Ежелгі Қазақстан тарихына шолу5 сыныпСабақтың тақырыбы
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі
Ежелгі Қазақстан тарихына шолу (5-сынып)
Сабақ тақырыбы
Ғұн тайпаларының бірігуі (1-сабақ)
Зерттеу сұрағы
Неге Мөде шаньюй: «Жер — мемлекеттің негізі» деді?
Оқу мақсаты
5.3.1.2 — Ежелгі мемлекеттік бірлестіктердің құрылуын түсіндіру.
Ойлау деңгейі
- Білу
- Түсіну
Сабақ мақсаты
Барлығы
- Ғұндардың мемлекеттік дәрежеге қалай жеткенін анықтайды.
- Ғұндар үшін жердің неге маңызды болғанын дәлелдейді.
Басым бөлігі
- Ғұн тайпаларының бірігуі туралы деректерді талдайды.
- Бірігу үдерісінің негізгі белгілерін айқындайды.
Кейбірі
- Ғұн тайпаларының бірігу жолын өз пайымымен тұжырымдайды.
Бағалау критерийлері
- Ғұн тайпалық бірлестігінің орналасқан аймағын анықтайды.
- Ғұн тайпалық бірлестігінің құрылу алғышарттарын анықтайды.
Тілдік мақсаттар
Негізгі ұғымдар
шаньюй, халық жиналысы
Талқылауға арналған сұрақтар
- Ғұн мемлекеті қалай басқарылды?
- Шаньюй шексіз билікке ие бола ала ма?
- «Жер — мемлекетіміздің негізі мен ырысы, оны қалай береміз?» деген пікірді қалай түсінесіңдер?
Сабақ барысы
Басталуы
Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру (Ж)
- «Тілек айт» әдісі (Ұ).
-
Топтастыру:
- 1-топ: Мөде
- 2-топ: Аттила
- 3-топ: Жер
Үй тапсырмасын тексеру
«Блиц-криг» әдісі.
Бағалау: «Табыс сатысы».
Ортасы
Тапсырма 1 — «Мені тап» әдісі (Ж)
ҚБ: бағалау критерийіШарты: кестеде берілген ұғымдар мен анықтамаларды сәйкестендіреді.
Тапсырма 2 — «Аңызды талда» әдісі (Жт)
ҚБ: «Мен саған, сен маған»Шарты: оқушыларға мәтін беріледі. Жұппен талқылау арқылы сұрақтарға жауап береді.
Тапсырма 3 — «Графикалық органайзер» әдісі (Т)
ҚБ: «Мадақтау сэндвичі»Шарты: әр топқа карта таратылады. Ғұндардың бастапқы аумағын Мөде әскері жаулап алған аумақпен салыстырады.
Қорытынды бөлім
Негізгі ой: ғұн тайпаларының бірігуі мемлекет қалыптастырудың алғышарттарын күшейтті, ал жер мәселесі саяси тәуелсіздік пен тұтастықтың өзегі ретінде қарастырылды.