Адасқан сөйлемдер
Сабақтың мақсаты
-
1
Сөйлем туралы бұрынғы білімдерін еске түсіру; сөйлемнің сөздерден құралатынын және сөздердің бір-бірінен бөлек жазылатынын меңгерту.
-
2
Жаттығулар орындау арқылы сөйлем туралы білімдерін тереңдету; сауатты жазу дағдыларын жетілдіру және оқушылардың сөздік қорын молайту.
-
3
Жинақылыққа, ұқыптылыққа, мейірімділікке және достыққа тәрбиелеу.
Сабақтың сипаттамасы
- Сабақтың типі
- Жаңа сабақты түсіндіру
- Сабақтың әдісі
- Түсіндіру, сұрақ-жауап, әңгімелесу, талдау
- Көрнекілігі
- Интерактивті тақта, кесте, суреттер
Негізгі ұғым
Сөйлем — аяқталған ойды білдіретін тілдік бірлік. Сөйлемнің соңына нүкте (.), сұрау белгісі (?) немесе леп белгісі (!) қойылады.
Сөз неден құралады?
Дыбыстардан
Сөйлем неден құралады?
Сөздерден
Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылармен амандасу, түгелдеу, сынып назарын сабаққа аудару.
Психологиялық дайындық
Үлкенге де — сіз,
Кішіге де — сіз.
Баршаңызды құрметтеп,
Бас иеміз біз.
II. Үй тапсырмасын тексеру
Сұрақ-жауап әдісі арқылы тексеріледі:
- Мәтін дегеніміз не?
- Мәтіннің неше түрі бар?
- Мәтін неше бөліктен тұрады?
III. Үй тапсырмасын пысықтау
Тапсырма 1
Төмендегі сызба бойынша әңгімелеу мәтінін құрастыр.
Тапсырма 2
Тірек сөздерді пайдаланып, сипаттау мәтінін құрастыр.
IV. Жаңа сабақ
Тақырыпты ашу
Ребус арқылы тақырып анықталады. Ребустан шыққан сөз: «Сөйлем».
Ереже
Сөйлем аяқталған ойды білдіреді. Сөйлем соңына ., ? немесе ! қойылады.
Сұраулы сөйлем сұраулық мағынаны білдіреді және соңына ? белгісі қойылады.
Оқулықпен жұмыс
164-жаттығу (ауызша)
Сөздерді салыстырып оқы:
Шекарашылар күзетте тұрады.
Олар еліміздің шекарасын қорғайды.
Талқылау сұрақтары
- Қайсысы сөйлем? Неліктен?
- Сөйлемнің аяқталған ойды білдіретінін дәлелде.
165-жаттығу
Жақшадағы сөздерді сөйлем мазмұнына қарай өзгертіп жаз.
Ажар кітапханаға барды.
Кітапханада адам көп.
Ол кітапханадан кітап алды.
166-жаттығу
Берілген сөздерден сөйлем құрап жаз:
Бірнеше бала сырғанақ теуіп жүр.
Ақан шанамен сырғанады.
Ол абайсызда шанадан айырылып қалды.
Шана төмен қарай сырғанай жөнелді.
Сергіту сәті
Аспанға қарап ай көрдік,
Төменге қарап жер көрдік.
Оңға-солға бұрылып,
Егеменді ел көрдік.
167-жаттығу (ауызша)
Сөйлемдерді соңына қойылған тыныс белгісіне сай ырғақпен оқы. Бұл сөйлемдердің айтылу мақсаты әртүрлі екенін дәлелде.
Мына сурет қандай әдемі салынған!
Бұны қазақтың атақты суретшісі Әбілхан Қастеев салған.
Қастеев атанды білесің бе?
Ойын: «Адасқан сөйлемдер»
- 1 Алақай, қар жауды!
- 2 Қыс мезгілі қандай керемет.
- 3 Қыста не жауады?
Жұмбақ
Өзім сөзден тұрамын,
Аяқталған ойды құрамын.
Жауабы: сөйлем
V. Қорытынды
- Бүгінгі сабақта не туралы өттік? (Сөйлем)
- Сөйлем дегеніміз не?
VI. Үйге тапсырма
- 168-жаттығу.
- Ребусты шешу.
VII. Бағалау
Оқушылардың сабаққа қатысуы мен тапсырмаларды орындауына қарай бағалау жүргізіледі.
Мұғалім туралы мәлімет
Қызылорда облысы, Арал ауданы, Сексеуіл кенті, №231 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі — Кумекбаева Венера Ысқаққызы.
Қосымша
Құжаттың толық нұсқасын жүктеу бөлімі бастапқы деректе көрсетілген.