Тірі табиғат және өлі табиғат
Сабақ туралы мәлімет
- Білім беру саласы
- Таным
- Оқу қызмет түрі
- Жаратылыстану
- Өтпелі тақырып
- «Дені саудың – жаны сау»
- Апта тақырыбы
- Күн, су, ауа
- Тақырыбы
- Тірі табиғат және өлі табиғат
Мақсаты
Білімділік
Балаларға қоршаған ортадағы тірі және өлі табиғат туралы түсінік беру. Олардың өзара байланысын танытып, танымдық әрекетін жетілдіру.
Дамытушылық
Өз ойын толық әрі жүйелі жеткізуге үйрету. Дүниетанымын кеңейтіп, сөздік қорын, логикалық ойлауын, қиялын және қызығушылығын дамыту.
Тәрбиелік
Табиғатқа, туған өлкенің әсемдігіне сүйіспеншілік пен қамқорлық сезімін ояту. Табиғатты қорғауға, адамгершілік қасиеттерге тәрбиелеу.
Көрнекіліктер
- Табиғат суреттері бар слайдтар
- Жануарлар бейнелері
- Өсімдіктер бейнелері
Шаттық шеңбер
Табиғатым тамаша,
Көз тоймайды қараса.
Табиғатты аялап,
Жүрейікші жараса.
Сәлем саған, Жер-ана!
Сәлем саған, нұрлы күн!
Ұйымдастыру кезеңі
Бүгінгі ұйымдастырылған оқу қызметіміздің тақырыбы — «Тірі табиғат және өлі табиғат». Ендеше, бізге өмір сыйлаған қоршаған орта туралы әңгіме қозғаймыз.
Ғажайып сәт: табиғатқа саяхат
Сұрақ
Таңертең ұйқыдан тұрғанда кімді көресіңдер?
Жауап үлгісі
Әке, ана, ата, әже.
Сұрақ
Балабақшаға келе жатқанда айналаңнан нені көресіңдер?
Жауап үлгісі
Аспан, бұлт, көлік, ит, ағаш, мысық, жер, қар.
Сұрақ
Күн, су, ауа керек пе?
Жауап үлгісі
Иә, күн, су, ауа бізге қажет.
Сұрақ
Осының барлығын бір сөзбен қалай атаймыз?
Жауап үлгісі
Табиғат.
Дыбыстарды тыңдау
Үнтаспадан табиғат дыбыстарын тыңдаймыз: құстың үні, ағаштың сыбдыры, желдің гуілі, судың сылдыры.
Сұрақ
Қандай дыбыстар естілді?
Түсіндіру: тірі табиғат және өлі табиғат
Өлі табиғат
Күн, ауа, жер, су, тас, тау — бұлар өлі табиғат. Өлі табиғат қоректенбейді, өспейді, тұқым шашпайды.
Дегенмен, тіршілік атаулы өлі табиғатсыз өмір сүре алмайды: күн — жарық пен жылу береді, су — өсімдіктерді суаруға қажет, ауа — тыныс алу үшін керек.
- су
- тас
- тау
- құм
- күн
- ай
- ауа
Тірі табиғат
Тірі табиғат — өседі, қоректенеді, тыныс алады, көбейеді (тұқым шашады). Оған адамдар, жануарлар, құстар, өсімдіктер, балықтар, жемістер мен көкөністер жатады.
Мысалы, ағаш — тірі өсімдік. Оны суарып, күтіп-баптау керек. Ағашқа су, жарық, күннің жылуы және ауа қажет. Құстар да тірі табиғатқа жатады.
Сұрақ
Орманда мекендейтін қандай аңдарды білесіңдер?
Негізгі ой
Біз — адамдар — тірі табиғатқа жатамыз: тамақ ішеміз, еңбек етеміз, білім аламыз. Ал күн, су, ауа — біздің өміріміздің негізгі шарттары. Сондықтан күн, су, ауа — біздің достарымыз.
Тыныс алу жаттығуы
Жаттығу
- Мұрын арқылы терең дем аламыз.
- Ауыз арқылы дем шығарамыз.
Бақылау сұрағы
Қолымызбен мұрнымызды қысып көрсек, дем ала аламыз ба?
Жауабы: Жоқ
Табиғат — біздің байлығымыз. Анамызды қалай жақсы көрсек, табиғатты да солай сүйіп, қорғауымыз керек.
Мақал-мәтелдер
- Көлдің көркі — құрақ, таудың көркі — бұлақ.
- Туған жердің топырағы да ыстық.
- Судың да сұрауы бар.
- Ағаш ексең аялап, басыңда болар саябақ.
Жаңылтпаштар
Жағажайды жағалай
жүгіреді Қамажай.
Тақпақ жаттап,
айтсақ жақсы-ақ.
Үлкен көрші
келді ме, көрші?
Жұмбақтар
Жұмбақ 1
Дәмі де жоқ, түсі жоқ,
Пайдаланбас кісі жоқ.
Жауабы: Су
Жұмбақ 2
Ақ сандығым ашылды,
Ішінен жібек шашылды.
Жауабы: Күн
Жұмбақ 3
Көзге көрінбейді,
Жұтсаң білінбейді.
Жауабы: Ауа
Қорытынды
Қайталау
Табиғат екіге бөлінеді: өлі табиғат және тірі табиғат. Кәне, бәріміз бірге айтайық: табиғат тірі және өлі болып бөлінеді.
Байланыс
Өлі табиғат пен тірі табиғат бір-бірімен тығыз байланысты. Күн болмаса — жарық пен жылуды қайдан аламыз? Су болмаса — өсімдіктерді қалай суарамыз? Ауа болмаса — қалай тыныс аламыз? Ал гүлдер мен өсімдіктер табиғатты көріктендіреді.
Сергіту сәті
Тас болып отырайық.
Жарқыраған күн шықты.
Жаңбыр жауды себелеп,
Гүл болып жайнайық.
Автор туралы
Мекеме
Атырау қаласы, Бірлік ауылы, №33 «Көркемай» балабақшасы
Тәрбиеші
Кабдуахитова Сагия Тлеккабыловна