Көбейтудің қасиеттерін қолдану
Автор туралы
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Қазалы ауылы, №100 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі — Темірбаева Гүлмира Құлымжанқызы.
Сабақтың тақырыбы
Көбейтудің ауыстырымдылық қасиеті
Мақсат — көбейткіштердің орнын ауыстырғанда көбейтіндінің мәні өзгермейтінін түсіну және оны есеп шығаруда тиімді қолдану.
Сабақтың міндеттері
- Көбейтудің ауыстырымдылық қасиетін және оның есеп шығаруда қолданылуын қарастыру.
- Өзін-өзі бақылау дағдыларын дамыту, талдау жасап, қорытынды шығара білуге үйрету.
- Ұқыптылыққа және дербестікке тәрбиелеу.
Сабақтың жоспары
I. Ұйымдастыру сәті
Балалар, бір-біріңе қарап жымиыңдар. Жайланып отырып, көздеріңді жұмыңдар. Менің айтқанымды іштеріңнен қайталаңдар:
Мен мектептемін. Қазір сабақты бастаймын. Осыған қуанамын.
Жан дүниемде күн нұрлы, бойымда жылу мол.
Осы жылуды Жер бетіндегі барлық адамдарға жолдаймын.
Менің оқығым келеді! Өте-өте оқығым келеді.
II. Өткен сабақты қорытындылау
Жұмысымызды әдеттегідей ауызша жаттығулардан бастаймыз.
1) Ойын: «Сыңарын тап»
Жауаптары бірдей мысалдарды атаңдар және оларды өзара сәйкестендіріңдер.
4 + 46
8 + 72
2 × 7
64 + 30
22 + 58
100 − 6
7 × 2
25 + 25
7 + 7 + 7
Сұрақ: Қай өрнек сыңарсыз қалды? Оған сыңар болатын өрнек ойлап табыңдар (мысалы: 40 − 19, 7 × 3, 16 + 5 және т.б.).
2) Қосындыны көбейтіндімен алмастыру
Қай қосындыларды көбейтінді түрінде жазуға болады?
3 + 3 + 3
4 + 8
4 + 4
9 + 9
5 + 5 + 5
6 + 6
3 + 2
2 + 4 + 3
3 + 4 + 4 + 4
Ал мұнда қосындылардың бір бөлігін ғана (ішінара) көбейтіндімен алмастыруға бола ма? Қалай орындаймыз?
3 × 3
4 × 2
6 × 2
9 × 2
5 × 3
3 + (4 × 3)
III. Жаңа материалды түсіндіру
1) Сабақтың мақсатын қою
- Қосылғыштарды атай отырып, қосындыларды оқыңдар: 4 + 46, 8 + 72.
- Қосылғыштарды қалай қосқан қолайлы? Есептеу кезінде қандай қасиеттерді пайдаландыңдар?
- Осы қасиетті көбейтіндінің мәнін есептегенде де қолдануға бола ма?
2) Жаңа білімді меңгеру
Екі өрнектің мәндерін салыстырыңдар: 256 × 2 және 2 × 256.
Әдеттегі тәсілмен есептеу: алдымен 256 × 2 табамыз, яғни 256 + 256 = 512. Ал 2 × 256 үшін 2 санын 256 рет қайталап қосу керек болады — бұл өте қолайсыз.
Қорытынды сұрақ: қайсысы қиын? Ендеше қалай тиімді есептейміз? Көбейтудің ауыстырымдылық қасиетін қолданамыз.
Мысал арқылы дәлелдеу
2 × 100 = 200 екенін білеміз. Есептеуді жалғастырайық:
Ыңғайлы жіктеу
256 = 200 + 50 + 6
Көбейтуді таратып есептеу
2 × 200 = 400
2 × 50 = 100
2 × 6 = 12
400 + 100 + 12 = 512
Демек, нәтижелер тең: 256 × 2 = 2 × 256. Яғни көбейткіштердің орнын ауыстырғанмен, көбейтіндінің мәні өзгермейді.
IV. Жаңа сабақты бекіту
1) Оқулықтағы №1 тапсырма
Суреттерге қараңдар. Қай тәсіл қолайлырақ? Неге? Барлық ұшақтар саны қанша?
1-тәсіл
6 + 6 + 6 + 6 = 24
2-тәсіл
4 + 4 + 4 + 4 + 4 + 4 = 24
2) Ережемен жұмыс
Көбейткіштердің орындарын ауыстырғаннан көбейтіндінің мәні өзгермейді.
3) Қасиеттерді қолдану
№2, №3, №4 тапсырмалар орындалады.
V. Сергіту сәті
Жұмыс істеп шаршадық, ал тұрайық ақырын.
Өсімдіктерді көп білеміз, орманда да көп жүреміз.
Жасыл шырша қанша болса, соншама рет еңкейеміз.
Доптарымыз қанша болса, соншама рет отырамыз.
Тақтадағы шеңбер қанша, шапалақты сонша соғып,
Соқпақ жолмен адымдаймыз, жәндіктерді таптамаймыз.
Бұлаққа да келіп жеттік, енді отырып дамылдаймыз.
VI. Өткен материалды қайталау
1) Есеп шығару
- №5 есептің қысқаша шарты.
- №6 есептің қысқаша шарты.
1-тәсіл
82 − (17 + 24) = 41
2-тәсіл
82 − 17 − 24 = 41
2) Шығармашылық тапсырма
«11 айырмашылық» тапсырмасы орындалады.
3) Өз бетінше жұмыс
№8 тапсырма.
VII. Сабақты қорытындылау
- Сабақта қандай жаңалық білдіңдер?
- Сабақ соңындағы көңіл күйлерің қандай?