Абай суреттеуіндегі аттың сыны - сөз өнері

Қысқа мерзімді жоспар (Қазақ әдебиеті, 6-сынып)

Бұл жоспар 6-сынып оқушыларына арналған. Сабақ Абай Құнанбайұлының өмірі мен шығармашылығын танытуға және «Шоқпардай кекілі бар, қамыс құлақ» өлеңіндегі бәйге атының сынын көркемдік тұрғыда талдауға бағытталған.

Сабақ тақырыбы

Абай Құнанбаев: «Шоқпардай кекілі бар, қамыс құлақ»

Сілтемелер мен ресурстар

  • «Суреттегі ой бейнесі»
  • «Сөзмаржан»
  • Презентация, бейнероликтер
  • Оқулық, ғаламтор дереккөздері
  • Оқыту әдістемесі бойынша ғылыми-педагогикалық журнал материалдары

Дереккөз

Ғаламтор және оқулық материалдары.

Сабақтың мақсаты

1) Танымдық мақсат

Абай Құнанбайұлының өмірі мен шығармашылығы туралы түсінік қалыптастыру; ақынның өмір жолымен және негізгі шығармаларымен таныстыру.

2) Әдеби-талдау мақсаты

Өлеңде суреттелген ер жігіттің сенімді серігі — бәйге атының сынын бағалау; көркем бейненің жасалу тәсілдерін анықтау.

Оқыту нәтижесі

  • Ақын шығармаларындағы өмірлік құндылықтарды таниды.
  • Жүйрік баптау мен бәйгеге қосу қазақ үшін үлкен өнер екенін түсінеді.
  • Өлеңде бейнеленген аттың мүсіндік портретін сипаттай алады.

Негізгі идеялар

  • Абай суреттеуіндегі ат сыны — сөз өнерінің үлгісі.
  • Жылқыға қатысты көзқарас ұлттық психологиямен сабақтас.

Оқыту тәсілдері

  • Оқулықпен жұмыс
  • Жұппен жұмыс
  • Топтық жұмыс

Сабақ барысы

Ұйымдастыру кезеңі

2 минут

Амандасу, сыныпты топқа бөлу.

Топ атаулары: «Жарайсың», «Керемет», «Тамаша».

5 минут

Үй тапсырмасын тексеру: мәтін бойынша ассоциация құру арқылы қысқаша шолу.

Бағалау критерийлері

  • 5 — 1–5 тармақ толық қамтылса
  • 4 — 1–3 тармақ толық қамтылса
  • 3 — 1–2 тармақ толық қамтылса

Жаңа сабақ

3 минут

Ой шақыру: интерактивті тақтадан Абайдың өмірбаяны туралы қысқа бейнеролик көрсету.

Сабақтың мақсаты мен күтілетін нәтижелерін таныстыру, топтық бағалауға арналған парақшалар тарату.

Ой қозғау сұрақтары

  1. Абай туралы не білеміз?
  2. Ақынның қандай шығармаларын білесің?
2 минут

«Шоқпардай кекілі бар, қамыс құлақ» тақырыбы бойынша бейнематериал көрсету.

5 минут

Мәтінмен жұмыс: өлеңді оқу. Әр топтан оқушылар кезекпен мәнерлеп оқиды.

Топтық тапсырмалар

1-топ

5 минут

Өлеңнің алғашқы шумағынан дене мүшелерін тіркескен сөзімен бірге теріп жаз.

2-топ

5 минут

Өлеңнің алғашқы шумағынан омоним сөздерді тап.

3-топ

5 минут

Өлеңнің алғашқы шумағындағы тіркескен сөздердің ішінен тасымалдауға келмейтін сөздерді анықта.

Бағалау тәсілі

Топтар бір-бірін «Бағдаршам» әдісі арқылы бағалайды.

Шумақтарды талдау

1-топ: екінші шумақ

Шумақтарды талдау

2-топ: үшінші шумақ

Шумақтарды талдау

3-топ: төртінші шумақ

Қосымша жұмыс

«Толықтыру тесті» арқылы білімді бекіту.

Кейінгі тапсырмалар

1

Өлеңді нақышына келтіріп, мәнерлеп оқу.

2

Эпитет пен теңеулерді табу.

3

Өлең мазмұнын қара сөзбен жазу.

Мектеп

Қызылорда облысы, Шиелі ауданы, №158 орта мектеп.

Мұғалім

Кетепова Жаухар

Материал: «Абай Құнанбаев — “Шоқпардай кекілі бар, қамыс құлақ”» (жүктеу).