Сұрау белгісі
Сөйлем туралы түсінік
Сабақтың мақсаты
- Білімділік: оқушыға сөйлем және сөйлемнің айтылу мақсатына қарай бөліну түрлері туралы жүйеленген ұғым қалыптастыру.
- Дамытушылық: сөйлемді оқығанда дауыс ырғағын салыстыру арқылы оларды бір-бірінен ажырата білуге жаттықтыру; тіл дамыту; рефлексиялық жаттығулар арқылы сауатты жазуын және байланыстырып сөйлеуін дамыту.
- Тәрбиелік: ұйымшылдыққа, бірлесіп жұмыс істеуге баулу; алған білімді өмірде қолдана білуге тәрбиелеу.
Сабақ сипаттамасы
- Типі:
- Жаңа материалды меңгерту
- Түрі:
- Саяхат сабақ
- Әдісі:
- Көрнекілік, сұрақ-жауап, СТО элементтері (семантикалық карта)
Ресурстар мен байланыс
Көрнекілігі:
Тірек-сызба, тірек сөздер, плакаттар, электронды оқулық.
Пәнаралық байланыс:
Дүниетану, ана тілі, ағылшын тілі, орыс тілі, психология.
Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі
Психологиялық дайындық (қазақ тілінде)
Қуанамын мен де,
Қуанасың сен де,
Қуанайық, достарым,
Арайлап атқан күнге.
Қажетіне қарай орыс және ағылшын тілінде де қысқа дайындық жүргізіледі.
II. Оқушы қызығушылығын ояту
Ерте-ерте, ертеде біз білмейтін бір үлкен елде СӨЗДЕР өмір сүріпті. Сөздердің бір тобы бір-бірімен тіркесе байланысып, жеке отау тігіпті. Ол отау СИНТАКСИС елі деп аталыпты. Бұл сөздер бөлек тұрғанымен, бір-біріне бағынып, бірін-бірі толықтырып тұрыпты. Ең бірінші тұрған сөз бәріне бас болыпты, ал ең соңғы сөз ойды тиянақтап тұрыпты.
Бүгін біз Синтаксис еліне саяхатқа шығамыз. Жолда кездескен тапсырмаларды мүдірмей орындап, дұрыс шешім табуға тырысамыз.
Пойыз-тапсырмалар (әр вагонда бір жұмбақ)
- 1-вагон: Жылт-жылт еткен, жырадан өткен.
- 2-вагон: Тәтті, тәттінің іші қатты; қаттының іші тәтті.
- 3-вагон: Жараға жағатын дәрі.
- 4-вагон: Ешкінің төлі.
- 5-вагон: «Ти» десем тимейді, «тиме» десем тиеді.
- 6-вагон: Отқа жанбас, суға батпас.
1-тапсырма
Әр жұмбақтың шешуін тауып, шешімдердегі бірінші әріптерден сөз құрастыр. Шыққан сөз: СӨЙЛЕМ.
2-тапсырма
«Паровоз тоқтап қалды» — көмектесейік: сөйлемнің неден тұратынын анықтаймыз. Сөйлем сөздерден тұрады. Сөйлемнің бірінші сөзі бас әріптен басталып жазылады.
3-тапсырма
Сөйлемнің соңында ойды тиянақтайтын тыныс белгілері тұрады. Айтылу мақсатына қарай сөйлем түрлерін және олардың тыныс белгілерін ажыратамыз: нүкте, сұрау белгісі, леп белгісі.
III. Мағынаны таныту
Көркем жазу
С с: Самат, сағат, сауысқан, суық, суыр, сілеусін.
Оқулықпен жұмыс
164-жаттығу: сөздер мен сөйлемдерді салыстырып оқимыз, әр сөйлемдегі ойды анықтаймыз. Сөз бен сөйлемнің айырмашылығы туралы қорытынды жасаймыз.
Салыстыруға берілетін материал
Сөздер
Шекара, шекарашы, ел, қорғайды, күзет, олар, тұрады.
Сөйлемдер
Шекарашылар күзетте тұрады.
Олар еліміздің шекарасын қорғайды.
165-жаттығу
Жақшадағы сөздерді сөйлемнің мазмұнына қарай өзгертіп жазамыз:
Берілгені
Ажар (кітапхана) барды.
(Кітапхана) адам көп.
Ол (кітапхана) кітап алды.
Дұрыс нұсқа
Ажар кітапханаға барды.
Кітапханада адам көп.
Ол кітапханадан кітап алды.
Дидактикалық ойын: «Орныңды тап»
Тақтада бірнеше сөз жазылған «жапырақтар» беріледі. Сол сөздерден сөйлем құрастырамыз, құрастырған сөйлемдерді тақтаға жазамыз. Сөйлемнің бас әріппен басталуына және тыныс белгісінің не үшін қойылғанына назар аударамыз.
Берілген сөздер
- Сырғанақ, бірнеше, бала, теуіп жүр.
- Ақан, сырғанады, шанамен.
- Ол, айырылып, қалды, шанадан, абайсызда.
- Төмен, шана, қарай, сырғанай жөнелді.
Қозғалыс ойыны: «Мен — тыныс белгісімін. Тез ойлан!»
Мұғалім сөйлем айтады. Оқушылар сөйлем соңындағы тыныс белгісін тез анықтайды: нүкте болса — отырады, сұрақ белгісі болса — қол шапалақтайды, леп белгісі болса — аяғын еденге жеңіл ұрады.
IV. Ой-толғаныс
Танымдық тапсырма: көрсетілген тыныс белгілеріне сүйеніп, схема бойынша сөйлем құрап жазамыз.
V. Қорытынды
Семантикалық карта (тыныс белгілерін ажырату)
| Сөйлем | Нүкте | Сұрақ белгісі | Леп белгісі |
|---|---|---|---|
| Самал қайда барасың | — | + | — |
| Неткен сұлу, неткен көркем | — | — | + |
| Арша тез жанады | + | — | — |
| Бүгін киноға барамыз | + | — | — |
| Орман іші сондай тып-тыныш | + | — | — |
Үй тапсырмасы
63-беттегі 168-жаттығуды орындау.
Шығармашылық тапсырма
Ребусты шешіп, шыққан сөз бойынша қысқа әңгіме құрастыру.
Рефлексия және бағалау
Сабақ ұнады/ұнамады бойынша қысқаша пікір айту, оқу жетістігін бағалау.
Автор туралы мәлімет
- Өңір
- Ақтөбе облысы, Ырғыз ауданы, Ырғыз селосы
- Мекеме
- Ырғыз гимназиясы (ММ)
- Мұғалім
- Құдабаева Майдагүл Шәріпқызы, бастауыш сынып мұғалімі