Тұрлаулы мүшелерді ата
Сабақтың тақырыбы
Ойлы болсаң, озып көр
Сабақтың мақсаты
- Жыл бойы өткен материалдарды қайталау, оқушылардың білім деңгейін анықтау және сабаққа ата-аналарды қатыстыру.
- Оқушылардың жыл бойы меңгерген білімін жинақтап, қорытындылау.
- Ой-өрісті, танымдық қабілетті, сөздік қорды және тіл байлығын дамыту.
- Бірігіп жұмыс істеуге, достық қарым-қатынас орнатуға, адамгершілікке және жауапкершілікке тәрбиелеу.
Көрнекіліктер
Тест тапсырмалары, қима қағаздар.
Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру
Сабаққа дайындық, қатысушыларды түгендеу, топтарға/қатарларға бөлу.
II. Негізгі бөлім
Қайталау, қорытындылау, логикалық тапсырмалар және пәндік сұрақтар.
IV. Қорытындылау
Нәтижені жинақтау, кері байланыс, сабақтың аяқталуы.
Кіріспе сөз
Құрметті оқушылар, ата-аналар, ұстаздар! Бүгінгі сабағымыз әдеттегіден өзгеше өтеді. Оқушылар 4-сыныпта оқып-білгендерін ортаға салады, ал ата-аналар балаларының білім деңгейін нақты көре алады. Бұл қорытынды сабақ сіздерге арналады.
1) «Тездет, бірақ қателеспе!»
Әр қатарға арналған сұрақтар. Мақсат — жыл бойы оқылған әдебиет пен мәтіндер бойынша білімді жүйелеу, түсінікті тексеру және сөйлеу мәдениетін дамыту.
1-қатар
- Халық ауыз әдебиетінің түрлерін ата.
- «Артық-кем қып асырмай, шын айтқанда жасырмай… Асыңды асшы ұрламай» — бұл үзінді қай аңыздан алынған?
- Басты кейіпкер деген кім?
-
«Абыралы тауларына әкемізбен… шөпшілер үшін жұмақтай көрінетін» — бұл қай мәтін? Авторы кім?
Жауабы: Асқар Алтай, «Дегелеңдегі жарылыс».
-
Бердібек Соқпақбаев кім? Қандай шығармаларын білесіңдер?
Бағыт: балалар жазушысы; «Менің атым Қожа», «Компас», «Ағаштар неге ашуланды?»
- «Ат пен есек» мысалындағы негізгі ой қандай?
- Бір өлеңді мәнерлеп айтып бер.
2-қатар
- Батырлар жыры дегеніміз не?
-
«Ол Бетпақдаланың сусыз шөлімен… Сырдария жағасына қайтып оралады» — бұл қай мәтіннен? Кім туралы?
Жауабы: Қорқыт туралы.
-
«Біреуге жақсылық етсең, ол жақсылығыңды біреуге міндет етпе» — бұл кімнің сөзі?
Жауабы: Ы. Алтынсарин.
-
«Сарытүбектің табанында тігілген он шақты киіз үй…» — үзінді қай мәтіннен? Кім туралы?
Жауабы: «Ақкөл жағасында», А. Байтұрсынұлы туралы.
-
«Мектептен жырақ жол» мәтініндегі басты кейіпкер кім? Ол қандай бала?
Жауабы: Бақытжан — 5-сынып оқушысы.
- «Үш жігіт туралы хикая» ертегісінің негізгі ойы қандай? Авторы кім?
- Бір өлеңді мәнерлеп айтып бер.
3-қатар
- Әсірелеу (гипербола) дегеніміз не?
-
«Күндердің бір күн Сүлеймен патша… сарай салынсын» — бұл қай мәтін?
Жауабы: «Сатқын жапалақ».
- Монолог деген не?
-
«Мен ең әуелі қазағымды жақсы көремін…» — бұл кімнің сөзі?
Жауабы: Ш. Уәлиханов.
-
«Алдында тісі ақсиған… артымнан еріп отыр!» — үзінді қай мәтіннен? Авторы кім?
Жауабы: М. Әуезов, «Жетім».
-
«Адасқан бала» шығармасындағы басты кейіпкер кім? Авторы кім?
Жауабы: Жако; Қ. Жұмаділов.
- «Балмұздақ» мәтініндегі басты кейіпкер кім? Ол неге балмұздақты жемеді? Негізгі ой қандай?
2) «Қазақ тілі — өз тілім» бөлімі
Тілдік білімді жүйелеу: сөйлем, сөйлем мүшелері, сөз таптары және сөзжасам тақырыптары бойынша талдау жасалады.
I қатар
- Сөйлем мүшелері дегеніміз не?
- Сөйлем мүшелері нешеге бөлінеді?
- Тұрлаулы мүшелерді ата.
- Тұрлаусыз мүшелерді ата.
- «Кітапханашы», «мектеп», «білімді» сөздерін қатыстырып сөйлем құра. Сөйлем мүшелеріне талда.
II қатар
- Сөз таптары дегеніміз не?
- Сөз таптарын ата.
- Зат есім дегеніміз не? Оның түрлерін ата.
- Етістік дегеніміз не? Оның түрлерін ата.
- Сан есім дегеніміз не? Оның түрлерін ата.
- Сын есім дегеніміз не? Тағы қандай сөз таптарымен таныстық?
- «Биыл», «туралы», «әттеген-ай» сөздерін қатыстырып сөйлем құра. Сөз таптарына талда.
III қатар
- Сөйлем дегеніміз не?
