Күміс қақпа кезеңінің шартымен таныстыру
Сабақтың мақсаттары
Білімділік
Ауызекі сөйлеу тілінде қажеттілік тудыратын есімдік туралы түсінік қалыптастыру, білім мен дағдыларды кеңейту.
Дамытушылық
Оқушылардың танымдық қабілетін, тілін, ой-өрісін және ойлау дағдыларын дамыту, сөздік қорын молайту.
Тәрбиелік
Тілге қызығушылығын арттыру, адамгершілік қасиеттерге баулу және туған жер табиғатын қорғайтын азамат тәрбиелеу.
Көрнекіліктер
- Интерактивті тақта
- Сызба-кестелер
- Үлестірмелі кеспе қағаздар
Сабақтың түрі
- Жаңа білім беру
- Ойын сабағы
- Іздендіру
Әдіс-тәсілдер
- Дидактикалық ойын әдісі
- Сұрақ-жауап
- Топтық жұмыс
Сабақтың барысы
Психологиялық дайындық
«Жүректен жүрекке»
Ұйымдастыру кезеңі
- 1 Сәлемдесу, оқушыларды түгендеу, сабаққа жұмылдыру.
- 2 Сурет бойынша әңгімелеу: табиғат көрінісі, табиғаттың қандай болғанын қалайтынымыз, ең сұлу аймақ туралы пікір айту.
Талқылауды Шығыс Қазақстан табиғатының көркемдігімен байланыстырып, бүгінгі тақырыптың «Табиғат тамашасы» және «Есімдік» екенін хабарлау.
Алдыңғы білімді өзектендіру
Жетек сұрақтар арқылы сөз таптарын еске түсіру. Тақтадағы сөйлемнен зат есім, сын есім, сан есім, етістікті анықтау:
«Жақында біздің үлкен мектепке жүз жыл толады.»
Осыдан кейін келесі сөз табы — есімдік екені айтылады. Есімдік — зат есімнің, сан есімнің, сын есімнің орнына жұмсалатын сөз табы.
Есімдіктің түрлері (мағынасына қарай)
Жіктеу есімдігі
Адаммен байланысты: мен, сен, сіз, ол.
Сілтеу есімдігі
бұл, осы, анау, мынау, сонау, ана.
Сұрау есімдігі
кім? не? неше? қанша? қандай? қалай? қашан?
Өздік есімдігі
өзім, өзің, өзі, өзіміз, өздерің, өздері.
Белгісіздік есімдігі
бір, әр, әлде.
Болымсыздық есімдігі
емес, жоқ.
Жалпылау есімдігі
бәрі, барлық, барша, бар, бүкіл, түгел.
Жаңа сабақ: «Алтын қақпа» ойыны
Сабақ туған жер табиғатына саяхат түрінде өтеді. Сынып екі топқа бөлінеді: І топ — «Алғырлар», ІІ топ — «Тапқырлар». Әр кезеңде тапсырмалар орындалып, «қақпалардан» өтеміз.
Ойын кезеңдері
Тас қақпа
Зерттеушілік кезең
Қола қақпа
Ізденушілік кезең
Күміс қақпа
Тәжірибелік кезең
Алтын қақпа
Шығармашылық кезең
Қорытынды
«Жері байдың — елі бай»
Тас қақпа — зерттеушілік кезең
1) Сөздік жұмысы
Жаңа сөздермен сөз тіркесі және сөйлем құрау.
Шарт
Екі топ берілген сызба бойынша есімдікті қатыстырып сөз тіркестерін құрайды:
- Есімдік + зат есім
- Есімдік + сын есім
2) Семантикалық карта
Түсінікті тексеру үшін сөздерді тиісті ұяшықтарға орналастыру. Соңында есімдік қатарын екі топ дауыстап оқиды.
| Сөздер | Зат есім | Сын есім | Сан есім | Есімдік |
|---|---|---|---|---|
| Бәрі | — | — | — | ✓ |
| Біздің | — | — | — | ✓ |
| Сымбатты | — | ✓ | — | — |
| Мынау | — | — | — | ✓ |
| Тәтті | — | ✓ | — | — |
| Сен | — | — | — | ✓ |
| Осы | — | — | — | ✓ |
| Екі | — | — | ✓ | — |
| Он төрт | — | — | ✓ | — |
Қола қақпа — ізденушілік кезең
I тапсырма
Сұрақтардағы орысша сөздерді қазақшаға аудару және сол сұрақтарға есімдіктерді қатыстырып жауап беру.
