Мұқағали МақатаевКиген киім, асқа ырза күндегі ішкен, Жалықтым - ау, осы бір күн көрістен

Мұқағали Мақатаев

Киген киім, асқа ырза күндегі ішкен,
Жалықтым - ау, осы бір күн көрістен.
Үмітім де үзіліп бара жатыр,
Мына құрғыр мандышай жүрген істен.
He боп барам осы мен күннен - күнге?!
Тіршіліктің мәнісі күн көру ме?!
Ұйықтап кетсем маужырап, қайтер едім,
Мандыта алмай ештеңе жүргенімде?!
Өмір өтіп барады ертеңменен, Қайтем оны?!
Жанбаған, өртенбеген.
Өзімнен - өзім бүгін жеркенемін,
Өмірде еш нәрседен жеркенбеп ем.
Қараймын жеткеніме, өткеніме,
Өмірім осылайша кеткені ме?!
Алдыма ақ қағазды жайып қойып,
Пышырап құры отырмын текке, міне.
Жырым да, сырым менің кімге керек?
Болмады күткенімнен бір де дерек.
Жан таппай, жарық іздеп түнге қарай,
Мен - дағы отқа түскен бір көбелек...

Мұқағали Мақатевтың өлеңдері 1
Мұқағали Мақатевтың өлеңдері 2



Ұқсас жұмыстар

АБАЙ ЖОЛЫ
Концептілік жүйе - концептілік құрылымдардың реттелген формасы
ЛИНГВОМӘДЕНИЕТТАНУ САЛАСЫ
Қазақ әдебиеттану ғылымы және абайтану мәселелері
«М.Мақатаевтың» портреті
Мұқағали Мақатаев поэзиясынның көркемдік жүйесі
Поэзия шеңберінің тәңір табынарлықтай құдіреті өлеңді
Мұқағали Мақатаев лирикасының өміршеңдігі
Роман жанырындағы некелесу әдет-ғұрпы
Мұқағали мұрасы - сөз маржаны
Бу қазандықтары мен шаң дайындау жүйелері есебі
Тасымалдау шаруашылығын ұйымдастыру
Аурудың тұрақтылығы және даму себебі
ҚАРАШАҰЛЫ БӘЙДІБЕК
Коммерциялық ақпарат пен коммерциялық кұпия мәні және оны қорғау
Аудиттің мәні және оның нарықтық экономика жағдайындағы ролі
Аудиторлық қауіп