Пәнаралық байланысты нығайту.

Сабақтың форматы

Әдісі
түсіндіру, баяндау, топтастыру
Түрі
дәстүрлі сабақ
Типі
аралас

Пәнаралық байланыс және ресурстар

Пәнаралық байланыс
музыка теориясы, гармония
Көрнекілік құралдар
тақта, оқулықтар, аспап, көрнекі құралдар

Сабақтың барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі

Жылыту

Вокалды-интонациялық жаттығулар

  1. D-dur гаммасын үш түрде әндету: табиғи, үйлесімді, әуендік.
  2. Опевание: топпен және жеке оқушылармен орындау.
  3. Попевкалар: әр сатыдан бөлек орындау.
  4. Әндетілген гамма түрлерін және сатыларын тыңдап, анықтау.

II. Үй жұмысын тыңдау

Талдау
  • Алексеев, 4 дауысты тапсырмалар: №186, №188

    Екі топ болып 4 дауыста орындау, ауытқуларды анықтау.

  • Ладухин: №71

    Аккомпанементпен қосып әндету, ауытқуларды анықтау.

III. Өткен тақырыпты қайталау

Сұрақ-жауап

Сұрақтарға жауап беру

  • Ауытқу дегеніміз не?
  • Ауытқу қандай аккордтар арқылы жасалады?

IV. Жаңа тақырыпты түсіндіру

Жаңа материал

Бұл бөлімде мажор тональдігінен D тональдігіне ауытқудың құрылымы, DD каденциясындағы қызметі және хроматикалық секвенциялардың есту арқылы танылуы қарастырылады.