Бактериялардың түрлерін ата

Сабақ туралы қысқаша мәлімет

Мектеп

№11 М. П. Окороков атындағы жалпы орта мектебі, Сарыағаш ауданы, Дербісек ауылы

Мұғалім

Алипбаева Н. Н.

Пән

Биология (7-сынып)

Сабақ тақырыбы

Бактериялар дүние тармағы

Сабақтың мақсаттары

Білімділік

Оқушыларға бактериялар туралы түсінік қалыптастыру; бактериялардың тіршілік формаларын және тіршілік қасиеттерін меңгерту.

Дамытушылық

Оқушылардың жылдам ойлау қабілетін және есептеу мәдениетін дамытуға ықпал ету.

Тәрбиелік

Танымдық қызығушылықты арттыру; топпен жұмыста достық қарым-қатынасты қалыптастыру; ұқыптылық пен жауапкершілікке тәрбиелеу.

Тілдік мақсаттар

Оқушылар бактерияларды түсінеді және оларды ауызша түсіндіре алады.

Биологиялық терминология

  • микробиология
  • бактерия
  • сапрофитті
  • паразитті
  • спора
  • жасуша
  • ДНҚ
  • таралу аймақтары

Оқыту ресурстары

Интербелсенді тақта

Оқулық

Бор, тақта

Жұмыс дәптерлері

Түрлі түсті қаламдар

Түрлі түсті қағаз, қайшы

Сабақтың барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі

Бүгінгі сабақта төмендегі ережелер бойынша жұмыс жүргізіледі:

  • Сергіту сәті
  • Топтарға бөлу
  • Өзіндік жұмыс
  • «Көпіршелер арқылы» оқыту
  • Топтық жұмыс
  • Постер жасау
  • Жаңа мағлұмат алу
  • Өз ойларын айту
  • Рефлексия

Сергіту сәті (2 минут)

«Екі жұлдыз, бір тілек»: оқушылар бір-біріне бойындағы адамгершілік қасиеттерін атап, жылы тілек білдіреді.

Топтарға бөлу (1 минут)

Геометриялық фигуралар бойынша топтастыру: үшбұрыш, төртбұрыш, дөңгелек, алтыбұрыш.

II. Қайталау

Қайталау сұрақтары

  • Тірі ағзалар неше дүниеге жіктеледі?
  • Тірі ағзалардың тіршілік формаларын атаңдар.
  • Тірі ағзалардың негізгі қасиеттерін атаңдар.

Өзіндік жұмыс (7 минут)

«Вирустар», «саңырауқұлақтар», «өсімдіктер», «жануарлар» тақырыптары бойынша тірек сөздер беріледі. Оқушылар тірек сөздер арқылы үй тапсырмасын жазады. Әр топ өз жұмысын қорғайды.

«Көпіршелер арқылы» оқыту (5 минут)

Топ мүшелері жұмыстарын өзара ауыстырып, толықтыру енгізеді және бір-бірінің жұмысын бағалайды.

Ой толғаныс

Бүгін біз тірі ағзалар дүниесіне шолу жасадық және олардың топтарын ажыратуды қайталадық. Енді қандай ағзалық әлем туралы әлі сөз қозғаған жоқпыз? Осы сұрақ арқылы жаңа сабақтың тақырыбы ашылады.

Интербелсенді тақтадан жаңа тақырып көрсетіледі.

III. Жаңа материалды түсіндіру

Презентация (20 минут)

Мұғалім оқулықтағы тақырыпқа шолу жасап, «оқыту және оқу» тәсілі арқылы жаңа сабақты меңгертеді. Оқушыларға топтық тапсырмалар беріледі.

I топ

Микробиологияның ашылу тарихы

II топ

Бактерияның құрылысы

III топ

Бактериялардың түрлері

IV топ

Бактериялардың тіршілік әрекеті

Мағынаны тану: постер қорғау

Әр топ оқулықты пайдаланып постер дайындайды және қорғайды. Топ ішінде спикер сайланады (қажет болса көмекші таңдалады). Оқушылар ізденіс жасап, шығармашылық жұмыс арқылы жаңа мәліметтерді меңгереді.

Топтардың қысқаша қорытындысы

I топ: Микробиология тарихы

Спикер: Жанар

Тарих

Бактерияларды алғаш рет 1683 жылы микроскопты ғылыми зерттеулерде пайдаланған голланд ғалымы Антони ван Левенгук (1632–1723) байқағаны туралы мәліметтер келтірілді.

XIX ғасырдың екінші жартысында француз ғалымы Луи Пастер (1822–1895) көптеген ашу процестері арнайы микроағзалардың тікелей қатысуымен жүретінін дәлелдеп, «тіршілік өздігінен пайда болады» деген көзқарасты тәжірибе арқылы жоққа шығарды.

II топ: Бактерия құрылысы

Спикер: Жазира

Құрылым

Бактерия — ядросыз ағза. Тұқым қуалайтын ақпарат цитоплазмадағы бір ғана ДНҚ молекуласында сақталады; оның пішіні сақина тәрізді.

Қор заттары полисахаридтер, майлар, полифосфаттар және күкірт түрінде жиналуы мүмкін. Бактериялар қарапайым бөліну арқылы көбейеді.

Спора — тығыз қабықпен қапталған ерекше жасуша. Спора түзу бактерияға қолайсыз орта жағдайларынан қорғануға көмектеседі.

III топ: Бактериялардың түрлері

Спикер: Аружан

Пішін

«Бактерия» сөзі грек тілінен аударғанда «таяқша» деген мағынаны білдіреді. Пішініне қарай бактериялар бірнеше түрге жіктеледі.

  • үтір тәрізді
  • таяқша тәрізді
  • сопақша
  • шар тәрізді

IV топ: Тіршілік әрекеті және таралуы

Спикер: Мақсат

Экология

Қоректенуіне қарай бактериялар екіге бөлінеді:

  • Сапрофитті — өлі ағзалардың қалдықтарымен қоректенетіндер.
  • Паразитті — тірі ағзалардың ұлпаларымен немесе мүшелерімен қоректенетіндер.

Бактериялар ауада, топырақта, суда, тау басындағы қар мен мұздықтарда, сондай-ақ ыстық қайнар суларда (+90°C шамасында) да кездеседі.

Бактериялар үшін ең қолайлы табиғи орта — топырақ. Топырақ түріне қарай 1 грамында шамамен 200 миллионнан 2 миллиардқа дейін бактерия болуы мүмкін.

Қорытынды, рефлексия және үй тапсырмасы

Сабақты қорытындылау (3 минут)

Мұғалім сабақты қысқаша қорытындылап, төмендегі сұрақтар арқылы білімді бекітеді.

  • Микробиологияға үлес қосқан қандай ғалымдарды білесіңдер?
  • «Бактерия» сөзі қандай мағына береді?
  • Бактериялардың құрылысы қандай?
  • Бактериялардың түрлерін атаңдар.

Рефлексия (2 минут)

Оқушылар бүгінгі сабақтан алған әсері мен түсінгенін қысқаша айтып, кері байланыс береді.

Үй тапсырмасы

Микроскоптың шығу тарихы және оны дамытуға үлес қосқан ғалымдар туралы мәлімет жинақтап келу.

Ескерту

Қажет болса, толық нұсқасын жүктеп алып пайдалануға болады.