Категориялы топтастыру
Қазақ әдебиеті сабағының жоспары
Бұл жоспар “Сұратқан хан ақымақ па, сұраған сен ақымақ па?” аңыз әңгімесін оқытуға арналған. Сабақ құрылымы оқушының сөйлеу дағдысын дамытып, мәтінді түсініп оқуға, сұрақ қойып жауап беруге және ой қорытындысын жасауға бағытталған.
Сабақтың мақсаты
- А) Аңыз әңгімені оқыту арқылы сөйлеу тілін дамыту; сұрақ қоюға және дәлелді жауап беруге үйрету.
- Ә) Ауызекі сөйлеуді жетілдіру; мәтінді дұрыс оқып, түсінуге дағдыландыру; сөздік қорды молайту және практикалық жұмыс арқылы тіл дамыту.
- Б) Әңгіме арқылы ұлы адамдар өмірін өнеге ету; адам бойындағы жақсы қасиеттерді, ақылдылық пен тапқырлықты дамыту.
Сабақтың сипаттамасы
- Түрі
- Аралас сабақ
- Типі
- Жаңа сабақты меңгерту
- Әдіс-тәсілдері
- Ой қозғау, эссе, топтастыру
Қамтамасыз ету
- Көрнекілігі
- Интерактивті тақта, парақтар
- Пәнаралық байланыс
- Тарих, тіл, биология
Сабақтың барысы
I кезең
Ұйымдастыру
- Амандасу.
- Оқушылардың қатысуын тексеру.
- Назарды сабаққа шоғырландыру.
II кезең
Қызығушылықты ояту
Ой шақыру сұрақтары
- Аңыз әңгіме дегеніміз не?
- Қандай аңыз кейіпкерлерін білесіз?
- Өткен тақырып қандай болды?
- Әңгіменің негізгі кейіпкерлері кімдер?
Категориялы топтастыру
Әр топ төмендегі сұрақтар бойынша өз білгенін жүйелейді.
1-топ: Жиренше
Ол кім? Ол не істеді?
2-топ: Хан
Ол кім? Ол не істеді?
3-топ: Қарашаш
Ол кім? Ол не істеді?
III кезең
Мағынаны тану
Жаңа сабақ тақырыбы
“Сұратқан хан ақымақ па, сұраған сен ақымақ па?” аңыз әңгімесі.
Топтық тапсырмалар
- I топ: Хан мен Жиреншені көз алдыңызға елестетіп, суретін салыңыз.
- II топ: “Ішке және сыртқа” әдісімен әңгіменің ұнамды және ұнамсыз тұстарын бөліп жазыңыз.
- III топ: Жиренше мен ханға мінездеме беріңіз.
IV кезең
Толғаныс
“5 минуттық эссе”
I топ: Қаңбақтың адамша сөйлеуі шындық па, әлде көркемдік тәсіл ме?
II топ: “Сұратқан хан ақымақ па, сұраған сен ақымақ па?” деген сөзге хан ренжуі мүмкін бе?
III топ: Хан Жиреншені не үшін ертіп жүрген?
Синквэйн
Әр топ берілген кейіпкерге 5 жолды өлең құрастырады.
- I топ: “Хан”
- II топ: “Қарашаш”
- III топ: “Жиренше”
Үй тапсырмасы
Жиренше мен Қарашаш туралы басқа да аңыз әңгімелерді ізденіп, оқып келу.
Бағалау
Оқушылардың топтық жұмысқа қатысуы, жауаптарының дәлелділігі, мәтінді түсінуі және жазба жұмысының сапасы бойынша бағаланады.