Құрметті ұстаздар, тәрбиеленушілер бүгінгі Ата салтым - асыл мұрам атты саяхат сабағымызды бастауға рұқсат етіңіздер
Тақырыбы: Ата салтым – асыл мұрам
Мақсаты
- Оқушылардың бойына халқымыздың рухани байлығын сіңіре отырып, ата дәстүрін танып-білуге, ардақтауға, құрметтеуге және мақтан тұтуға тәрбиелеу.
- Имандылыққа, адамгершілікке, әдептілікке және сыпайылыққа баулу.
Көрнекілігі
- Плакат
- Нақыл сөздер
Кіріспе сөз
Тәрбиеші: Құрметті ұстаздар мен тәрбиеленушілер, бүгінгі «Ата салтым – асыл мұрам» атты саяхат сабағымызды бастауға рұқсат етіңіздер. Қазақ халқының терең тамырлы өнегелі әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрін жас ұрпақ бойына дарытып, имандылық пен адамгершілік рухында тәрбиелеуді мақсат еткен тәрбие сағатымызды ашық деп жариялаймын.
Өсиет өлең
Туған соң адам болып,
Білімсізден жаман жоқ.
Ел дәстүрін білмесең,
Жұрт айтады надан деп.
Ата-бабаң ардақты,
Жамандыққа бармапты.
Ардақ тұтып үлкенді,
Ата жолын жалғапты.
Бүгінгі сабағымызда бойымыздағы бар білімімізді жол азық етіп, «Ата салтым – асыл мұрам» ауылына саяхатқа шығамыз. Ендеше, іске сәт!
Саяхат бағыты
1) Мақал-мәтел аялдамасы
Салт-дәстүрге байланысты нақыл сөздерБұл аялдамада салт-дәстүрімізге қатысты мақал-мәтелдер айтылады. Әрбір нақыл сөздің мәнін қысқаша талдап, өмірмен байланыстырып көрейік.
- Сыпайының сыры мол.
- Қолыңмен істегенді мойныңмен көтер.
- Жаңылмас жақ болмас, сүрінбес тұяқ болмас.
- Жорғаң қатты болса бәсеке сал, ісің ақ болса көпке сал.
- Бір күн дәм татқанға қырық күн сәлем.
- Асыңа тойғызбасаң да, ақ ниетіңе тойғыз.
- Құтты қонақ келсе, қой егіз табады.
- Елу жылда ел жаңа, жүз жылда қазан жаңа.
- Заманына қарай заңы, тойғанына қарай аңы.
Ән
«Үкілі кәмшат»
2) Әдептілік аялдамасы
Әдеп, ұқыптылық, үлгіЕнді әдептілік туралы ой бөлісейік: әдепті адам қандай болады, ол өзін ортада қалай ұстайды? Өнерлеріңізді ортаға салыңыздар.
1-оқушы
Сыйлап үлкен ағаны,
Сәлем берген баланы
Кім дейміз?
Әдепті екен, бұл дейміз!
Кітап, дәптер, қаламы
Кір шалмаған баланы
Кім дейміз?
Ұқыпты екен, бұл дейміз!
Таудай биік талабы,
Жақсы оқитын баланы
Кім дейміз?
Үлгілі екен, бұл дейміз!