Еуразия жағалауындағы мұхиттар мен теңіздер

Сабақ тақырыбы

§15. Еуразия жағалауындағы мұхиттар мен теңіздер.

Сабақ мақсаты

Оқушыларға Еуразия жағалауындағы мұхиттар мен теңіздер, мұхиттардың материкке тигізетін әсері, жағалаудағы ағыстар, мұхит пайдалы қазбалары, тіршілік дүниесі және мұхиттардың ластану деңгейі туралы мағлұмат беру.

Сабақ міндеттері

1) Білімдік

Еуразия жағалауындағы мұхиттар мен теңіздер, мұхиттардың материкке ықпалы, ағыстар, мұхиттың пайдалы қазбалары, тіршілік дүниесі және ластану деңгейі жөнінде түсінік қалыптастыру.

2) Тәрбиелік

Оқушыларды отансүйгіштікке, табиғатты аялауға және сақтауға тәрбиелеу. Өзен суларын қорғауға өз үлесін қосуға бағыттау.

3) Дамытушылық

Өздігінен ойлау, іздену дағдыларын дамыту; сабаққа қызығушылықты арттыру және пікір айту мәдениетін қалыптастыру.

Сабақтың ұйымдастырылуы

Сабақ түрі

Аралас сабақ.

Сабақ әдістері

  • Сұрақ-жауап
  • Картамен жұмыс
  • Кітаппен жұмыс
  • Жеке жұмыс
  • Топпен жұмыс
  • Карточкамен жұмыс

Құрал-жабдықтар

  • Қазақстан Республикасының физикалық картасы
  • Қазақстан Республикасының әкімшілік картасы
  • Дүние жүзі физикалық картасы
  • Мектеп атласы
  • Кескін карта
  • Карточкалар
  • Интерактивті тақта

Сабақ барысы

Құрылым: ұйымдастыру → түсіндіру → бекіту

I. Ұйымдастырушылық кезең

  • Сәлемдесу.
  • Оқушыларды түгендеу.
  • Назарды сабаққа аудару.

II. Жаңа тақырыпты түсіндіру

Мұғалім алдыңғы сабақта өтілген материал бойынша қысқаша сұрақтар қояды. Оқушылар Еуразия материгі туралы қысқаша мәлімет береді.

Талқылау сұрағы

«Дүниежүзілік мұхит» дегеніміз не?

Тақырыпты ашу үшін бейнефильм көрсетіледі. Бейнефильм барысында төмендегі өлең жолдары оқылады.

«Еуразия» өлеңі

1. Қашаннан бесік болған адамзатқа,
Бұл материк аталған Еуразия.
Таңғажайып табиғаты таңдандырған,
Екі бөліктен тұрады: Еуропа мен Азия.

2. Материк жағалауын шайып жатыр,
Төрт мұхит және оның теңіздері.
Әсер етіп жылы, суық ағыстары,
Құрлықтың климаты түрленеді.

3. Байлығы, берері көп мұхиттардың,
Қойнауы мұнай менен газға толған.
Осы алып материктің тұрғындары,
Балығын қорек етіп, кәсіп қылған.

Бұл материк — Еуразия.

Саяхат-сұрақ

Еуразия жағалауын қандай мұхиттар шайып жатыр?

  • Тынық мұхиты
  • Атлант мұхиты
  • Солтүстік Мұзды мұхиты
  • Үнді мұхиты

Негізгі ұғым

«Теңіз» ұғымы талқыланып, оқушылар карта арқылы Еуразия жағалауындағы мұхиттарға тиесілі теңіздерді көрсетеді.

Презентация мазмұны

Мұхиттардың Еуразия материгіне тигізетін әсері: климатты қалыптастыруы, жылы және суық ағыстардың ықпалы, табиғи ресурстар, тіршілік дүниесі және ластану мәселелері.

Қорытындылау сұрағы: «Жаңа тақырып түсінікті болды ма?» Одан кейін оқушылар Еуразия жағалауындағы мұхиттар мен теңіздерге «саяхат» форматына көшеді.

III. Бекіту

Оқушылар 4 топқа бөлінеді және әр топ бір мұхит бойынша тапсырмалар орындайды.

1-топ

Атлант мұхиты

2-топ

Үнді мұхиты

3-топ

Солтүстік Мұзды мұхиты

4-топ

Тынық мұхиты

Автор туралы мәлімет

Өңір

Оңтүстік Қазақстан облысы, Мақтаарал ауданы, Ғани Мұратбаев елді мекені

Мектеп

№123 жалпы орта мектебі

Пән мұғалімі

География пәні мұғалімі Абдыхадыров Шоқан Жұмаханұлы

Қатысу бағыты: «Үздік ұстаз» байқауы (география пәні).