Теориялық білімдерін тексеру
Сабақтың тақырыбы
Қарапайым тригонометриялық теңдеулер және оларды шешу.
Сабақтың мақсаты
Білімділік
Тригонометриялық теңдеулерді шығаруда теориялық білімді практикамен ұштастыру; сапалы біліммен қаруландыру; білімді тереңдету, жинақтау, жүйелеу және шыңдау.
Дамытушылық
Студенттердің ой-өрісін жан-жақты дамыту; іскерлік пен дағдыларды қалыптастыру; тұлғалық дамуға жағдай жасау; математикалық сауаттылықты арттыру.
Тәрбиелік
Жауапкершілікке және өз бетімен жұмыс істеуге тәрбиелеу; пәнге деген қызығушылықты арттыру.
Сабақ туралы қысқаша ақпарат
Сабақтың түрі
Аралас сабақ.
Әдіс-тәсілдер
- Сұрақ-жауап
- Танымдық ойын
- Топтық және жеке жұмыс
- Деңгейлік есептер шығару
- Тапсырмаларды орындау
Көрнекіліктер
- Интерактивті тақта
- Компьютерлер
- Формулалар
- Тапсырмалар
- Әр топқа арналған бағалау бланкілері
Пәнаралық байланыс
Информатика.
Сабақтың құрылымы
I. Ұйымдастыру кезеңі (2 минут)
- Психологиялық дайындық
- Дәрісхана дайындығы
II. Сабақ барысы
Кіріспе сөз: бүгінгі сабақтағы сұрақтар өткен тақырыптарды қамти отырып, студенттердің білімін және біліктерін тексеруге бағытталады.
1) «Кім шапшаң?» (Ой қозғау) — 5 минут
Мақсаты
Тақырыпқа қатысты сұрақтарға жылдам әрі нақты жауап беру. Әр дұрыс жауап үшін ұпай беріледі: 1 сұрақ = 1 ұпай.
Шарты
Интерактивті тақтада берілген тапсырмалар бойынша ауызша жұмыс жасалады. Теориялық білім деңгейі тексеріледі.
Негізгі акцент
Тригонометриялық функциялар мен кері тригонометриялық функциялардың анықтамалары және негізгі қасиеттері.
Теориялық сұрақтар
- y = cos x функциясының қасиеттерін атаңыз.
- Синусоида дегеніміз не?
- Арксинусқа анықтама беріңіз.
- Арккосинусқа анықтама беріңіз.
- Арктангенске анықтама беріңіз.
- Арккотангенске анықтама беріңіз.
2) «Сиқырлы формулалар» — 8 минут
Мақсаты
Есеп шығаруға қажетті негізгі формулаларды қайталау және пысықтау.
Шарты
Формулалардың дұрыс жауаптарын сызық арқылы сәйкестендіру (matching тапсырмасы).