Мұқағали МақатаевСексенде селкілдеген Ахметті, Ажал келіп, ақыры бақыл етті

Мұқағали Мақатаев

Сексенде селкілдеген Ахметті,
Ажал келіп, ақыры бақыл етті.
Бұйырғаны қартыңа бұл өмірден -
Айналасы алты кез ақырет - ті.
Тіршіліктен есіл қарт шеттетілді
Бәрі қалды артында бет - бетімен.
Балаларға балға - шот ойыншық бар
Ер - тоқымы түсіпті етпетінен.
Сары үзеңгі сарғайып, тат басыпты,
Сырма тоқым шаңменен баттасыпты.
Қанжығасын қарақшы тышқан тонап,
Көкпар қылып жан - жаққа ап қашыпты.
Тәбәрік боп балаға, немереге,
Сусар бөрік о да тұр керегеде.
Төңкеріліп қалыпты төс темірі,
Отқа күйген қожалақ бөренеде.
Ауық - ауық көмейі күбірлеген,
Домбыра тұр ішектері дірілдеген.
Отыратын күй шертіп, Ахмет шал,
Сырласқандай құпия бір үнменен.
Шіркін, сол күй қалса ғой, бұзылмайды,
Ескірмейді, тозбайды, сызылмайды.
Күйге буаз домбыра қос ішегі
Қанатымен шыбынның ызыңдайды.
Қарт кетіп, жер астынан баспана апты,
Байлық қапты, бақ қапты, басқа қапты.
Тәбәрік қып артына қартың бірақ,
Күмбірлеген күйлерін тастамапты.
Күй қалса ғой артында бұзылмайды,
Ескірмейді, тозбайды, сызылмайды.
Қашанғы қарт жолдасын іздегендей,
... Ауық - ауық қос ішек ызыңдайды.

Мұқағали Мақатевтың өлеңдері 1
Мұқағали Мақатевтың өлеңдері 2



Ұқсас жұмыстар

Түс көрудің поэзиядағы рөлі
Мұқағали Мақатаев поэмаларындағы лирикалық кейіпкер және тарихи тұлға
А.Байтурсынов өмірінің негізгі кезеңдері мен қоғамдық өмірге араласуы
Жиренше шешен
Ахмет Байтұрсынов туралы
МҰҚАҒАЛИ МАҚАТАЕВ ШЫҒАРМАЛАРЫНЫҢ КӨРКЕМДІК ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Жүрсін Ерман поэзиясының көркемдік ерекшелігі
Ахмет Байтұрсыновтың шығармалары
Сөз образдар дүниенің тілдік бейнесін жасауға қатысатын тілдік бірліктер
Ежелгі дәуір әдебиеті
Кәсіпорынның бәсеке қабілеттілігін жетілдіру жолдары
Мемлекеттік бюджет жүйесінің экономикалық мазмұны
Экономикадағы дағдарыстық жағдайдағы мемлекеттік бюджеттің ерекшеліктері
Ақтөбе қаласы бойынша салық және басқа да міндетті төлемдердің бюджетке түсуін талдаудың ақпараттық жүйесін тұрғызу
Социум және әлеуметтік қатынастарды әлеуметтік жұмыс өрісінің объектісі ретінде қарастыру
БАНКТІК ҚЫЗМЕТТІ ҚАДАҒАЛАУ ЖӘНЕ ОНЫ РЕТТЕУ
Мемлекеттік бюджеттің теориялық негіздері
Несиенің ақшаларының қажеттілігі мен маңызы
Патшалық өкіметтің Қазақстанда саяси билігінің орнығуы (1867-1891 ж.ж)
Салықтардың экономиканы мемлекеттік қаржылық реттеу жүйесіндегі рөлі мен орны