Зат есімнің сұрақтары

Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы

Темірбек Жүргенов атындағы №123 мектеп-лицей, бастауыш сынып мұғалімі: Досжанова Гүлдәрі Бақытжанқызы

Пәні: Қазақ тілі

Сыныбы: 3-сынып

Сабақ тақырыбы: Етістік (1–6-жаттығу)

Сабақтың мақсаты мен күтілетін нәтиже

Жалпы мақсаты

2-сыныпта етістік туралы алған білімді еске түсіру және кеңейту: етістіктің заттың әр алуан іс-әрекетін, қимыл процесін білдіретін сөз табы екені, оған қойылатын сұрақтар, сондай-ақ етістіктің зат есіммен байланысы туралы түсінікті тереңдету.

Күтілетін нәтиже

  • Оқушылардың етістік туралы білімдері кеңейеді.
  • Сауатты жазуға дағдыланады.

Негізгі идея

Етістікті меңгерту.

Тапсырмалар мен жұмыс түрлері

Сурет бойынша сөйлеу «Үн қатпа» ойыны Жұптық жұмыс Топтық жұмыс «Жалғасын тап» ойыны

I. Ұйымдастыру кезеңі

Оқушыларға жағымды ахуал қалыптастырып, сабаққа назарын аудару.

Шаттық шеңбері (өлең)

Қазақ тілін бастаймыз,

Білімнен біз қашпаймыз.

Ойға түйіп әр сөзін,

Кілең бестік жинаймыз.

Топқа бөліну

«Асық ойыны» арқылы 3 топқа бөліну:

  • I топ

    Зат есім

  • II топ

    Сын есім

  • III топ

    Етістік

II. Үй тапсырмасын тексеру

«Мен мұны білемін»

Өткен сабақты пысықтап, жаңа сабаққа дайындық жасау.

«Мен сені таңдадым» әдісі

Оқушылардан үй тапсырмасын сұрау: 56-жаттығу.

  • Ребусты дұрыс шешіп, төмендегі жұмбақтың жауабын табу.
  • Жұмбақтың шешуіндегі сөзді жақтарға және жекеше-көпше түрге қарай тәуелдеп жазу.
  • «Шағала» тақырыбына мәтін жазып келу.

Ойын: «Үш қапта»

Әр топтан бір оқушы қимылды көрсетеді, ал екінші оқушы сол қимылды сөзбен тақтаға жазады.

биледі жүгірді отырды секірді жазды оқыды тұрды

Ережені еске түсіріп, айту.

III. Мағынаны тану

Бүгін оқушылар жұмыс парағымен жұмыс жасайды (парақтар таратылады).

Оқулықпен жұмыс: 1-жаттығу (сурет бойынша)

  • Суреттер мазмұны бойынша әңгіме тақырыбын анықтау.
  • Әңгімеге ат қою.
  • Әңгімеден етістіктерді тауып, астын сызу.
  • Етістіктерге сұрақ қою.

Мысал сөйлем

Әнуар балықтарға жем шашты.

Қай сөз «не істеді?» сұрағына жауап беріп тұр?

Электронды оқулықтан етістіктің ережесін тыңдап, қайталау.

«Ізден, ойлан, тап»: 2-жаттығу (жұмбақ)

  • Жұмбақты оқып, шешуін табу.
  • Етістіктерді теріп жазып, сұрақ қою.
  • Сөйлемді етістіксіз айтып көріп, етістіктің сөйлемдегі қызметін талқылау.
қалқиды үйілген иілген тарайды қарайды

Жұмбақтың шешуі

Аққу

Аққу туралы қысқаша мәлімет

Аққуды қазақ халқы ежелден қастерлеген: оны бақыттың бастамасы, жақсылықтың жаршысы, пәктіктің және сұлулықтың белгісі деп есептеген. Аққуды киелі құс санағандықтан, оған оқ атпаған. Аққудың аталығын сапар, балапанын көгілдір, мойнын сұңғақ деп дәріптеген.

