Microsoft Excel электрондық кестесіне жалпы түсінік
И. Әбдікәрімов атындағы аграрлық техникалық колледжі
Оқытушы: Молдабаева Н.
Тақырып: Microsoft Excel электрондық кестесі туралы жалпы түсінік
Тобы
ЭС – 14о
Өтетін орны
422 оқу кабинеті
Сабақтың түрі
Жаңа сабақты меңгеру
Сабақтың типі
Құрамдас
Сабақтың мақсаты
Білімділік
Оқушыларға Microsoft Excel электрондық кестесі туралы жалпы түсінік беру, негізгі ұғымдарымен таныстыру және бағдарламаның мүмкіндіктерін көрсету.
Дамытушылық
Оқушылардың танымдық және шығармашылық қабілеттерін жан-жақты дамыту; толық әрі нанымды жауап беруге дағдыландыру; ойды дұрыс тұжырымдап, сұрақтарға қорытынды жасай білуге үйрету; өз ойын еркін жеткізу дағдыларын қалыптастыру.
Тәрбиелік
Пәнге қызығушылықты арттыру, сыйластық пен тиімді қарым-қатынас мәдениетін дамыту, ұжымдық сезімді ояту және рухани тәрбие негізін қалыптастыру.
Сабақтың ресурстары мен әдістері
Көрнекіліктер
- Оқулық, компьютер
- Интерактивті тақта, проектор
- Флипчарт, бейнеролик
- Жетондар, тарату материалдары
Оқыту технологиясы мен әдістері
- Дамыта оқыту технологиясының элементтері
- Топтық жұмыс
- Түсіндіру, әңгімелеу, сұрақ-жауап
- Жалпылау, бекіту, қайталау
- Тірек сызба әдісі, баяндау, дәріс элементтері
Пәнаралық байланыс
Сабақтың құрылымы (6 кезең)
-
1-кезең
Ой шақыру
-
2-кезең
«Microsoft Excel» атты биік тау
Асыл тасты сұрақтар · Ой қорғау · «Білім бүкіл өміріңе»
-
3-кезең
Жасыл шырша аясында
-
4-кезең
Ассоциация
-
5-кезең
Құпия суреттер
-
6-кезең
Сәйкесін тап
Сабақтың барысы
1) Ұйымдастыру кезеңі
- Оқытушының оқушылармен сәлемдесуі.
- Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.
- Дәрісхананың тазалығына және оқушылардың сабаққа дайындығына назар аудару.
2) Өткен тақырып бойынша білімді тексеру
Қазіргі таңда өзіне және біліміне сенімді, болашақта егемен еліміздің технологиялық әрі индустриялық дамуына атсалысатын жан-жақты тұлғаны қалыптастырудың маңызы зор. Ал бүгінгі жаңа сабағымыз — Microsoft Excel электрондық кестесі туралы жалпы түсінік.
Топқа бөлу және бағалау
Мақсатқа жету үшін оқушылар екі топқа бөлінеді. Бағалау үшін әр топтың жетекшісіне бағалау парағы беріледі. Әр оқушының жауабына байланысты түрлі түсті жетондар таратылып, нәтижесі бағалау парағына тіркеледі. Сабақ соңында барлық тапсырмалар бойынша қорытынды жасалып, әр оқушыға жиынтық баға қойылады.
I топ
Ақпарат
II топ
Интернет
Ой шақыру: «Биік шыңға шығу»
Алдымызда «Microsoft Excel» атты биік шың тұр. Сол шыңға жету үшін біз үш кедергіден өтеміз. Бірінші кедергі — үй тапсырмасы. Тақырып: Microsoft Word мәтіндік редакторы.
Ұстаным
«Тізгінді босатып сәл тастайық, үй тапсырмасын тексеріп, жауапты саспайық».
I кедергі: «Асыл тасты сұрақтар» (MS Word)
Әр оқушы ұяшықты таңдап, MS Word тақырыбы бойынша сұрақтарға жауап береді.
| № | Сұрақ | Жауап (қысқаша) |
|---|---|---|
| 1 | Microsoft Word дегеніміз не? | Мәтінді енгізуге, түзетуге, пішімдеуге және басып шығаруға арналған мәтіндік процессор. |
| 2 | Microsoft Word бағдарламасын іске қосу жолы қандай? | Бастау → Бағдарламалар → Microsoft Office → Microsoft Word. |
| 3 | MS Word терезесінің негізгі элементтерін атаңыз. | Тақырып жолағы, мәзір жолағы, стандартты және пішімдеу құралдар тақталары, сызғыш, тапсырмалар аймағы, айналдыру жолақтары, күй жолағы. |
| 4 | Стандартты құралдар тақтасы қандай әмірлерді қамтиды? | Жаңа құжат, Сақтау, Ашу, Басып шығару, Көшіру, Қою. |
| 5 | Пернетақтада жаңа құжат жасау пернелер тіркесі қандай? | Ctrl + N. |
| 6 | Қаріп (Font) сұхбат терезесін ашу пернелер тіркесі қандай? | Ctrl + D. |
II кедергі: Ой қорғау
Оқушыларға өткен тақырып бойынша өзіндік жұмыс тапсырылған. Екі топтан дайындалған оқушылар тақтаға шығып, презентация арқылы материалын түсіндіріп береді.
III кедергі: «Білім бүкіл өміріңе» — жаңа сабаққа кіріспе
«Біле бер, қанша білсең — тағы тіле,
Жетерсің мұратыңа біле-біле.»
Тақырып
Microsoft Excel электрондық кестесі туралы жалпы түсінік
Мақсат
Оқушыларға Microsoft Excel электрондық кестесі туралы жалпы түсінік беру, негізгі ұғымдарымен таныстыру және бағдарламаның мүмкіндіктерін көрсету.
Жоспар
- 1 Microsoft Excel электрондық кестесіне жалпы түсінік
- 2 Microsoft Excel бағдарламасының мүмкіндіктері
- 3 Microsoft Excel бағдарламасының терезе құрылымы
Енді жаңа тақырыпты түсіну үшін тірек сызбаға назар аударыңыздар.