Фонетикалық талдау аралы
Пәні
Қазақ тілі
Сабақтың түрі
Саяхат сабағы
Пәнаралық байланыс
Әдебиет, география
Сабақтың мақсаттары
Білімділік
Дауысты дыбыстар бойынша алған білімдерін бекіту.
Дамытушылық
Тілдік-эстетикалық сезімді тәрбиелеу, ойлау қабілетін дамыту, тапқырлық пен ізденімпаздық қасиеттерін қалыптастыру.
Тәрбиелік
Қазақ тілін құрметтеуге баулу, асыл сөздердің мәнін түсіндіру арқылы адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру.
Сабақтың барысы
1) Ұйымдастыру кезеңі
Үй тапсырмасы сұрақ-жауап арқылы тексеріледі:
- Дыбыс дегеніміз не?
- Дыбыстарды айтқанда адамның қай мүшесі жұмыс атқарады?
- Тіл дыбыстарын қандай ғылым саласы зерттейді?
- Қазақ әліпбиінің негізін салушы кім?
- «Әліпби», «алфавит» сөздері қай елдердің сөздері?
- Қазақ тіліндегі дауысты дыбыстар саны қанша және олар неше бөлікке бөлінеді?
- Таңбаларға нелер жатады?
- Қос дауысты әріптерді ата.
Саяхатқа кіріспе
Бүгін біз «Дауысты дыбыстар әлемінің жұмбақ аралдарына» саяхат жасаймыз. Әр аралдың құпиясын ашу үшін сол аралдағы тапсырмаларды орындаймыз.
Аралдарға саяхат тапсырмалары
Тапсырмалар дауысты дыбыстарды тану, ажырату және қолдану дағдыларын жүйелі түрде дамытады.
1) «Арнайы сөздік қор» аралы
Тапсырма: Берілген уақыт ішінде ашық және қысаң дауысты дыбыстарды қатыстырып сөздер құрастырып жазыңдар.
2) «Хабардар болу» аралы
Тапсырма: Берілген уақыт ішінде дұрыс сөзді тез тауып жазыңдар. Жуан дауысты дыбысты бір сызықпен, жіңішке дауысты дыбысты екі сызықпен сызыңдар (4 минут).
Қыстың айлары
Қыркүйек, қазан, ақпан, қараша
Республикамызда кездеспейтін құстар
Бұлбұл, страус, кептер, бозторғай
Әкесі баласынан үлкен
Жиі, әрқашан, ешқашан, сирек
Тәулік уақыты
Жыл, ай, апта, күн
Теректе әрқашан бар
Жапырақ, тамыр, гүл, жеміс
Жыл мезгілі
Тамыз, күз, сенбі, тоқсан
3) «Оқулықпен жұмыс» аралы
252-жаттығу: Мәтіннен ашық дауысты дыбыстарды бір бөлек, қысаң дауысты дыбыстарды бір бөлек (қайталанғанын алмай) теріп жазыңдар. Әрі сол дыбыстардан басталатын бір-бір сөз ойлап айтыңдар.
4) «Фонетикалық талдау» аралы
Тапсырма: Көп нүктенің орнына тиісті дауысты дыбыстарды қойыңдар. Асты сызылған сөзге фонетикалық талдау жасаңыздар.
Б.. р.. лл.. ғ.. с.. й.. н.. п, К.. л, б.. л.. л.. р.. қ.. л.. қ! .. қ.. ғ.. нд.. к.. ң.. лг.. .. қ.. л.. сп.. н т.. қ.. л.. қ!
5) «Семантикалық картамен жұмыс» аралы
Берілетін сөздер: шабылып, өзгеруі, дәстүрлі, құрылып.
| Сөз | Жуан | Жіңішке | Ашық | Қысаң | Еріндік | Езулік |
|---|---|---|---|---|---|---|
| ШАБЫЛЫП | □ | □ | □ | □ | □ | □ |
| ӨЗГЕРУІ | □ | □ | □ | □ | □ | □ |
| ДӘСТҮРЛІ | □ | □ | □ | □ | □ | □ |
| ҚҰРЫЛЫП | □ | □ | □ | □ | □ | □ |
6) «Термелі диктант» аралы
Тапсырма: Мұғалім тасымалдауға болмайтын сөздерді оқиды, оқушылар дәптерлеріне жазып алады.
Ашық, қасық, кг., ара, балық, алма, Абай, көктем, қара, бал, ТМД, ою, Сәрсенбаев, кітап, ҚазМҰУ, дала, оқушы, Қызылорда, дәптер, жаңалықтар, тонна, Меңдіқара, ауыл, аю.
7) «Шығармашылық» аралы
Тапсырма: Мәтін ішінен сөздерді тауып белгілеңдер (әріптер тізбегінен сөз құрау).
арпаопцшуироымрыоауапмромсанарпвлралмтмамапвмолмржанрпоракөлрпволтамақпвлгражерриаолапайдараолврайрполврқазоиворалмолвромижел
8) «Артық сөзді алып таста» аралы
Тапсырма: Берілген сөздер қатарынан мағынасына сай келмейтін артық сөзді анықтап, алып тастаңдар.
Қорытынды бөлім
Қорытындылау
Сабақ тест тапсырмалары арқылы қорытындыланады.
Бағалау
Оқушылардың жұмысы тапсырмаларды орындауына және белсенділігіне қарай бағаланады.
Үй тапсырмасы
«А» дыбысынан басталып, сол дыбыспен аяқталатын 20 сөз жазып келу.
Материал: дауысты дыбыстарды ажырату, талдау және қолдану дағдыларын бекітуге арналған саяхат-сабақ жоспары.
Жоғарыға қайту