Жеңіс командасынан жалынды сәлем

Эстафеталық жарыс: «Шынықсаң шымыр боласың»

Құрметті балдырғандар, спортшылар! Сіздерді «Шынықсаң шымыр боласың» атты эстафеталық жарысқа қатысуға шақырамыз! Баршаңызға зор денсаулық, көтеріңкі көңіл күй және жарыста сәттілік тілейміз.

№1 топ

«Тұлпар» командасы

Сәлемдесу:

«Тұлпар» командасынан жалынды сәлем!

№2 топ

«Жеңіс» командасы

Сәлемдесу:

«Жеңіс» командасынан жалынды сәлем!

№3 топ

«Қыран» командасы

Сәлемдесу:

«Қыран» командасынан жалынды сәлем!

Жүргізушінің құттықтауы

Міне, балалар шықты алаңға — жас спортшылар, әрқайсысы өз командасында.

Ал, балалар, өздеріңді танытыңдар: ептілік, мықтылық, батылдық көрсетіңдер бірден!

Тақпақ

Дене шынықтыру керек бәрімізге!

Дариға

Жаттығу ырғағы қосылады әніме.

Дене шынықтыру жалқаулыққа жол бермей,

Ауру-сырқауды жолатпайды тәнімізге!

Ал, қанеки, бір-бірімізді қолдайық, бүгінгі жарысымызды бастайық. Жеңіске жетеміз деп, жалынды ұран тастайық!

Жүргізуші: «Алақай!» деген ұранды ортаға тастаймыз. Жарысымызды денені қыздырудан бастаймыз.

Эстафета кезеңдері

Жарысымыз 5 кезеңнен тұрады. Әр кезеңде жылдамдық, ептілік және ұйымшылдық сыналады.

1-кезең: «Кім жылдам?»

Жылдамдық

Шарты: доппен секіріп, мүмкіндігінше жылдам жету.

2-кезең: «Жалауды тез жеткізу»

Ептілік

Шарты: кеглиді айналып өтіп, жалаушаны екінші балаға жеткізу.

3-кезең: «Жүйрік ат»

Тепе-теңдік

Шарты: шарды екі аяқтың арасына қысып ұстап, секіріп өту.

4-кезең: «Шебер»

Ұқыптылық

Шарты: бірінші бала допты шеңберге қояды, екінші бала допты алып келеді.

5-кезең: «Жаңа орын»

Командалық жұмыс

Шарты: бірінші бала айналып жүгіріп келеді, екінші баланың қолынан ұстап, оны орындыққа отырғызады.

Қорытынды

Жүргізуші:

Бүгін, міне, оң болып әр ісіміз,

Жоғары боп күш-жігер, намысымыз.

Осылайша қуанышпен думандатып,

Аяқталды, халайық, жарысымыз!