Араның тапсырмалары

Сабақ туралы қысқаша мәлімет

Сабақтың тақырыбы

Ж дыбысы және әрпі

Сабақтың мақсаты

  • Ж дыбысының айтылу артикуляциясымен таныстыру.
  • Басқа дыбыстардың ішінен ажырата білуге үйрету.
  • Сөзге дыбыстық талдау жасауға және сөзді буынға дұрыс бөлуге дағдыландыру.
  • Сурет арқылы заттың атауын анықтау, ойлау қабілетін дамыту.

Сабақтың әдістері

Сұрақ-жауап, түсіндіру, ойын, көрнекілік, жұмбақ шешу.

Көрнекіліктер

Суреттер, кеспе буындар, жаңа әріптің баспа және жазба үлгілері.

Сабақтың барысы

1) Ұйымдастыру кезеңі

Психологиялық дайындық және амандасу.

Амандасу өлеңі

Амандасу — үлкенге,

Тәрбиенің басы ғой.

Ал, қанеки, бәріміз,

«Сәлем!» дейік үлкенге.

Балалар қонақтармен амандасады.

Сынып ұраны

Біз — көңілді балалармыз!

Ештеңеден қорықпаймыз.

Келген қонақтарға

Ортаға білімімізді саламыз!

2) Өткенді қайталау

Дыбыс пен әріптің айырмашылығы

Дыбысты естиміз, айтамыз; ал әріпті көреміз, оқимыз, жазамыз.

Дыбыстар сөздің қай жерінде кездеседі?

Дыбыстар сөздің басында, ортасында, аяғында кездеседі.

Үй тапсырмасы

«Ы» дыбысына сөз ойлап келу.

3) Жаңа сабақ: «Ж» дыбысы және әрпі

Балаларға «Ж» дыбысынан басталатын сөздерге байланысты жұмбақтар жасырылады. Жауаптар сурет арқылы бекітіледі.

Жұмбақ 1

Күндіз бәрі қашады,

Түнде аспанды басады.

Жауабы: Жұлдыз

Жұмбақ 2

Төбеден төнеді,

Тамшысын төгеді.

Жауабы: Жаңбыр

Жұмбақ 3

Ағайынды бәрі.

Шықса жасыл,

Түссе сары.

Жауабы: Жапырақ

Жұмбақ 4

Күндіз тіпті ұшпайды,

Түнде тышқан ұстайды,

Көзі шамға ұқсайды.

Жауабы: Жапалақ

Қорытынды сұрақ

Сұрақ: Осы сөздердің барлығы қандай дыбыстан басталады?

Жауап: «Ж» дыбысынан.

Жаңа дыбыс

«Ж» дыбысы

Жаңа әріп

«Ж» әрпі (баспа/жазба)

Жұмыс түрі

Әліппе-дәптерімен жұмыс

Талқылау: «Ж» дыбысы қандай дыбыс? Оны қандай түспен/текшемен белгілейміз?

4) Сергіту сәті

Алтын, сары, қызыл, көк,

Алуан-алуан жапырақ.

Күзгі бақта күлімдеп,

Көз тартады атырап.

Ой, алақай, тамаша,

Шашу шашты жапырақ,

Бақтың іші алаша.

5) Бекіту: «Ара» арқылы тапсырмалар

Жұмбақ

Гүлдерге қонады,

Шырынын сорады.

Түр-түсі сары ала —

Бұл не?

Жауабы: Ара

Дыбыстау: Ара қандай дыбыс шығарады? ж-ж-ж-ж-ж

Ара, ара, аралар,

Орманды түгел аралар.

Гүлдерден сорып бал алар.

Магниттік тақтаға гүлдердің суреттері ілінеді. Ара қай гүлге қонса, сол гүлде тапсырма болады.

Тапсырма 1

Әріптердің арасынан жасырынған «Ж» әрпін тауып, астын сызыңдар.

Тапсырма 2

«Не артық?» ойыны: карточкадағы артық затты тауып, неліктен артық екенін түсіндіріңдер.

Тапсырма 3

Жолбарыс, Жылан, Жапырақ сөздеріне дыбыстық талдау жасап, сөйлем құрастырыңдар.

Тапсырма 4

Дидактикалық ойын: «Буынға буын қос». Басталған буынға буын қосып, сөз құрастырып, анық айтып шығу.

Жа-ға Жу-ан Жаң-ғақ Жыл-дам Жас-лан Жаң-быр Жы-лан Жас-тық Жү-зім Жұл-дыз Же-міс Жұм-бақ Жи-һаз

Тапсырма 5

Тақтада әртүрлі суреттер ілінеді: жүзім, машина, қонжық, түйе, доп, көжек, жылқы. Осы суреттердің ішінен «ж» дыбысы барларын тауып, атауын атап, буынға бөліңдер.

Балалар араның барлық тапсырмаларын орындап шығады.

6) Қорытынды және тәрбиелік бөлім

Қорытынды сұрақтар

  • Бүгін қандай дыбыспен таныстық?
  • «Ж» дыбысы дауысты ма, дауыссыз ба?

Мұғалім балалардың белсенділігі мен еңбегін атап өтіп, ынталандырады.

Ынталандыру

Сендер — Қазақстан Республикасының кішкентай азаматтарысыңдар. Келешекте еліміздің жарқыраған жұлдыздары болыңдар!

Оқушыларға жұлдызша түріндегі марапат ұсынылады.

Тәуелсіздік туралы еске салу

Қазақстан — тәуелсіз мемлекет. Тәуелсіздік мерекесі 16 желтоқсан күні атап өтіледі.

Он алтыншы желтоқсан —

Тәуелсіздік алған күн.

Мерекені ел тосқан,

Атамменен барған күн.

Он алтыншы желтоқсан —

Тәуелсіздік алған күн.

Ерекше болып мәңгілік,

Ел жадында қалған күн.