Ағаш бұтақтарына сипаттама беру
Сабақтың тақырыбы
Күзгі бұтақ
Білімділік мақсаты
Затқа қарап сурет салу және бояу арқылы заттың көлемін көрсете білу дағдыларын жетілдіру, табиғатқа деген сүйіспеншілікті арттыру.
Дамытушылық мақсаты
Пішіндерді бейнелеуде пропорциялық қатынастарды байқау және оны қағаз бетіне дұрыс түсіру дағдыларын дамыту.
Тәрбиелік мақсаты
Акварель бояуын қолданудың түрлі тәсілдерін дұрыс әрі ұқыпты пайдалануға үйрету.
Көрнекіліктер
- Суретшілердің шығармалары
- Ағаш бұтақтары
Сабақтың сипаты
- Түрі: жаңа сабақ
- Әдісі: түсіндіру, көмектесу, практикалық жұмыс, сурет салу кезеңдерін көрсету
Қажетті құралдар
Сабақтың барысы
1) Ұйымдастыру кезеңі
- Оқушылармен амандасу.
- Құралдарын тексеру, оқушыларды түгендеу.
- Назарларын сабаққа аудару.
2) Үй тапсырмасын тексеру
Мұғалім күз тақырыбындағы суретті тақтаға іліп, сұрақтар қояды. Оқушылар суретке сүйене отырып жауап береді. Үйге берілген жұмыстар бағаланады.
Сұрақтар:
- —Күзде жапырақтар қандай түске енеді?
- —Қандай құстар жылы жаққа ұшып кетеді?
- —Қандай құстар суыққа төзімді?
3) Ой ашу
Мұғалім оқушылардың назарын жаңа тақырыпқа бағыттау үшін жұмбақ-өлең оқиды.
Жиын-терін болатын, Қамбаға астық толатын. Қызыл қырман ойнайтын, Қай мезгіл деп ойлайсың?
Жауабы: Күз
Сонымен қатар Абай Құнанбайұлының «Күз» өлеңі оқылады.
4) Жаңа сабақ
Өткен сабақта «алтын күз» тақырыбы қарастырылды. Бүгінгі тақырып — күзгі бұтақ. Оқушылар күз мезгіліне тән ағаш бұтақтары мен жапырақтарын бақылап, дәптерлеріне бейнелейді.
Бақылау нысаны
Ағаш бұтақтарының пішіні, тармақталуы, жапырақтарының орналасуы, түр-түсі және көлемдік ерекшеліктері.
Өлкеміздегі ағаштар
Ағаш түрлері көп, соның ішінде жеміс ағаштары да кездеседі: алма, шие, қара өрік, қарақат және т.б. Бұл ағаштар көктемде гүлдеп, күзде жеміс береді.
Оқушылар өздері алып келген бұтақтарға қарап, олардың ерекшеліктері туралы қысқаша пікір білдіреді.
5) Практикалық жұмыс
Оқулықтағы үлгіге сүйене отырып, ағаш бұтақтарының суреті салынады.
Кезең-кезеңімен орындау
- Алдымен жапырақ пен бұтақты дәптер бетіне қалай орналастыратынын ойластыру, перспектива заңдылығын сақтау.
- Қағаз бетіне сызық арқылы бұтақтағы жапырақтардың жалпы пішінін белгілеу.
-
Акварельмен бояу әдістерін қолдану:
- Алғашқы қабатта жеңіл реңк беру (жапырақ пен бұтақтың негізгі түсін шығару).
- Бояу кепкен соң екінші қабат жағып, түсті қанықтыру.
- Қажетті жерін қоюлатып, көлемді айқындау.
- Жапырақ түсі толық сәйкес келгенше бояуды біртіндеп түзету.
6) Сергіту сәті
Оқушылар суреттерін бояуға кіріспес бұрын өлең жолдарын хормен айтады.
Су, су болған бояуым, Қағаз бетін торлайды. Шіркін сурет сабағы, Мың құбылтып бояйды.
7) Сабақты қорытындылау
Жаңа тақырыпты бекіту үшін сөзжұмбақ шешіледі. Оқушылардың жұмыстары қысқаша талданып, негізгі қателер мен сәтті тұстар атап өтіледі.
8) Үй тапсырмасы
Аяқталмаған жұмыстарды үйде аяқтап келу.