Сұрақ
Алматы көлі туралы не білесің?
Жауап үлгісі
Алматы көлі туралы барлық кітаптарда жазылған.
Сұрақ
Бұл көл саған ұнай ма?
Жауап үлгісі
Бұл көл өзіме қатты ұнайды.
Сұрақ
Бұл жерді қай саяхатшы аралаған?
Қосымша сұрақ
Сол жерді неше саяхатшы аралаған?
Сұрақ
Алатау өңірінде сен болдың ба?
Жауап үлгісі
Алатау өңірінде өзім болдым.
II тапсырма
Өлеңнен есімдіктерді табу және оларды басқа есімдіктермен алмастыру.
Ақсу, Көксу, Қарасу, Бұл сумен түстеп танысу. Ырғыз, Торғай, Аякөз, Сай-саланың бәрі — су.
Негізгі назар: бұл, бәрі есімдіктері.
Күміс қақпа — тәжірибелік кезең
1) Бос орындарды толықтыру
Қажетті сөздер: осы, мына, барлық, біздің, барша, сен.
- Табиғат — ........... байлығымыз.
- Барыс ........... жерді мекендейді?
- Табиғатты қорғау — ........... адамның борышы.
- .......... қорықта су құстары мекендейді.
- ........ Қазақстанның қай жерінде тұрасың?
- Зайсан көлінде ........... балықтың түрлері бар.
2) Жұмбақ шешу
Жауабын тауып, есімдіктерді анықтау.
Өзі үлбіреп тұр, Мұртының тиген жері күлдіреп тұр.
Жауабы: гүл
Сыртым — қызыл, өзім — ақ, денем топтай, Шешіндірсең, жылатам ұрмай-соқпай.
Жауабы: пияз
Назар аударатын есімдік: өзі, өзім.
Алтын қақпа — шығармашылық кезең
Берілген сызба бойынша табиғат тақырыбында шағын әңгіме жазу және мәтінде есімдіктерді орынды қолдану.
Сабақты бекіту: тест
1. Есімдік қандай сөз табы?
- А) Заттың сынын білдіреді
- Ә) Есім сөздердің орнына қолданылады
- Б) Заттың атын білдіреді
2. Есімдік мағынасына қарай нешеге бөлінеді?
- А) 7
- Ә) 5
- Б) 6
3. Сан есімдерді белгіле
- А) он бір, табиғат, сары
- Ә) адам, оқушы, жеті
- Б) алты, он бір, екі мың екі
4. Дара сын есімдерді көрсет
- А) қызыл ала, қара шұбар
- Ә) ақ, қара, ащы
- Б) қара көк, сұлу, сары
5. Жалқы зат есімдерді анықта
- А) Астан, Мұхтар, Ұлан
- Ә) қала, оқушы, сана
- Б) Көксу, ой, газет
6. Зат есім қандай сөз табы?
- А) Заттың қимылын білдіреді
- Ә) Заттың атын білдіреді
- Б) Заттың санын білдіреді
7. Жинақтық сан есімдерді тап
- А) төртеу, тоқсан екі, он тоғыз
- Ә) үшеу, сегіз, он
- Б) біреу, екеу, жетеу
8. Сан есімнің сұрағын анықта
- А) қандай, қай, кімнің?
- Ә) қанша, неше, нешінші
- Б) кім, не, несі
Қорытынды және үй тапсырмасы
Сабақты қорытындылау
«Жері байдың — елі бай» қанатты сөзі арқылы оқушылардың ойын түйіндеу. Еліміздің табиғатын қорғап, көркейтетін саналы азамат болуға тілек білдіру.
Үй тапсырмасы
Оқулықтағы 4-тапсырма: берілген есімдіктермен сөз тіркестерін құрау.