Озық технологияны озат тәжірибесіне айналдырып, білім мазмұнын байытуға үлес қосатын әріптестеріміздің қатарын көбейту

Жалпы ақпарат

Өңір
Қарағанды облысы, Ақтоғай ауданы
Мектеп
«Тасарал жалпы білім беретін орта мектеп» КММ
Сертификатталушы мұғалім
Балтышева Галия Арынқызы (ІІ — негізгі деңгей)
Тақырыбы
Білім берудің қазіргі теориясы және сабақ беру технологиясы

Мақсаты

Білім берудің қазіргі теориясы мен сабақ беру технологиясын оқу мен оқытуда жаңа әдіс-тәсілдерді қолдану арқылы меңгерту; мұғалімдердің кәсіби рөлін айқындап, белсенділікке ынталандыру; 7 модуль туралы маңызды ақпарат беру.

Мұғалімдерді жас ұрпақтың болашағына жоғары жауапкершілікпен қарауға шақырып, мақсат қоюға қатысты тың идеялармен қаруландыру. Озық технологияны тұрақты тәжірибеге айналдырып, білім мазмұнын байытуға үлес қосатын әріптестер қатарын көбейту.

Ресурстар мен құрал-жабдықтар

Ресурстар

  • МАН
  • Үлестірме материалдар
  • Бағдарлама

Құрал-жабдықтар

  • АКТ
  • Бейнеслайдтар
  • Постерлер
  • Маркерлер

Коучинг кезеңдері

Ұйымдастыру

  • Психологиялық дайындық
  • Топқа бөлу

Тренинг: «Көршімнің керемет қасиеті»

Жұптар бір-бірінің алақанына жақсы қасиеттерін жазып, кейін өздері туралы жазылған сипаттаманы табуы керек.

  1. Өз мамандығымызға жақын үш сөзді атаңыз: білім, оқушы, мұғалім.
  2. Осы сөздерді ретімен айту арқылы топтарға бөлініңіз.

Ой шақыру және талдау

Бейнеролик: «7 керемет…»

Көрсету

Бейнеролик бойынша талқылау жүргізіледі: негізгі ойлар, байқаған тұжырымдар, сабаққа ықпалы.

Қосымша материал

Толық нұсқасын жүктеу

Презентация

Слайдын жүктеу