Сергіту сәтінен қимылды білдіретін сөздерді тап
Атырау қаласы
№34 лингвистикалық мектеп-гимназиясының бастауыш сынып мұғалімі: Қыстаубаева Айнұр
Сабақтың тақырыбы: Етістік
Сабақтың мақсаты
- Білімділігі: Оқушыларға етістік туралы толық мағлұмат беру.
- Дамытушылығы: Оқушылардың сөздік қорын молайтып, ойын, тілін, шығармашылығын дамыту; дербес жұмыс жасауға үйрету; өз ойын тез әрі жүйелі жеткізуге дағдыландыру.
- Тәрбиелігі: Оқушыларды ұқыптылыққа, жинақтылыққа, еңбекқорлыққа тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: Ережелер, дидактикалық суреттер, сәйкестендіру тапсырмалары.
Сабақтың түрі: Дамытушылық.
Сабақтың әдісі: Түсіндіру, сұрақ-жауап, өз бетімен жұмыс.
Сабақтың барысы
1) Ұйымдастыру кезеңі
Психологиялық дайындық
Сабақтың ұраны:
Сөйлейміз, оқимыз, жазамыз,
Бәрін білуге ұмтыламыз!
2) Жаңа сабаққа кіріспе: білімді жинақтау
Дидактикалық ойын: «Тез ойла, сөз ойла»
Не? (Төлдеу атаулары)
- қоздайды құлындайды лақтайды боталайды бұзаулайды
Кім? (Іс-әрекет)
- емдейді оқытады ұшады тігеді
Еске түсіру: Заттың атын білдіретін сөздер зат есім деп аталады. Зат есімдерге кім? кімдер? не? нелер? сұрақтары қойылады.
Мысал: адам, адамдар, ағаш, ағаштар.
Сұрақ-жауап арқылы жаңа ұғымға шығу
Сұрақ: Бүгінгі сабағымыздың қонақтары кімдер?
Жауап: Мұғалімдер.
Сұрақ: Мұғалімдер не істеді? Мен не істедім? Сендер не істедіңдер?
Қорытынды: Заттың қимылын, іс-әрекетін білдіретін сөздерді байқадық.
Сәйкестендіру тапсырмасы: «Адасқан сөздерді орнына қой»
| Жануар | Дыбыстауы |
|---|---|
| Арыстан | ақырады |
| Түйе | боздайды |
| Жылқы | кісінейді |
| Қой | маңырайды |
| Сиыр | мөңірейді |
| Аю | бақырады |
Бұл тапсырмада да қимылды білдіретін сөздер назарға алынады: ақырады, боздайды, кісінейді және т.б.
3) Ережені бекіту: «Етістік» ұғымы
Ереже: Заттың қимылын, іс-әрекетін білдіретін сөздерді етістік дейміз. Етістіктерге не істеді? қайтті? не қылды? деген сұрақтар қойылады.
Мысал: өсті, ойнады, сайрады.
Жаттығулар мен тапсырмалар
- 412-жаттығу: сурет бойынша жұмыс, мәтін құрастыру.
-
Топтық жұмыс (көру диктанты):
1-топ
Жазда қыдырады, қыста тынығады. (Су)
2-топ
Таңмен көзін ашады, әлемге нұрын шашады. (Күн)
4) Сергіту сәті және талдау
Қимыл-қозғалыс өлеңі
Кәне, қанат жазайық,
Қарлығашқа ұқсайық.
Ұшып-ұшып алайық,
Орнымызға қонайық.
Тапсырма
Сергіту сәтіндегі қимылды білдіретін сөздерді тап: жазайық, ұқсайық, ұшып-ұшып алайық, қонайық.
5) Бекіту тапсырмалары: жаттығу, диктант, шығармашылық
414-жаттығу
Етістіктерді табу және сөйлем ішінде дұрыс қолдану.
Шығармашылық диктант (топтық)
1-топ
Тоғайда түрлі аңдар ...
Терең шатқалға қояндар ...
2-топ
Қызыл түлкілер тоғайда ...
Тиіндер ағаштан-ағашқа ...
Өзіндік жұмыс: 415-жаттығу
Берілген етістіктерді қатыстырып сөйлем құра: қонды, жауды, жүзді, тасыды.
Мысал: Қар қалың жауды.
416-жаттығу
Берілген сөздердің ішінен етістікті тауып, оның етістік екенін сұрақ қою арқылы дәлелде.
Терме диктант
6) Қорытынды, бағалау және үй тапсырмасы
Қорытындылау сұрақтары (дидактикалық ойын арқылы)
- Етістік деген не?
- Етістік қандай сұрақтарға жауап береді?
- Мысал келтір.
Үйге тапсырма: 417-жаттығу.
Бағалау: оқушылардың тапсырмаларға қатысуы мен орындалу сапасына қарай қорытынды баға қойылады.