Орхон - Енисей ескерткішіндегі септік жалғау
Сабақтың тақырыбы: Зат есімнің септелуі
Бұл сабақта оқушылар зат есімнің септелуі туралы теориялық мағлұмат алып, септік жалғауларының сөйлемдегі қызметін тәжірибе арқылы бекітеді.
Сабақтың мақсаты
Зат есімнің септелуі туралы теориялық білім қалыптастыру.
Көрнекілігі
Зат есімнің септелуіне арналған сызба (кесте).
Бағалау
Парақшалар арқылы, жаттығу-талдау жұмыстары және мәтінді мазмұндау нәтижелері бойынша бағаланады.
Сабақтың міндеттері
Мазмұнға байланысты міндет
Септік жалғауы зат есімге жалғанғанда, оған белгілі бір грамматикалық мағына үстеп, сөйлемде оны басқа сөздермен байланыстыратынын ұғындыру.
СТО (сын тұрғысынан ойлау) дағдылары
- Зат есімнің септелуі туралы түсінігін қалыптастыру.
- Оқулықпен жұмыс арқылы теориялық білімін жаттығу-талдау жұмыстарымен бекіту.
- Ойын жинақтау, шығармашылық тапсырма орындау.
Топтық міндет
Бірлесе жұмыс істеуге, пікірін дәлелдеуге және ортақ шешімге келуге үйрету.
Қолданылатын стратегиялар
Сабақ барысы
I. Қызығушылықты ояту
1) «Суретпен жұмыс» стратегиясы
Сынып оқушыларын үш топқа бөлу. Әр топқа сурет беріледі. Сурет бойынша мәтін құрастырады: 1 оқушы оқиды, 2 оқушы жазады, тәуелдік жалғауын қолданады.
2) Тәуелдік жалғауын қайталау
Тәуелдік жалғауы туралы сұрақ-жауап жүргізіледі. «Бала», «бөлме», «ұстаз» сөздерін тәуелдеу тапсырмасы беріледі.
Тәуелдеу үлгісі
Оңаша тәуелдеу
- I жақ: менің балам
- II жақ: сенің балаң; сіздің балаңыз
- III жақ: оның баласы
Ортақ тәуелдеу
- I жақ: біздің баламыз
- II жақ: сендердің балаң; сіздердің балаңыз
- III жақ: олардың баласы
Бекіту тапсырмасы: 38-жаттығу.
II. Мағынаны тану
1) Алдыңғы білімді белсендіру
- Тілімізде неше жалғау бар? (көптік, тәуелдік, жіктік, септік)
- Септік туралы не білеміз? (өткен сыныптардағы білімді еске түсіру)
- «Топтастыру» арқылы ойларын жүйелеу.
2) Негізгі теория
Септік жалғауы зат есімге жалғанғанда, оған белгілі бір грамматикалық мағына үстеп, сөйлемде оны басқа сөздермен байланыстырады.
Септік жалғаулары сөзге буын үндестігі мен ілгерінді ықпал заңдары бойынша жалғанады. Әр септік жалғауы сөзге өзіне тән грамматикалық мағына үстейді. Тек көмектес септік жалғауы буын үндестігіне бағынбайды.
Зат есім көптік, тәуелдік жалғаулы тұлғада тұрып та септеле береді.
Септелу үлгілері
Жай септеу (үлгі)
- А.
- көл
- А.
- гүлдер
- І.
- көл+дің
- І.
- гүлдер+дің
- Б.
- көл+ге
- Б.
- гүлдер+ге
- Т.
- көл+ді
- Т.
- гүлдер+ді
- Ж.
- көл+де
- Ж.
- гүлдер+де
- Ш.
- көл+ден
- Ш.
- гүлдер+ден
- К.
- көл+мен
- К.
- гүлдер+мен
Тәуелді септеу (үлгі)
Жай тұлға
кітап
- І.
- кітап+тың
- Б.
- кітап+қа
- Т.
- кітап+ты
- Ш.
- кітап+тан
- К.
- кітап+пен
Тәуелді тұлға
кітабым
- І.
- кітабым+ның
- Б.
- кітабым+а
- Т.
- кітабым+ды
- Ш.
- кітабым+нан
- К.
- кітабым+мен
Келесі қадам: септіктердің сұрақтары мен жалғауларын сызба (кесте) бойынша талдау.
3) Тарихи дерекпен жұмыс
Орхон–Енисей ескерткіштеріндегі септік жалғаулары туралы қысқаша мәлімет беру және мысалдармен түсіндіру.
III. Кітаппен жұмыс
Оқулықтағы тапсырмаларды орындау, сөйлемдерден септік жалғаулы зат есімдерді тауып, олардың мағынасын және қызметін дәлелдеу.
IV. «Жазу және нобайлау» стратегиясы
Үш топқа үш сөз беріледі. Әр топ берілген сөздерден бірнеше туынды немесе тіркес сөздер шығарып, қысқаша түсіндірме береді.
V. Сабақты қорытындылау
- Септік жалғауының қызметін қорытындылау.
- Жай септеу мен тәуелді септеуді салыстыру.
- Топ жұмысы нәтижесін қысқаша қорғау.
VII. Үй тапсырмасы
45-жаттығу.
VIII. Бағалау
Оқушының белсенділігі, жаттығу-талдау жұмыстары және топтық тапсырмалардағы үлесі бойынша бағалау жүргізіледі.