Жұптық және топтық жұмыс

Жұптық жұмыс: сөздерді екі бағанға бөлу

Берілген сөздерді оқып, сипатына қарай зат есім және етістік болып бөліп жазу.

Зат есім

  • Ата
  • Іні
  • Балық
  • Түйе
  • Шортан
  • Терезе
  • Ұшақ

Етістік

  • Ойнады
  • Жинады
  • Қуды
  • Жарысты
  • Айтты
  • Келді
  • Ойнады

Сергіту: «Жалғасын тап» ойыны

Әр топ өз атауына байланысты сөз айтып, сөйлем құрайды.

I топ — Зат есім

мысық

II топ — Сын есім

үлкен

III топ — Етістік

болады

5-жаттығу: мал төлдеуін жазу

Берілген малдардың қайсысы қалай төлдейтінін жазу (тақтада орындау).

Бие — құлындайды

Қой — қоздайды

Түйе — боталайды

Сиыр — бұзаулайды

Ешкі — лақтайды

  • Етістіктердің астын сызу.
  • Олардың қай сөзбен байланысып тұрғанын айту.

Топтық жұмыс: қысқаша мәтін құрастыру

Әр топ ірі қара мал туралы білетіндерін жазып, қорғайды.

I топ

Түйе

II топ

Жылқы

III топ

Сиыр

Сендердің бұл тапсырманы орындай алатындарыңа сенемін.

6-жаттығу: «Дұрысы қайсы, бұрысы қайсы?»

Берілген сөйлемдердің дұрыс-бұрысын ажыратып, талқылау.

Бие

  • Бие мөңірейді.
  • Бие кісінейді.

Түйе

  • Түйе мияулайды.
  • Түйе боздайды.

Қой

  • Қой үреді.
  • Қой маңырайды.

Сиыр

  • Сиыр қыт-қыттайды.
  • Сиыр мөңірейді.

Ешкі

  • Ешкі кісінейді.
  • Ешкі бақырады.

Ит

  • Ит бақырады.
  • Ит үреді.

Тауық

  • Тауық маңырайды.
  • Тауық қыт-қыттайды.

Мысық

  • Мысық боздайды.
  • Мысық мияулайды.

Сабақты қорытындылау

Жеке жұмыс: «Бұл мәлімет шындық па, жалған ба?»

Оқушылар төмендегі тұжырымдарды «Шындық» немесе «Жалған» деп белгілейді.

Тұжырым Шындық Жалған
Зат есімнің сұрақтары: «Не істеді? Неғылды? Қайтты?»
Көптік жалғаулары: -лар, -лер, -дар, -дер, -тар, -тер
Туынды зат есім түбірге жалғау жалғану арқылы жасалады.
Тәуелдік жалғаулары төрт жақта, жекеше және көпше түрде айтылады.
«Әнші, биші, суретші» — жалпы есім.
Етістіктің сұрақтары: «Не істеді? Неғылды? Қайтты?»
Заттың қимылын, іс-әрекетін білдіретін сөздерді етістік деп атаймыз.
«Алматы, Жансұлу, Сырдария, Париж» — жалқы есім.
Етістік дара және күрделі болып екіге бөлінеді.
Етістік сөйлемде бастауыш қызметін атқарады.

Қорытынды сұрақтар

  1. Қандай сөздер етістікке жатады?
  2. Етістікке қандай сұрақтар қойылады?
  3. Етістіктің қандай түрлерін білесіңдер?

VII. Рефлексия және кері байланыс

  • «Бағдаршам» әдісі арқылы өз-өзін бағалау.
  • Жұлдызшалар және жетондар арқылы мадақтау.

Кейінгі тапсырма

4-жаттығу: берілген етістіктерді қатыстырып сөйлем құрау және ережені жаттау.

Толық нұсқасын жүктеу.