- Сөйлем түрлерін ата.
- Сөйлемнің бірыңғай мүшелері дегеніміз не?
- Қыстырма сөз дегеніміз не? Мысал келтір.
- Біріккен сөз дегеніміз не?
- Қос сөздер қалай жасалады?
- Қысқарған сөздер дегеніміз не? Мысал келтір.
- Құрмалас сөйлем құрастыр.
3) «Ойлан, тап!»
Математикалық логика, өлшем бірліктерін түрлендіру, формулаларды қолдану және есеп шығаруға арналған тапсырмалар.
I қатар
- Қандай сандар 3-ке және 9-ға бөлінеді?
- Арасы 880 км екі қаладан бір уақытта бір-біріне қарама-қарсы бағытта екі пойыз шықты. Біріншісінің жылдамдығы — 50 км/сағ, екіншісінікі — 60 км/сағ. Пойыздар неше сағаттан соң кездеседі?
-
Өлшемдерді түрлендір:
12 000 000 м² = … км²1 сағ 45 мин = … мин4 200 кг = … т … кг
-
Формулаларды жаз:
Тік төртбұрыштың ауданы: Sт = ?Тік төртбұрыштың периметрі: Pт = ?Арақашықтық: S = ?
- Қожанасыр байдан қарызға 2 теңге сұрады. Бай «екі есе өсімімен қайтарасың» деп 200 тиын берді. Бір айдан соң Қожанасыр 2 теңгені екі еселеп апарып берсе, бай «қарызың толық емес» дейді. Қателескен кім?
-
Бөлшекке байланысты есептер:
1 000 теңгенің 2/25 бөлігі6 т-ның 1/200 бөлігі1/3 сағ = қанша минут?
II қатар
- Қандай сандар 2-ге бөлінеді?
-
Әсет аңға шықты. Оның тазысы өзінен 120 м жердегі түлкіні қуады.
Тазының жылдамдығы — 350 м/мин, түлкінікі — 320 м/мин. Тазы қанша уақыттан соң қуып жетеді?
Нұсқа: 120 : (350 − 320) = 4 мин.
-
Өлшемдерді түрлендір:
5 т 8 ц = … ц98 мин = … сағ … мин2 м² = … см²
-
Формулаларды жаз:
Шаршының ауданы: Sш = ?Шаршының периметрі: Pш = ?Жылдамдық: v = ?
-
Анасы 39 жаста, қызы 5 жаста. Неше жылдан соң анасының жасы қызының жасынан үш есе үлкен болады?
Жауабы: 12 жыл.
-
Бөлшекке байланысты есептер:
1 тәуліктің 3/4 бөлігі неше сағат?1 кг-ның 1/2 бөлігі4 ц-дің 3/8 бөлігі
III қатар
- Қандай сандар 5-ке бөлінеді?
- Екі велосипедші қаладан бір уақытта бір-біріне қарама-қарсы бағытта шықты. Біріншісі — 14 км/сағ, екіншісі — 17 км/сағ. 4 сағаттан кейін арақашықтық қанша болады?
-
Өлшемдерді түрлендір:
40 км 100 м = … м3 сағ 24 мин = … мин21 кг = … г
-
Формулаларды жаз:
Тікбұрышты параллелепипед көлемі: Vп = ?Текше көлемі: Vт = ?Уақыт: t = ?
-
Әкем 31 жаста болғанда, мен 8 жаста едім. Қазір әкем меннен екі есе үлкен. Қазір мен неше жастамын?
Жауабы: 15 жас.
-
Бөлшекке байланысты есептер:
2 тәуліктің 4/6 бөлігі3 кг-ның 2/500 бөлігі126-ның 1/7 бөлігі
4) «Дүниені танып біл»
Жаратылыстану, география, тарих және азаматтық білім бойынша сұрақтар. Мақсат — дүниетанымды кеңейту және негізгі ұғымдарды байланыстыра білу.
I қатар
- Адам қайдан және қалай пайда болған?
- Үгілу деген не?
- Қара металл кендерін ата.
- Ауаның құрамын ата.
- Дала өсімдіктері мен жануарларын ата.
- Глобус туралы не айта аласың? Глобустың градус торын не құрайды?
- Кітап қалай жасалады (қайдан шығады)?
- Қазақстан қашан «Қазақстан Республикасы» деп аталды?
II қатар
- Алғашқы адамдардың еңбек құралдарын ата.
- Жазықтар дегеніміз не?
- Жанғыш пайдалы қазбаларды ата.
- Табиғаттағы су айналымын түсіндір.
- Шалғын өсімдіктері мен жануарларын ата.
- Ғарыш дегеніміз не? Планеталарды ата. Күн жүйесінде неше планета бар?
- Біліміңді қалай пайдаға асырасың?
- Қазақстан БҰҰ-ға қашан мүше болды?
III қатар
- Мәдени-тарихи мұраларды ата.
- Қазақстанның жер көлемі қанша? Көлемі жағынан нешінші орында?
- Кенге жатпайтын пайдалы қазбаларды ата.
- Жер асты сулары қалай пайда болады?
- Су қоймасы өсімдіктері мен жануарларын ата.
- Жер шарында неше мұхит және неше материк бар?
- «Атаңа не қылсаң, алдыңа сол келер» дегенді қалай түсінесің?
- Қазақстан Республикасының Конституциясы қашан қабылданды?
Қорытынды
Ал, балалар, бүгінгі қорытынды сабағымыз осымен аяқталды. Белсенді қатысып, білімдеріңді көрсеткендерің үшін рақмет!