Нақ осы шақ және жедел өткен шақ

Сабақ туралы мәлімет

Мұғалім
Бакакова Айсулу Қожанбердыевна
Мектеп
Астана қаласы, №27 мектеп-лицей
Пән
Қазақ тілі мен әдебиеті
Сабақтың тақырыбы
Менің мектебім
Сабақтың түрі
Пысықтау сабағы

Сабақтың мақсаты

Тақырып бойынша өткен материалды қайталау арқылы оқушылардың білімін жүйелеу және бекіту, өз ойын еркін жеткізуге үйрету, сондай-ақ тақырыптың негізгі идеясын ашу.

Сабақтың міндеттері

Білімділік

Өткенді еске түсіру; көргенін, естігенін және оқығанын орынды қолдануға дағдыландыру.

Дамытушылық

Ойлау және есте сақтау қабілеттерін дамыту; ой-өрісін кеңейту.

Тәрбиелік

Білім алуға ынталандыру; оқуға шақыру; өз мектебін құрметтеуге тәрбиелеу.

Әдіс-тәсілдер

  • 1 Топпен жұмыс
  • 2 Интерактивті оқыту әдісі
  • 3 Тізбектеу әдісі
  • 4 Қорғау және қайталау

Көрнекіліктер

Интерактивті тақта Флипчарт парағы Бағалау парағы Қабырға газеті Семантикалық карта

Сабақтың барысы

I

Ұйымдастыру кезеңі

  • Оқушыларды түгендеу.
  • Психологиялық тренинг: «Жүректен жүрекке».
II

Үй жұмысын тексеру

Әр топ өз тапсырмасын қорғап шығады:

1-топ
Мектеп туралы жалпы мәлімет
2-топ
Презентация дайындау
3-топ
Қабырға газетін қорғау
III

Жаңа сабақ

1) Жаңа топқа бөліну және бағыттаушы сұрақтар

  • 1-топ: «Мектебіміз қандай болуы керек?»
  • 2-топ: «Мектепке не үшін келеміз?»
  • 3-топ: «Білім алған адам қандай болады?»

2) Жобаны қорғау

«Болашақта біздің мектеп қандай болады?» тақырыбында оқушылар болашақ мектебінің суретін салып, өз идеясын топ алдында қорғайды.

3) Сергіту сәті

Видеоролик арқылы қысқа сергіту жаттығулары орындалады.

4) Грамматикалық қорытынды

Болашақ мектеп туралы әңгіме барысында қай шақ қолданылды? Дұрыс: келер шақ. Сонымен бірге етістіктің басқа шақтары да еске түсіріледі: нақ осы шақ және жедел өткен шақ. Осы үш шақтың жасалу жолдары талқыланады.

5) Семантикалық кестемен жұмыс

Тақырып бойынша білімді бекіту үшін оқушыларға семантикалық кесте ұсынылады.